M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің профессоры С.Ф. Ударцевтің «Болашақ мемлекеті: жаңа технологиялар мен мемлекеттік басқару» атты халықаралық конференциядағы баяндамасы

2018 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінде «Болашақ мемлекеті: жаңа технологиялар мен мемлекеттік басқару» атты халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы өткен. Конференцияға қатысушылар қазіргі заманғы мемлекеттің негізгі даму беталыстарын анықтау және ХХI ғасырда әлем бойынша орын алып жатқан цифрландыру мен автоматтандыру, техникалық және технологиялық модернизациялау процестерін талдау мәселелерін талқыға салды.
Бұл конференцияға «Ғарыш мемлекеті болашақ елі ретінде: қалыптасуының ықтимал жолдары» атты баяндамамен M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің атынан заң ғылымдарының докторы, профессор С.Ф. Ударцев қатысты. Профессор С.Ф. Ударцев мемлекет дамуының теориясы мен стратегиясы бойынша өзінің баяндамасында экономиканы, телекоммуникацияларды дамыту, мәдениет, қорғаныс және қазіргі заманғы мемлекеттің қауіпсіздігі үшін ғарыш қызметінің маңыздылығын ашып, әлемдегі көптеген елдердің сол не басқа нысанда ғарыш қызметіне қатысуына байланысты ұлттық құқықтық жүйелердің айтарлықтай өзгере бастағанын көрсетті. Баяндамашы ғарыш қызметі бәсеңдеуінің біртіндеп аяқталуын және оны белсенді дамыту бойынша жаңа кезеңнің жақындағанын, оның ішінде ғарыш туризмін, ғарышта пайдалы қазбаларды өндіруге дайындықты, ғарыш әскерлерін құруды және т.б. атап өтті. Қызметі Жер планетасының аясынан шығатын ғарыш мемлекетін құрудың ықтимал жолдары қаралды (мемлекеттіліктің эволюциясы нәтижесінде және 2016 жылы құрылған және өзін Ғарыш корольдігі ретінде көрсететін, алайда мойындалмаған Asgardia үлгісінде жасанды құрылу жағдайында). Қызмет салаларының кеңеюімен байланысты, мемлекеттердің эволюциясын рәсімдеудің ықтимал заң жолдары да қаралды.
Сондай-ақ конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ф.Н. Жакыпова, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А. Шаимова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры А.Е. Наурызбаев, Там Джозеф (АҚШ) – PhD доктор, Сиракузы Университеті (АҚШ) Максвелл мектебінің халықаралық бағдарламалар басшысы Нельсон Даниель, Каунасс технологиялар университетінің (Литва) PhD докторы, профессоры Ландаускас Мантас, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары, ҰМСМ докторанты А.К. Амирова, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі А.Б. Шайназарова, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

департаментінің басшысы А.Б. Байханова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ҰМСМ оқытушылары және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының өкілдері.

Поделиться с друзьями: