Отандық университет еуропалық университетпен ынтымақтастық құруда

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti және Германияның Галле-Виттенберг Университеті Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді студенттеріміздің халықаралық академиялық тәжірибеге ие болуға ғана емес, ал сонымен бірге магистратура мен докторантура бағдарламасы бойынша оқу нәтижесінде қос дипломның иесі атануға тамаша мүмкіндік бар.

Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университеті ең көне университеттерінің бірі болып табылады және оның көп ғасырлы тарихы сонау 1502 жылдан басталады. Бұл Университетте Мартин Лютер, Джордано Бруно, Христиан Томазиус секілді әлемге әйгілі тұлғалар білім алды. 2018 жылы MLU заң факультеті CHE (Centrum für Hochschulentwicklung) рейтингі бойынша Германияның ең үздік оқу орындарының үштігіне кірді.

Кездесу барысында KAZGUU Unıversıteti-нің ректоры Талғат Нәрікбаев MLU ректоры Титье Кристианды және басқа да неміс әріптестерін Қазақстандағы академиялық еркіндіктің негізгі даму бағыттарымен таныстырды.

KAZGUU Unıversıteti-нің Құқық жоғары мектебінің директоры Сергей Пен: «Биыл «Заңтану» мамандығы бойынша магистратура мен докторантураның қос диплом бағдарламалары ашылмақ. MLU-мен бірге Салыстырмалы құқықтану орталығын құру бойынша жоба және академиялық ынтымақтастық аясында бірқатар басқа да жобалар басталып кетті. Университеттер заң білімінің сапасын арттырудың ең үздік тәжірибелерін енгізу бөлігінде әріптестікті әрі қарай жалғастыруға ниет білдірді».

Білім беру бағдарламаларының мазмұнын үйлестіруде зор мүмкіндіктерді ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қос дипломды білім» бағдарламасы табыс етуде. Әлемдік тәжірибеде оқудың қос диплом бағдарламасы түлектердің халықаралық пайымын қалыптастыру және олардың еңбек нарығында табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Поделиться с друзьями: