Грекияның Әлеуметтік және саяси ғылымдар пантеоны университеті ректоры Исмини Криаридің сапары

“Қазақстан-2050″ стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағдары” бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Әлеуметтік және саяси ғылымдар пантеоны университетінің (Афины, Грекия) ректоры, профессоры Исмини Криари M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-не сапарлап келді.

Шара барысында M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің ректоры Талғат Нәрікбаев жоғары білім саласындағы екі жақты әріптестікті болашақта дамыту және студенттер үшін ұтқырлығының өсуін болжайтын ортақ дүниежүзілік білім беру кеңістігін құру мүмкіндіктерімен таныстырды және екі елдегі университет оқытушыларының ынтымақтастығы жайында баяндады.

Поделиться с друзьями: