KAZGUU-да «Adal Bolashak» жобасының ресми презентациясы өтті

“Жастар жылы” бағдарламасы аясында M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде негізгі факторлардың бірі ретінде сапалы білім беруді көздейтін «Adal Bolashak» жобасының ресми тұсаукесері өтті.

Cтуденттер үшін мүмкіндіктерді молайтып, «Adal Bolashak» жобасы аясында университет басшылары мен бөлімшелерінің өкілдері бір алаңда бас қосты.

Салтанатты ашылу рәсіміне «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек және ҚР БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылова, университет ректоры Талғат Нәрікбаев, сондай-ақ ҚР білім саласының өкілдері және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Алғы сөзінде Бауыржан Байбек еңбексүйгіштік және сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзімсіздік жайында өзінің өмірлік ұстанымымен бөлісті. Сондай-ақ оларға оқуда табысты болуларын және өз мақсаттарына жетулерін тіледі.

Іс-шара барысында студенттер үшін қызмет көрсету сапасын, жылдамдығы мен айқындылығын арттырып, онлайн-тәртіпте бизнес-процестерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін «SmartKAZGUU» ұялы қосымшасы таныстырылды.

Поделиться с друзьями: