Ашық есіктер күні – 2019

7 желтоқсан күні M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін жыл сайынғы “Ашық есіктер күнін” өткізді.

Ашылу салтанаты Университеттің Қысқы бағында өткен бұл шара қонақтар үшін КАЗГЮУ-дің амбассадор-студенттері жетекшілік еткен топтық экскурсиялармен жалғасты. Талапкерлер жуырдағы төрт жылда білім ордаларына және екінші үйіне айналуы мүмкін KAZGUU Университетінің оқу аудиторияларын, кітапхананы, коворкинг аймағын, студенттерге дайындалу үшін арнайы жасалған Open room, асхана, фитнес және спортзалдарын, Сот отырыстары залын, криминалистикалық полигонды, сондай-ақ конференц-холды өз көздерімен тамашалады.

Экскурсиядан кейін болашақ студенттер мен олардың ата-аналары үшін KAZGUU-дің үш мектебінің презентациялары және ақпараттық сессиялары өткізілді.

Ең соңында қонақтар үшін кофе-брейк, ойындар және квест ұйымдастырылып, арнайы әзірленген дизайнмен күртелер ойнатылды. Квест жеңімпазы болған командаға KAZGUU логотипі бар тостағандар және флеш-карталар табысталды.

Поделиться с друзьями: