KAZGUU-да “Моғолдар империясы және оның Қазақстанмен байланыстары” атты тақырыпқа дәріс өтті

2019 жылғы 13 қыркүйекте Жалпы білім беру пәндерінің департаменті АХҚО аумағындағы Parakozm Ltd компаниясының директоры, оқытушы, кәсіпкер, веб-әзірлеуші, кітап және мақала авторы Суфьян бин Узайрдың “Моғолдар империясы және оның Қазақстанмен байланысты” деген тақырыпқа арнайы дәрісін ұйымдастырды.

Дәріс барысында Суфьян бин Узайр Үнді аумағының Қазақ хандығымен тарихи байланыстарын өзек етті. Ұлы Моғолдар империясының құрылуы, Бабырдың және оның ұрпақтарының бұл империяны дамытуға қосқан үлесі үнді мәдениетіне, дініне, сәулеті мен қоғамына айтарлықтай ықпал еткен. Тимуридтер ұрпағы бола тұрып, Бабыр Үндістанды билеген кезде Орталық Азия өңірінің ерекшеліктерін сақтап қалып, Бабырнама дастанында ой бөлісті.

Шақырылған қонақ Моғол империясының құлдырауына дейінгі негізгі саяси, әлеуметтік-мәдени аспектілер жайында баяндады. Дәріс Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы бойынша сабақтас тақырыптарды оқып жатқан студенттер үшін баға жетпес тәжірибе болды.

Поделиться с друзьями: