KAZGUU АРНАУ – 2019

13 қарашада Бейбіт және келісім сарайында білім ордамыздың ең маңызды оқиғаларының бірі – KAZGUU студенттеріне арнау өткен. Бұл игі дәстүр 23 жылдан бері өз жалғасын табуда, алғашқы рет ол 1996 жылы ұйымдастырылды.

Әдеттегідей, Арнау аясында Құқық жоғары мектебі мен Экономика жоғары мектебінің студенттері жарысқа түсіп, биылғы жеңімпазды анықтасты. Байқаудан тыс бұрын Жалпы білім беру пәндерінің мектебі атанған Жоғары гуманитарлық мектептің де дебюті орын алды. Келесі жылы Жоғары гуманитарлық мектеп Экономика және Құқық мектептерімен тең дәрежеде бәсекеге түспек.

Осы шараға дайындық жұмыстары барлық курстардағы студенттерді біріктіреді, себебі тәжірибесі бар үлкен курстардың студенттері де шетте қалмай, бүкіл ынтасымен бірінші курстың студенттеріне көмектеседі.

KAZGUU студенттері сценарийлерді әзірлеп, би номірлерін дайындайды, сондай-ақ өздерін еліміздің әлеуметтік белсенді азаматтары ретінде танытып маңызды жобаларға қатысуда. Биылғы Арнаудың тақырыбы – “Барлығы да маңызды”. Экология, адамдар, жануарлар – арналғандардың көтерген проблемаларының бір бөлігі ғана.

Осы жылғы байқаудың жеңімпаздары болып Экономика жоғары мектебінің студенттері атанды.

Поделиться с друзьями: