Гаага халықаралық жеке құқық конференциясымен ынтымақтастық туралы келісім

14 қараша күні М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Т. Нәрікбаев Нидерланды Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде Елші Мағжан Ильясовтың қатысуымен Гаага халықаралық жеке құқық конференциясының Бас Хатшысы Кристоф Бернасконимен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл ұйымға мүше болып әлемнің 82 елі кіреді. Қазақстан бұл ұйымның мүшесі болып 2017 жылы қабылданды. Келісімге қол қойғаннан кейін Т. М. Нәрікбаев бұл ұйымның гаагалық кеңсесіне барып, келешек ынтымақтастық туралы келіссөздерді жүргізді.

Т. М. Нәрікбаев КАЗГЮУ-да Конференцияның өкілдігін ашып, Орталық Азияда оның орталығы болуды, оның конвенцияларын Қазақстанда енгізуді, халықаралық жеке құқық саласында бірлескен зерттеулерді өткізуді, сондай-ақ тағылымдамадан өту үшін бұл ұйымға КАЗГЮУ профессорларын жіберуді жоспарлайды.

Осы беделді ұйымның мүшесі болу және онымен орнатылған ынтымақтастық Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруы мүмкін. Ұйымға кіру Doing Business халықаралық рейтингте Қазақстанның орнын екі көрсеткішке жақсартты.

КАЗГЮУ Университетінің Басқарма Төрағасы Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Елшісі М. Ильясовқа, Елшілік қызметкері Ербол Нұрмаханға және осы жылдың КАЗГЮУ түлегі Жәнібек Аманбайға өз алғысын білдіреді.

Поделиться с друзьями: