Абай өміріне арналған театрлық қойылым

2019 жылдың 28 қарашасында Жоғары гуманитарлық мектеп халқымыздың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының өміріне арналған тағы бір сахналық қойылымды тамашалауға шақырды.

Бірінші курстың студенттері ұлы Абай мен оның шәкірттерінің өмірінен алынған көріністер арқылы жиналған қауымды XIX ғасырдың атмосферасына енгізді. Жас режиссер Аян Әлімбаевпен бірге олар өз ұлдарынан айырылған әке Абайдың; бүкіл өмірін ағартушылыққа арнаған және бар үмітін өскелең ұрпаққа артқан Абайдың бейнесін керемет сомдап шықты. Дегенмен қойылымның өзегі өз замандастарынан кейде қолдау таппаған Абайдың жалғыздығы болды. Өз деңгейіндегі алып тұлғалар сияқты ұлы ақынның ой-түйіні қазірдің өзінде өзектілігін жоғалтпаған.

Бұл қойылымдағы Абайдың бейнесі қызу пікірталас тудырып, студенттер актерлік шеберлігімен ұмытылмас әсер қалдырды. M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-ндегі сахналық қойылымдар дәстүрі Қазақстанның тарихын оқу бағытымен байланысты. Студенттер “Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы” атты пән аясында теорияны меңгеріп қана қоймай, өз білімдерін практикада бекітуде.

Осылайша, олар төл тарихымыздың ең басты деген оқиғаларын терең түсінуде. Мұражайға бару, елдің мәдени орталықтарына сапарлар және Жоғары гуманитарлық мектеп ұйымдастыратын қонақ дәрістері секілді сахналық қойылымдар да оқудың интерактивті түрлерінің бірі болып табылады.

Поделиться с друзьями: