Ауған әйелдерінің өз құқықтары үшін күресі туралы фильмнің көрсетілімі

Ауған әйелдерінің өз құқықтары үшін күресі туралы фильмнің көрсетілімі 2019 жылдың 9 желтоқсан күні M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-де Нидерландының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің және Ауғанстанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ауған режиссері, жыл сайынғы Movies that Matter әлеуметтік кино фестивалінің қатысушысы Седик Соджадидің өз құқықтары үшін ауған әйелдерінің күресі туралы «Facing the Dragon» атты деректі фильмінің көрсетілімі өткен.

Бұл көрсетілім жыл сайын 10 желтоқсанда атап өтілетін, халықаралық адам құқықтары күніне орайластырылған.

Іс-шараға университеттің студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген елшіліктердің өкілдері қатысты. Фильмнің соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға сұрақтар қойып, фильм туралы өз әсерімен бөлісті.

Поделиться с друзьями: