M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Қазақстан 2019 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингінің үздік үштігіне кірді

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының зерттеу қорытындысы бойынша 2019 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингінің үздік үштігіне кірді.

“Атамекен” ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев ең үздік отандық білім ордаларының рейтингін жариялады, оның нәтижесінде біздің университет рейтингтің екінші орнына орналасты.

atameken.kz порталына сәйкес: “Рейтинг 17 өлшемшарт бойынша өткізілді, оның ішінде: жұмысқа орналасқан түлектердің проценті және олардың орташа жалақысы (мәліметтерді “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” АҚ ұсынды), оқу бітірген соң түлектердің жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ бағдарламалардың өзектілігін бағалау”, – деп белгіледі Олжас Ордабаев.

2019 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингінің ТОП-10 жоғары оқу орны:

1. КИМЭП Университеті;
2. КАЗГЮУ Университеті;
3. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
4. Сүлейман Демирел атындағы Университет;
5. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты;
6. Қазақстан-Британдық техникалық университеті;
7. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
8. Халықаралық білім корпорациясы;
9. Алматы энергетика және байланыс университеті;
10. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Поделиться с друзьями: