M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti “Тәуелсіздік тарихымен таныс болайық” атты студенттік экскурсиялар

Осындай ұранмен КАЗГЮУ Жоғары гуманитарлық мектебінің 1-курс студенттері 9-13 желтоқсан аралығында Университеттің студенттеріне экскурсияларды өткізді. Бұл шараға Қазақстан тарихын оқып жатқан 400-ге жуық студент қатысты.

22 қараша күні M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне орай көрме ашылды. Бұл көрмені Тұңғыш Президенттің Кітапханасы ұйымдастырды. Студенттер көрменің материалдарымен танысып, оның экспонаттарын Қазақстан тарихы бойынша оқу процесімен ұштастыра білді. Осылайша, бірінші курстың студенттері көрменің тарихы материалдарына сүйене отырып, Тәуелсіздіктің тарихымен танысты: 16.12.1991 жылғы Тәуелсіздік Декларациясы (“Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы), 30.08.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, мемлекеттік рәміздер туралы бейнематериалдар, Семейдегі полигонды жабу туралы, ЕҚЫҰ, ЭКСПО-2017 туралы және т.б.

Мұражай және студенттер Университет басшылығына Егемендік кезеңінің мұражайлық құндылықтарымен танысу мүмкіндігі үшін және Жалпы білім беру пәндерінің департаментіне студенттік экскурсияларды ұйымдастыруға көмектескені үшін алғысын білдіреді.

Келе жатқан Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Поделиться с друзьями: