KAZGUU студенті жалпыұлттық байқаудың жеңімпазы атанды

14 желтоқсан күні “Ақ жол” партиясы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық конкурсты ұйымдастырды.

Байқаудың басты мақсаты – қазіргі заманғы қазақстандық қоғамды жаңғырту тұрғысынан Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық ұстанымы мен рухани мұрасын зерттеу және насихаттау. Байқау төрт номинация бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылды. Байқауға 18-35 жас аралығындағы қазақстандық және шетелдік зерттеулердің Алаш қозғалысына арналған 17 еңбегі қатысты.

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Жоғары гуманитарлық мектебінің “Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы” пәнінің аға оқытушысы М.Д. Тлебалдиеваның басшылығымен “Алаштың орны және қазіргі таңда ұлттық экономика мен әлеуметтік саланы жетілдіру проблемалары” номинациясына “Құқық және құқық қорғау қызметі” білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Қанат Темірлан “Алаш қозғалысы және Ұлттық бренд” тақырыбымен қатысты. Қанат Темірлан екі кезеңнен табысты өтіп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің “Тарих” мамандығының студенттері мен 4-курс докторанттары қатысқан соңғы үшінші кезеңде жеңіске жетіп, бірінші орынды және 300 мың теңгелік сертификатын иеленді.

Қанат Темірланды жеңісімен құттықтаймыз және жетекшісі Тлебалдиева Меруерт Доқтырханқызына алғыс білдіреміз.

Поделиться с друзьями: