M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде ТБЖ ОӘБ отырысы өткен

19 желтоқсан күні M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің негізінде “Құқық” бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің “ОӘБ қызметін Жобаларды басқару тобының форматына трансформациялау туралы” кеңейтілген отырысы өткен, оның барысында ОӘБ мүшелері болып табылатын жоғары оқу орындарының өкілдері, мүдделі жұмыс берушілердің және жұмыс берушілер қауымдастықтарының өкілдері жобалық кеңсенің принципі бойынша ОӘБ қызметін Жобаларды басқару тобының (ЖБТ) форматына өзгерту мәселелерін ортаға салды. Отырысқа жобалық менеджмент қағидасы бойынша жобаларды жүзеге асыру тәжірибесімен алмасу, оның ішінде, білім саласындағы тәжірибемен алмасу мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, “Атамекен” ҰКП өкілдері, Орталық Азия мен Кавказдағы Ernst & Young және Yevniy Consulting Group консалтингтік топтарының өкілдері шақырылған. ОӘБ Төрағасының орынбасары М.М. Дәуленовтың презентациясында “Құқық” бағыты бойынша ОӘБ жаңа форматы анықталған және жобаларды басқару топтарының бағыттары ұсынылды.

Осылай, ЖОО-лар мен жұмыс берушілердің өкілдерінен құралған “Білім беру бағдарламаларын әзірлеу” жобалық тобына жұмыс берушілердің ұсыныстары ескеріле отырып, білім алушылардың дағдылары мен құзыреттерін және оқу нәтижелерін айқындап, білім беру бағдарламасының үлгісін әзірлеу және элективтік пәндерді мол таңдау және практикаға бағытталу мүмкіндігін ұсына отырып, заманауи біліктілік талаптарына сай келетін “Құқық” бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту тапсырылды.

“Құқық” бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын талдау және отырысқа қатысушылармен талқылау негізінде оқулықтарды даярлау мен жазуға қойылатын талаптарды әзірлей отырып, оқу деңгейлері ескеріле отырып, оқулықтарды үйлестіріп жоғары оқу орындарының өкілдерінен “Жаңартылған мазмұны бар оқулықтар” ЖБТ құру ұсынылды. Қазіргі жағдайда білімді ұсынудан гөрі түлекке жұмыс берушілердің талаптарына сай келуге мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығына өту және жоғары оқу орындарының түлектің жұмысқа орналасуы түрінде ақырғы нәтижеге бағдарлануы негізінде оқу орындарының жұмыс берушілермен және бизнес-қауымдастықпен байланысын нығайту мәселелерінің маңызы тым жоғары, бұл жөнінде отырыста “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі О.Т. Ордабаев айтқан еді.

Шақырылған қонақ, Орталық Азия мен Кавказдағы Ernst & Young компаниясының аға консультанты Е.В. Зигангарованың “Қазақстандағы Ұлттық біліктілік жүйесі, ҰБЖ дамыту бойынша жоспарланатын шаралар және кәсіби стандарттар туралы” тақырыбына арналған сөзінде отырысқа қатысушылардың назары Ұлттық біліктілік жүйесіне аударылды және “Атамекен” палатасына Кәсіби стандарттарды әзірлеу кезінде Қазақстан заңгерлерінің одағы және “Құқық” бағыты бойынша оқу бірлестігі кәсіби заң қызметтерінің нарығындағы мамандардың біліктілігі мен құзыреттері негізінде заң кадрларын ұлттық сертификаттау бойынша ұсынатын жүйені қарау ұсынылды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік-еңбек саласын дамыту бойынша жобалық кеңсенің басшысы Б.С. Галиев ЖБТ-да “Құқық” бағыты бойынша ОӘБ трансформациялау бойынша жобалық менеджмент аясында тәжірибемен және ақпаратпен алмасу бойынша консультант ретінде шығуды ұсынды. Yevniy Consulting Group басқарушы әріптесі А.К. Евниевтің “ЖОО-ларда жобалық менеджментті қолдану тәжірибесі” атты презентациясы жобалық менеджменттің құралдары арқылы жоғары оқу орындарына өзгерістерді басқаруға өту үшін көмектесу жолдары туралы сұраққа жауап берді. “Құқық” бағыты бойынша ОӘБ кеңейтілген отырысын өткізу қатысушыларға ЖБТ жұмысының бағдарын талқылауға және оларды жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстарды енгізуге мүмкіндік берді. Бұл шараның өткізілуі уақтылы және Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған жағдайда бүкіл академиялық қауымдастыққа қатысты жоғары білім саласындағы өзгерістермен үндес болып келеді.

Поделиться с друзьями: