«Заң білімі мен ғылымы: қазіргі проблемалары және жетілдіру перспективасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтініш беру

Ақпараттық хат

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti және «Құқық» бағыты бойынша ОӘБ-ЖБТ «Заң білімі мен ғылымы: қазіргі проблемалары және жетілдіру перспективасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция 2020 жылғы 24 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8 мекенжайы бойынша өтеді.
Тіркелудің басталуы – 09:00. Конференция жұмысының басталуы – 10:00

Конференцияның мақсаты – отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, қазіргі заманғы заң білімі мен ғылымын дамытудың оңтайлы нысандары мен бағыттарын анықтау және пікірталастық мәселелерді талқылау

Оқытушылар, ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер, докторанттар мен магистранттар, басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.

Конференцияның жұмысы мынадай бағыттар бойынша жоспарланады:
заң білімі мен ғылымындағы инновациялық және ақпараттық технологиялар; теория мен салалық пәндерді оқыту әдіснамасы мен әдістемесі; академиялық адалдық принциптерін жоғары оқу орнының оқу процесі мен ғылыми-зерттеу қызметіне енгізу; шешімдерді қабылдаудың барлық деңгейлерінде алқалылық пен ашықтық, көлденең басқару идеяларын жүзеге асыру; оқытушы мен ғалымның мәртебесін құқықтық реттеу мәселелері; заң білімін дамытуда шетелдік тәжірибені пайдаланудың проблемалық аспектілері; білімнің интернационалдануы мен жаһандық бәсекелестіктің өсуі күшейген жағдайда заңгерлерді даярлау; судьялар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлау ерекшеліктері; білім беру процесінің ғылыми бөлігін арттыру; білім беру бағдарламаларының практикалық бағытталған мазмұнын қамтамасыз ету; оқыту мен зерттеулердегі пәнаралық әдіс; заңтану саласындағы құзыреттер мен біліктілікті бағалау; заң клиникаларының қызметі; конференцияның проблемаларына жататын басқа тақырыптар.
Қатысу нысаны: күндізгі және сырттай.

Конференция өткен соң ұйымдастыру комитеті материалдардың жинағын шығаруды жоспарлайды (ISBN халықаралық нөмірі беріліп электрондық түрде).

1. Конференцияның бағдарламасын құрастыру үшін нысан бойынша конференцияға қатысуға өтінімді (1-қосымша – жүктеу) толтырып, 2020 жылғы 10 сәуірге дейін жіберу қажет.
2. Барлық баяндамалар Turnitin лицензиялық жүйесін пайдаланып, плагиат мәніне қарай талдаудан өтеді.
3. Белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген баяндамаларды (тезистерді) 2020 жылғы 10 сәуірге дейін электрондық поштамен a_kydyrbekov@kazguu.kz мекенжайына жіберу қажет.

Ең үздік деп танылған баяндамалар (редакциялық алқаның шешімі бойынша) ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынған журналдардың тізіміне кіретін «Құқық және мемлекет» журналында жарияланады.

Мақаланың көлемі – 6 – 10 бет көлемінде. Ресімделуіне қойылатын талаптар – қалыпты: Microsoft Word бағдарламасында орындау; өрістері: жоғарғы және төменгі 2 см бойынша, сол жақтағы – 3 см, оң жақтағы – 1,5 см. Қаріп – Times New Roman, кегль – 14; жоларалық интервал – 1,5; шегініс – 1,25; ені бойынша тегістеу; әр беттік сілтемелер (кегль – 12), мақаланың мәтінінде сілтемелердің нөмірленуі толассыз. Сілтемелер квадрат жақшаларында нөмірленеді; нөмірі әдебиет тізіміндегі ақпарат көзінің нөмірін және нүктелі үтір арқылы – беттің нөмірін көрсетеді.
‒ оң жақтағы жоғарғы бұрышы – автордың инициалдары мен тегі (жартылай қалың курсив, оң жақтан форматтау), сілтемеде (символы – *) ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, ЖОО (ұйым) және құрылымдық бөлімшенің атауы, email.
‒ Мақаланың атауы (бас әріптермен, жартылай қалың қаріп, ортасынан форматтау).
‒ Мақаланың мәтіні.
‒ әдебиет тізімі.

Конференцияның үйлестірушілері: И.У. Аубакирова – з.ғ.д., КАЗГЮУ Құқық жоғары мектебінің Assistant Professor, Ж. Г. Калишева – з.ғ.к., доцент, «Құқық» бағыты бойынша ОӘБ-ЖБТ әкімшісі.

Байланыс ақпараты: +7 (717) 270-30-22, ішкі нөмірлері 1090, 1051

Поделиться с друзьями: