КАЗГЮУ-да ОӘБ-ЖБТ аясында «Сапалы заң білімі» жобалық кеңсесінің жұмыс отырысы өткен

2020 жылғы 23 қаңтарда «ОӘБ-ЖБТ аясында «Сапалы заң білімі» жобалық кеңсесінің жұмыс жиналысы өткен.

Жиналыста «Құқық» бағыты бойынша ЖБТ бағыттары аясындағы іс-шаралар қаралды. Жиын Алматы қ. КИМЭП Университетінің профессоры С.В. Саяпиннің қатысуымен аралас нысанда (тікелей қатысу және қашықтықтан қатысу) өткен.

ЖБТ – Мазмұны жаңартылған оқулықтар төңірегінде Ж.Г. Калишева Оқу басылымына «Құқық» мамандықтар тобы бойынша ОӘБ-нің «Ұсынылды («Жіберілді»)» белгісін беру тәртібі туралы қағидаларға сәйкес «Құқық» бағыты бойынша ОӘБ-ЖБТ қарауына А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы кафедрасының доценті С.К. Укин және Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының құқық кафедрасының профессоры Р.Г. Нурмагамбетов дайындаған, Turnitin жүйесі арқылы тексеруден өткен және конституциялық құқық саласындағы мамандардың қатарынан екі тәуелсіз рецензентке – «Тұран» Университеті Құқық ҒЗИ директорының орынбасары, з.ғ.д., профессор Л.Т. Жанузаковаға және «Астана» Халықаралық университеті Құқық жоғары мектебінің деканы, з.ғ.д., профессор С.К. Амандыковаға жіберілген «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» пәні бойынша оқу құралының ұсынылғаны туралы хабарлады.

ЖБТ басшысы, құқық докторы, КИМЭП Құқық жоғары мектебінің профессоры С.Г. Саяпин «Мазмұны жаңартылған оқулықтар» жобалық тапсырмасы бойынша ұсыныстарды енгізді, олар мынадай өлшемшарттар бойынша тұжырымдалды:

1. пәндер бойынша «бірыңғай» оқулықтардан/оқу құралдарынан тартыну, бәсекелестікке төзе алатын оқу материалдарын шығаруға көмектесу;

2. мемлекеттік білім беру стандарттарына және оқу бағдарламаларына сәйкес келген жағдайда, оқулықтарды/оқу құралдарын басып шығаруға ұсыну;

3. авторларға оқулықтарды/оқу құралдарын жазу кезінде салыстырмалы-құқықтық әдісті кеңінен пайдалануға, ең үздік халықаралық заң және педагогикалық практикаларға негізделуге ұсыну;

4. оқулықтардың/оқу құралдарының мазмұнына теориядан басқа практикалық мазмұндық компоненттерді енгізу;

5. оқулықтарды/оқу құралдарын жазу кезінде электрондық ақпарат көздеріне және Интернет желісіндегі ақпараттық материалдарға сүйену;

6. оқу тіліне байланысты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқулықтарды/оқу құралдарын басып шығаруға ұсыну;

7. қажет болған жағдайда, шетел оқу әдебиетін (мәселен, М. Шоудың халықаралық құқық бойынша оқулығы) аудару.

С.Г. Пен – ЖБТ – Адал тәжірибе, кредиттік оқу технологиясының стандарттары және академиялық ұждансыздыққа қарсы іс-қимылдың дүниежүзілік тәжірибесі негізінде академиялық адалдық принциптерін енгізу бағытының жетекшісі құқық қолдану тәжірибесін көп пайдаланатын Германияның оқулықтарын үлгі ретінде келтіріп, шетелдік тәжірибені ескере отырып оқулықтарды әзірлеу қажеттілігі туралы өз ұсыныстарын енгізді және пәндер бойынша «бірыңғай» оқулықтардан/оқу құралдарынан тартыну туралы туралы ұсынысты қолдады. Оқулықтар білім беру бағдарламаларына сәйкес келуі тиіс. Осылайша, білім беру процесінде пайдаланылатын сапалы оқу басылымдарын шығару бойынша бәсекелестік үшін жағдай жасалады.

ЖБТ – Адал тәжірибе, кредиттік оқу технологиясының стандарттары және академиялық ұждансыздыққа қарсы іс-қимылдың дүниежүзілік тәжірибесі негізінде академиялық адалдық принциптерін енгізу бағыты бойынша жетекшісі Яков Воронков бірнеше жобаларды ұсынды:

1-ЖОБА: ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН, ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН, ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРДІ, ДИССЕРТАЦИЯЛАР МЕН МОНОГРАФИЯЛАРДЫ ПЛАГИАТҚА ТЕКСЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ.

Жобаның негіздемесі және жүзеге асыру мерзімдері ұсынылды.

2-ЖОБА: бұзушылықтар санаттарын жіктей отырып, ОҚЫТУШЫЛАР, ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚТЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ШАРАЛАРЫ МЕН ЖАЗА ҚОЛДАНУ РӘСІМДЕРІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ.

3-ЖОБА: ОӘБ ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ҮШІН ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ПЛАГИАТҚА ТЕКСЕРУ БОЙЫНША ВОРКШОПТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ.

Жобаның негіздемесі және жүзеге асыру мерзімдерін ұсынылды.

4-ЖОБА: АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ПРИНЦИПТЕРІН ЖӘНЕ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ПЛАГИАТҚА ТЕКСЕРУ РӘСІМДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОНЛАЙН-КУРС ӘЗІРЛЕУ, ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ІЛГЕРІЛЕТУ.

Әріптес – «NU Alumni» қоғамдық бірлестігі (Назарбаев Университеті түлектерінің қауымдастығы) ұсынылды.

5-ЖОБА: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН БАРЛЫҚ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ҮШІН МӘТІН КІРМЕЛЕРІН АЙҚЫНДАУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН НАҚТЫ ТАЛАПТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ.

6-ЖОБА: АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ САНЫН АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА БАКАЛАВРИАТ ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ІС-ШАРАЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫН ЖӘНЕ ҰСЫНЫЛАТЫН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КЕСТЕСІН ӘЗІРЛЕУ.

ЖБТ – Заң кәсібіне қол жеткізу ұлттық және халықаралық аккредиттеу және сертификаттау арқылы өтеді. Қазақстан заңгерлерінің одағы кәсіби заң қызметтерінің нарығындағы мамандардың құзыреті мен біліктілігін объективті бағалаумен білім алушылардың дағдылары мен құзыретін сыртқы бағалау және заң кадрларының ұлттық сертификатталуын енгізу мақсатында «Атамекен» ҰКП жанындағы Мамандарды сертификаттау орталықтарының тізіліміне енгізу үшін құжаттарды жіберді.

ЖБТ – Заң кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығын құру. Осы бағыттың жетекшісі Э.Л. Бабаджанян жұмыс істеп жүрген заңгерлерге (нотариустар, заңгерлер) арналған біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын өткізу және заң оқу орындары мен факультеттерінің профессор-оқытушылық құрамы үшін жазғы біліктілікті арттыру мектебін ұйымдастыруға дайындық туралы баяндады.

ЖБТ – Карьера және жұмысқа орналасу. Білім беру бағдарламасына сәйкес практикадан өту базаларының тізімі жасалды. Заң оқу орындары мен факультеттері студенттерінің кәсіптік практикадан табысты өтулері үшін қажетті дағдылардың сипаттамалары жасалды. ОӘБ-нің базалық оқу орнында және басқа жоғары оқу орындарында «Құқық» бағыты бойынша 2020 жылғы сәуір айының ортасында бос орындар жәрмеңкесін өткізу бойынша сұрақтар талқыланды.

Жобалар жөніндегі ұсыныстар талқыланды және оларды жүзеге асыру бойынша шаралар белгіленді.

Поделиться с друзьями: