«Мәжілістің үлгісі» іскерлік ойыны


2020 жылғы 5-6 наурызда КАЗГЮУ-да студенттер үшін «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» пәні бойынша «Мәжілістің үлгісі» атты іскерлік ойын ұйымдастырылды. Іскерлік ойынды өткізу мақсаты – Парламенттің қарауына «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасын қабылдау. Әр студенттік топ тапсырма мен нұсқаулықты алғаннан кейін екі апта бойы оны өткізуге дайындалды. «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасының Тұжырымдамасы даярланды. Аталған заң жобасын әзірлеу қажеттілігін негіздеу аясында студенттер құқық қолдану тәжірибесін зерделеп, ең үздік халықаралық практикамен танысу мақсатында салыстырмалы зерттеу жүргізді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына талдау жасады. Парламенттің екі палатасында да заң жобасын қарау барысына Масс медиа қатысты. Заң жобасын талқылау үшін Жануарларды қорғау қауымдастығы және Қоғамы секілді азаматтық қоғам институттарының өкілдері шақырылды. Іскерлік ойын аясында әрбір команда Парламенттің отырысына өз көзқарасына қатысты түсіндірмелер мен қорытындыларды дайындады. Осындай сабақтарды өткізу барысында студенттердің еркін сөйлеу және жеке көзқарасты сауаттты әрі қисынды жеткізу білу, заңдық маңызды мән-жайларды дұрыс бағалау және конституциялық құқықтың нормаларын дұрыс пайдалану және қолдану дағдылары тексеріледі.

Поделиться с друзьями: