Сот сараптамасын күшейту


Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы және Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында жасалған № 836-KZ Қарыз туралы келісімді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және «M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti» АҚ 2016 жылғы 14 қазанда «Сот сараптамасын күшейту»
№ KZJSISP/QCBS-06 келісімшартын (бұдан әрі – № KZJSISP/QCBS-06 келісімшарт) жасасты.

№ KZJSISP/QCBS-06 Келісімшартқа сәйкес Дүниежүзілік Банкінің «Сот сараптамасын күшейту» жобасы Key Forensic Services, King’s College London және QPA Strategies секілді халықаралық ұйымдардың қолдауымен (бұдан әрі – Жоба) іске асырылуда және өзінде «Сот сараптамасының түйінді тиімділік көрсеткіштерін (KPI) әзірлеу, сынау» атты А-компонентін, «Сот сараптамасының заңнамалық және институционалдық құрылымын жаңғырту» атты В-компонентін және «Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру» атты С-компонентін қамтиды.

Бұл ретте, № KZJSISP/QCBS-06 Келісімшартқа Техникалық тапсырмаға және 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 9 қосымша келісімге сәйкес А-компоненті халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес сот-сараптама зертханаларын аккредиттеу, кәсіби стандарттарды әзірлеу және сот сараптама қызметінің сапа жүйесінің түйінді компоненттеріне ерекше назар аударып, сот-сараптама қызметін стандарттау секілді бағыттарды дамытады.

Осылай, сот-сараптама қызметін стандарттау сот-сараптама қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыруды және тиісінше, сот-сараптама қорытындыларының объективтілігін, дұрыстығы мен негізділігін арттыруды қамтамасыз етеді.
ЭЫДҰ елдерінің, сондай-ақ ЕурАзЭо елдерінің халықаралық тәжірибесін, халықаралық сот-сараптама мекемелері қауымдастықтарының тәжірибесін зерделеп (№ KZJSISP/QCBS-06/D2 есебін қараңыз), Қазақстан Республикасында сот сараптамасын стандарттауды дамыту қажеттілігі мен өзектілігі дау тудырмайды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 01.11.2019 жылғы № 9-НҚ бұйрығын жүзеге асыру мақсатында «Сот сараптамасы» № 105 Стандарттау жөніндегі техникалық комитеті (бұдан әрі – ТК) құрылды.

Көрсетілген Техникалық комитетті қолдау және дамыту мақсатында
№ KZJSISP/QCBS-06 Келісімшартқа 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 9 қосымша келісімнің 10.9-тармағына сәйкес M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің сарапшылары 2020 жылғы 10-13 наурыз аралығында «Сот сараптамасы» № 105 Стандарттау жөніндегі ТК мүшелеріне, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» РМҚК бағыттары бойынша бас сарапшыларға арналған стандарттау жүйесінің принциптері мен ережелері, стандарттарды әзірлеу мәселелері бойынша семинар өткізді.

Аталған семинарға барлық мүдделі тараптардың өкілдері қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің Экономикалық тергеулер қызметі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Республикалық адвокаттар алқасы, жоғары оқу орындары, Қазақстан Республикасы Сот сарапшылары палатасы, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» РМҚК Сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институтының бас сарапшылары мен қызметкерлері.

Поделиться с друзьями: