КАЗГЮУ 2020 жылдың 8-10 сәуір аралығында тегін TOLES онлайн-курсын бастады

Алғаш рет Қазақстанда еліміздің барлық заңгерлеріне арналған тегін TOLES онлайн-курсы іске қосылғаны жайында қуана хабарлаймыз!
TOLES (Test of Legal English Skills) – жұмыс істейтін заңгерлер мен заң мамандықтарының студенттеріне арналған заң саласындағы ағылшын тілін білу деңгейін тестілеудегі әлемдік көшбасшы.

Бір мезгілде онлайн экспресс-курс аясында еліміздің кез келген өңірінен жүзге тарта адамның білім алуға мүмкіндігі бар және, ең бастысы, оқу ТЕГІН болмақ. Ол үшін bit.ly/TOLES_KAZGUU сілтемесі бойынша тіркелу қажет. Аталған үш күндік онлайн курс үш күн сайынғы сессиядан тұрады. Сарапшылар ретінде TOLES, TKT, CELTA сертификаттары бар тәжірибелі жаттықтырушылар шығады. Оқу онлайн сабақ түрінде өтеді.

TOLES онлайн экспресс-курсы бүкіл әлемде мойындалатын TOLES сертификатын алуға бірі қадам жақындауға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігіңізді арттырады. TOLES сертификаты бүкіл әлемдегі заң фирмаларының арасында танымал және жоғары бағаланады, оны тіпті KPMG, The Law Society of England and Wales, Linklaters Oppenhoff and Radler, Allen&Overy LLP, Baker and McKenzie, Price water house Coopers, Sony Ericsson, Daimler Chrysler, European Court of Justice, European Central Bank, Deutsche Bundesbank және т.б. әлемге әйгілі заң фирмалары мойындайды.

Тегін онлайн экспресс курстан өткен соң қатысушылардың барлығына қолжетімді бағамен TOLES-ке дайындалу үшін толық курстан өтуге және қазіргі таңда Қазақстан мен Орталық Азия бойынша TOLES-ке дайындалу және тапсыру бойынша Global Legal English (UK) жалғыз өкілдігі болып табылатын M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Поделиться с друзьями: