«International Expert Talk: көшбасшы болу қасиеттері және цифрлық технологиялар дәуірі» онлайн-вебинары

Ағым туралы естігендерін бар ма? Бұл жөнінде ешқашан естімеген болсаңыз да, оған түскен сәтіңіз болғаны анық. Бұл ойларыңыз жинақталған, яғни, сізді мазалап тұрған нәрселерге мүлдем көңіл бөлмеген кезде түсетін күйіңіз. Жұмыс орнында қызметкерлердің барлығын ағымға түсіруге мүмкіндік бар ма?
Егер осы сұрақтың жауабын білгіңіз келсе, сіздерді профессор Золтан Бузады өткізетін тегін вебинарға шақырамыз. Германияда өскен венгер Золтан Бузады Лондонның экономика мектебінде (Ұлыбритания) бірінші заң дәрежесін алды. Оның практикаға бағытталуы және адамдарды басқару проблемаларына деген қызығушылығы CASS Business School (Ұлыбритания) Global MBA тәмәмдауға итермеледі. «Темір перде» құлаған соң өтпелі экономикасы бар елдердегі стратегиялық міндеттерге айрықша көңіл бөліп Ph.D дәрежесін алу үшін Венгрияға қайтып келді. Академиялық жұмысымен қоса оның тағы бір сүйікті ісі – адамдармен кездесу және жаңа, келешегі зор басқару тұжырымдамаларын және адамдардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту үшін шешімдерді әзірлеу.
Қазіргі таңда оның зерттеулері әртүрлі мәдени және ахуалдық контексте қолданылуы мүмкін, көшбасшылықты әрі қарай дамыту мақсатымен өзін-өзі дамыту және өзгерістерді басқару идеяларымен біріктіріп көшбасшылық пен ағым теориясы саласында жүргізілуде. Осы жаңа идеялар үлкен деректерді заманауи талдауға және болашақ беталыстарды HR талдауға негізделген кадрлық стратегияларды және дарындыларды басқару үшін қолданылуы мүмкін.
– Қазіргі заманғы көшбасшылықтың басқаруға қалай ықпал ететінін;
– Ағымды қалай жасауға болатынын;
– Психологиялық капиталды көбейту амалдарын;
– Цифрлық технологияларды пайдалану жолдарын білу үшін вебинарымызға қосылыңыздар.
Өтетін күні: 22 сәуір
Уақыты: 15: 00-16: 00
Өткізу тілі: ағылшын
Қатысушылардың саны шектеулі.
Міндетті түрде тіркелу керек.
Тіркелу үшін сілтеме: https://forms.gle/4V7uJX2hpX7pSTgJ9

Поделиться с друзьями: