Президенттік институтының 30-жылдығына арналған халықаралық конференция

2020 жылғы 24 сәуірде Қазақстандағы президенттік институтының
30-жылдығына арналған «Президенттік басқару нысаны: конституциялық негізі және саяси практикасы» деп аталатын халықаралық онлайн-конференция өтті. Конференцияны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, ҚР Конституциялық Кеңесі, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты және ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияның модераторлары – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары, Қазақстаннан Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор И.Рогов және Мемлекет тарихы институтының директоры, саясаттанушы, тарихи ғылымдар докторы, профессор Бүркітбай Аяған.

Онлайн конференцияға халықаралық ұйымдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, Қазақстанның жоғары мемлекеттік органдарының өкілдері, бірқатар жетекші оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының ғалымдары қатысты. Нақтырақ айтқанда, конференцияға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбеков, ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев, Төтенше және Өкілетті Елші, ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Дьердь Сабо, Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясының президенті Джанни Букиккио, Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ, Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының директоры, РФ РАН вице-президенті және академигі, Венеция комиссиясының мүшесі Талия Хабриева, америкалық саясаттанушы және журналист, қауіпсіздік және энергетика саласындағы халықаралық қатынастар жөніндегі маман Ариэль Коэн және т.б.
Сондай-ақ M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің профессоры, заң ғылымдарының докторы Сергей Ударцев «Президент және мықты мемлекет» атты тақырыпқа баяндама жасады.

Ұйымдастырушылардың деректері бойынша, 24 сәуірге қарай онлайн-конференцияны Қазақстан, Ресей, АҚШ, Қырғызстан, Әзірбайжан, Индонезия, Франция және Оңтүстік Корея секілді елдерден 4600-ге жуық адам тамашалады.
Бұл конференция туралы қараңыз, мәселен: Сыздыкова, Лилия. Исторически правильный выбор. Институт президентства и личность Первого Президента Нурсултана Назарбаева обеспечили успешное становление государственности Казахстана и развитие страны // Казахстанская правда. 2020 жылғы 27 сәуір. Басты бет және т.б. Сондай-ақ «Казахстанская правда» газетінің сайтында: https://www.kazpravda.kz/articles/view/istoricheski-pravilnii-vibor (04.05.2020 ж.); 30 лет созидания и поступательного развития. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының сайты. URL: https://fpp.kz/ru/site/news/view?id=375 (04.05.2020 ж.).

Поделиться с друзьями: