Жеңістің мерейлі 75 жылдығы мен КАЗГЮУ жастарына арнау

Жас қыран. Тәліміңмен, тәрбиеңмен тарихқа сен де таңба сал.
Жадыңда жатталсын. Жайнаған жасыл мына әлем, өзіңдей жастың арқасында гүлдеді.
Өмірде өлгенше ұмытпа. Бұл мейрам саған да, маған да өзіңдей өреннің ерлігімен келгенін.
Майданды әскермен, қарумен, аспен де қамтыған, Өзіңдей самғаған жас ұлан.

Ұлы Жеңіс – біліп қой, әрі ұмытпа!
Әкелер мен ақ самай аналар үшін, бесікте қалған жетім сәби үшін…
Жанын жұдырыққа түйген жастың өрлігімен келгенін.

Санаңа сіңір жас досым!
Мәңгілік меншігі ДАҢҚ деген,
Атаңның, апаңның, бабаңның.
Бейбітшілік, еркіндік пен кең заман.
Қайраттанып ұрпақ үшін жауға шапқан,
Білім қуған, арман қуған өзіңдей.
Қайсар жастың ерлігімен келгенін.

Ұмытпа! Ұлы Отан соғысында қыршын кеткен боздақтар мен бой жеткеннің қиялысың,
Адалдық пен ақ жеңістің көкке ұшқан көгершінісің.

Ел Орданың төрінде, Қорғалжынның белінде,
КАЗГЮУ-дей білімнің бесігінде, тәлім көрген жас қыран,
Самғай бер, самғай бер алысқа!

Көріп отыр міне көз.
Сендер үшін еңбек етті ұстаздар, Жарамайды қол қусырып отыру,
Аянбағын сен дағы, оқы, үйрен, білім ал!

Үйде әкең, ақ анаң алаңдаулы сен үшін,
Дәл сол Ұлы Отан соғысында кезіндегі ата анадай күтуде.
Сенен – ерлік, оқу деген, тәлім менен тәрбие.

Олай болса сен де біздің жас өрен, даңқты сенің атаңдай,
Тәуелсіз елдің тұғырын тәліміңмен, тәрбиеңмен таңбала!

Авторы: М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің студенттік мәселелер жөніндегі вице-провосты Мұсабеков Мақсат Несіпжанұлы.

Поделиться с друзьями: