КАЗГЮУ түлегі: Казбек Хашиев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының көмекшісі болып тағайындалды

КАЗГЮУ-дің 2006 жылғы түлегі Казбек Хашиев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының құқық қорғау мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Казбек Хашиев Ақмола облысының Щучинск қаласында көпбалалы жанұяда дүниеге келді. ЦСКа әскери-спорт колледжінің Алматы филиалын бітірді. Бокстан спорт шеберіне кандидат. 13 жыл бойы прокуратура органдарында, оның ішінде басшы лауазымдарда қызмет атқарған. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының көмекшісі лауазымына дейін Агенттіктің өңірлік бақылау басқармасының басшысы болып қызмет еткен.
Біз түлектерімізді мақтан тұтып, еліміздің болашақ көсемдерін оқытудамыз!

Поделиться с друзьями: