ЭЖМ студенттері CGMA EMERGING LEADERS COMPETITION-2020 қатысатын болды!

CGMA emerging leaders competition – бұл бизнес және басқару саласындағы болашақ көсемдерге арналған халықаралық байқау. CIMA аталған байқауды Еуропа мен Еуразияның озық университеттерінің арасында жүргізеді.
Қазіргі таңда жұмыс берушілерге теориялық біліммен қатар, ол білімді қалыптан тыс жағдайда қолдана білу және талдауға негізделген шешімді қабылдау дағдылары да маңызды. CGMA Emerging Leaders Competition аясында 8 команда іріктелді, бұл командалардың құрамындағы Экономика жоғары мектебінің 32 студенті күрделі ақпаратты талдау және ұйымдастыру, тәуекелдерді басқару, шешімді қабылдау үшін жауапкершілікті өзіне алу секілді қабілеттерді айқындауға тиіс.
Биылғы байқауға Польша, Словакия, Румыния, Чехия, Болгария, Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Украина мен Грузияның жоғары оқу орындары қатысады.
Байқау үш кезеңнен тұрады, сайыстың ақтық мәресіне жеткен үш жеңімпаз команда Варшада қаласында (Польшада) мықтылығын дәлелдейтін болады.
M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti ЭЖМ оқытушылары, командалардың үйлестірушісі Б. Тұрлыбаева және академиялық тәлімгер Ж. Алдамбергенова командаларға қажетті бағытты белгілеп, консультация береді.
Байқаудың өткізу кезеңдері:
1-кезең (ішкі онлайн іріктеу) — 1-11 қыркүйек. 1-кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы бір жеңімпаз команданы анықтайды.
QUIZ competition (халықаралық онлайн іріктеу) — 18 қыркүйекте.
2-кезең (халықаралық онлайн іріктеу) — қазан айының басында.
3-кезең — қазан-қараша айлары, Варшава

Байқау туралы ақпаратпен толығырақ мына сілтемеден өтіп таныса аласыздар:https://www.cimaglobal.com/Our-locations/central-eastern-europe/CGMA_Emerging_Leaders_Competition/
CIMA туралы: Дипломы бар басқарушылық бухгалтерлер институты® (CIMA), 1919 жылы құрылды және басқарушылық бухгалтерлердің әлемдегі ең ірі кәсіби қауымдастығы болып табылады.
CIMA жеке тұлғаларға және кәсіпорындарға басқарушылық есептің барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Американың сертификатталған қоғамдық бухгалтерлер институтымен (AICPA) бірге 2012 жылы Chartered Global Management Accountant (CGMA) құрылды.

Поделиться с друзьями: