КАЗГЮУ-дің Экономика жоғары мектебі Бишкек қаласындағы ЕҚЫҰ Академиясымен меморандумға қол қойды

Web

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti екі мекеменің арасындағы білім беру және мәдени байланыстардың маңыздылығын түсіне отырып, Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум аясында экономика, адал басқару және дамыту саласында студенттермен алмасуды жүзеге асыру үшін келісім жасасты. Аталған келісімнің жалпы мақсаты екі елдің академиялық байланыстарын көтермелеу және мәдениетін байыту мақсатында екі қатысушы мекеменің арасында білім беру қатынастарын және ынтымақтастықты орнату болып табылады.

Әрбір студенттік алмасудың мақсаты студенттерге әріптес-университетте білім алу, академиялық және студенттік өмірге қатысу, туған елі мен өз университетін танымал етуге үлес қосу мүмкіндігін беруді көздейді. Бишкек қаласындағы ЕҚЫҰ Академиясы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) және Қырғыз Республикасының үкіметі арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады. 2002 жылы тараптар Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, оның нәтижесінде Академия қауіпсіздік мәселелері бойынша өңірлік диалог және ғылыми зерттеулер үшін аймақтық білім беру және форум орталығы мәртебесіне ресми түрде ие болды.

Поделиться с друзьями: