Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін қызмет етіп жүрген, құрметті әріптестер және серіктестер! Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймыз!
Конституция күні – бұл Қазақстан халқының ерік-жігерін, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығуға ұмтылысын көрсететін мереке. Бұл мемлекеттік мереке баршаңызға ертеңгі күнге, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге күш пен сенімділік береді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.
Мақсұт Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілейді!