2020/2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу процесін ұйымдастыру туралы

Құрметті білім алушылар!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ведомствоаралық комиссияның 26 желтоқсандағы №21-5/05-2602 шешіміне, сондай-ақ Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына және «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 548 бұйрығына сәйкес 2020/2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқыту келесідей ұйымдастырылады:

1. Бакалавриаттың күндізгі бөлімінің 1-курс студенттері үшін – аралас оқыту форматында (сабақтың байланыс сағаттарының кемінде 70%-ы дәстүрлі форматта аудиторияда білім алушылардың өздерінің қатысуымен өткізіледі, байланыс сағаттарының 30%-ы қашықтықтан онлайн режимінде өткізілуі мүмкін).
Ерекше жағдайларда, егер Сіз науқастансаңыз (COVID-19 белгілері, өкпе пневмониясы немесе басқа вирустық аурулар болса), Сіздің оқу режиміңіз туралы мәселені науқастануыңызды растайтын құжаттарыңызбен бірге өтінішіңіздің ұсынылуымен Жоғары мектеп комитеттері жекелеп шешеді.

2. Күндізгі бөлімнің 2-3-курс студенттері, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып күндізгі бөлімнің 1-3-курс студенттері, қашықтықтан оқытудың онлайн форматында магистратура үшін.

3. Бакалавриаттың бітіруші курстарының студенттері үшін кәсіптік практика білім беру бағдарламасының және ұйымның – практика базасының талаптарына байланысты форматтарда өткізіледі. Тиісті жеке шешімдерді жоғары оқу орындарының декандары мен практика кеңселері өздері қабылдайды.

Университетте санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету үшін жағдай жасалған:

– оқу корпусына кіре берісте байланыссыз термометрия жүргізіледі;
– корпуста антисептикалық санитайзерлер орнатылған;
– желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілді;
– бактерицидті шамды қосу, ылғалды жинау, желдету және т. б. арқылы үй-жайларды үнемі зарарсыздандыру жүргізіледі (көрсетілген іс-шараларды орындау үшін сабақтар арасында ыңғайланған және ұзақ үзілістер ұйымдастырылған);
– сабақ кестесі контингентті бытыратып орналастыру басымдығын сақтай отырып жасалды;
– аудиторияларда отыру әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып қарастырылған;
– Маска кию режимін сақтау міндетті.

Құрметті күндізгі оқу бөлімінің 1-курс студенттері, Біз Сіздерді 2021 жылдың 25 қаңтарында университетте күтеміз. Сізден университетте болған кезеңде медициналық маска киюді, оның ауысымдылығын қамтамасыз етуді және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз.

«Қызыл аймақтан» (эпид. жағдай асқынған өңірлерден) келетін студенттер үшін коронавирустық инфекциясына ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы сабақ басталардан кемінде 3 күн бұрын ұсынуды ұсынамыз.

Өзіңізді сақтаңыз және деніңіз сау болсын.

Поделиться с друзьями: