М.C.Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті CFA Institute университетінің серіктестік бағдарламасының мүшесі болды

Қаржы мамандығы бойынша бакалавриат студенттері CFA бағдарламасына дайындалу арқылы мансаптық жетістікке жетуге қадам жасайды

[Нұр-Сұлтан, 14 қаңтар, 2020 жыл]
М.C.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті CFA Institute университет серіктестік бағдарламасына мүше болған университеттерінің бірі болды.
Серіктестік бағдарламасына мүше болу, қаржы бакалавриат бағдарламасының академиялық пәндерінде CFA (CBOK) емтихан тақырыптарының кемінде 70 пайызын қамтитынын және CFA институтының этика және практика кодексіне баса назар аударатынын білдіреді. Бұл бағдарлама студенттерге әлемдегі ең құрметті және танылған инвестициялық сертификатқа айналған Chartered Financial Analyst® мәртебесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

CFA институтының серіктестік бағдарламасына мүше болу келешек студенттерге, жұмыс берушілерге және нарыққа КАЗГЮУ Университетінің оқу жоспары кәсіби практикамен тығыз байланысты екендігін және студенттерді CFA емтиханына дайындауға өте ыңғайлы екендігін дәлелдейді. Осы бағдарламаға мүше болу арқасында КАЗГЮУ Университеті жыл сайын CFA бағдарламасы бойынша студенттердің шектеулі стипендиясын алуға құқылы.

Қаржы бакалавриат бағдарламасы халықаралық стандарттарға сүйене отырып, жергілікті мазмұнды қамтуға баса назар аударады. Бағдарламаның мақсаты – халықаралық нарық талаптарына сәйкес келетін іскерлік ортаға білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Бағдарламаны 4 жылда тәмамдауға болады. Біздің бағдарлама студенттерді инвестициялық банкинг, қаржылық жоспарлау, корпоративтік қаржы, қаржы нарығындағы институттар және тағы басқа мамандықтар бойынша даярлайды.

Экономика жоғары мектебінің деканы, PhD Сауле Кемелбаева:

“Қаржы бакалавриат бағдарламасын CFA Институты мойындап, серіктестік бағдарламасының мүшесі болғанын біз мақтан тұтамыз және қуаныштымыз. Біз бакалавриат бағдарламасы бойынша CFA Institute университет серіктестік бағдарламасына мүше болған Қазақстандағы алғашқы және жалғыз университетпіз. Қаржы нарықтары мен келіссөз жүргізушілер – бұл Қазақстандағы өте тез дамып келе жатқан және болашағы зор сала; сондықтан біздің бағдарламамыздың болашақ түлектері еңбек нарығында сұранысқа және табысты мансапқа ие болады деп сенеміз .”

CFA институты туралы

CFA институты – бұл кәсіби шеберлікті белгілейтін және CFA мәртебесін қолдайтын инвестиция саласындағы мамандардың әлемдік қауымдастығы. Ұйым инвестиция нарығында этикалық мінез-құлық қағидаттарын белсенді түрде қолдайды және әлемдік қаржы қоғамдастығынын білім көзі болып табылады. Түпкі мақсат: инвесторлардың мүдделері жоғары болатын, нарықтар жақсы жұмыс істейтін және экономика өсетін орта құру. CFA институтының 166 елде 176 000-нан астам мүшесі бар, оның ішінде 164 000 CFA мәртебесін ұстаушылары. Қосымша ақпарат алу үшін www.cfainstitute.org сайтына кіріңіз.

CFA бағдарламасы туралы

CFA бағдарламасы бүкіл әлем бойынша қаржы талдаушылардың, портфолио менеджерлерінің, инвестиция кенесшілердің және басқа да инвестиция мамандарының дағдылары, қабілеттілігі мен адалдығын дамытуға арналған стандартты белгілейді. Бұл инвестиция кәсібіндегі ең қатаң аттестация бағдарламасы болып табылады. CFA оқу бағдарламасы мен емтихандары бүкіл әлемде ағылшын тілінде өткізіледі. Кем дегенде бес кандидаттың біреуі бағдарламаны сәтті аяқтап, инвестиция саласының мамандары үшін «алтын стандарт» болып табылатын CFA мәртебесіне ие болады.

Поделиться с друзьями: