Әлеуметтік-экономикалық / экономикалық, саяси және қаржылық тақырыптардағы үздік эссе байқауы

Экономика Жоғары мектебі және М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Саяси Экономика Ғылыми Орталығы жас зерттеушілер қоғамдастығын дамытуға бағытталған Ғылыми тәлімгерлік бағдарламасына қосылатын талантты студенттердің үздік жұмыстарын мойындауға арналған конкурсты ашық деп жариялаймыз. Жобаның басты мақсаты – жарқын және дарынды болашақ зерттеушілерді академиялық шеберлік пен сыни тұрғыдан ойлау дәстүрін ғылыми ортада жалғастыруға шақыру.

Сәтті үміткер (бірінші орын иегері) Экономика Жоғарғы Мектебі ұсынатын магистратура стипендиясына (экономика магистрі немесе қаржы магистрі) ие болады. Стипендия Нұр-Сұлтан қаласының сыртындағы тұрғындардың тұру ақысы мен оқу ақысын қамтиды. Сонымен қатар, Экономика Жоғарғы Мектебінде оқу кезінде сізге университетте ақылы жұмыс ұсынылады (оқытушы / зерттеуші ретінде). Магистратураны ойдағыдай аяқтағаннан кейін сізге бәсекеге қабілетті жалақылы орын ұсынылады және университетте кем дегенде бір жыл жұмыс істеуге мүмкіндігіңіз болады. Егер сіз академиялық мансапты жалғастыруды таңдасаңыз, осы уақытта ғылыми тәлімгерлік бағдарламасы шеңберінде сізде докторантураға түсуге көмектесетін академиялық тәлімгер болады.

Екінші, үшінші және төртінші сыйлықтардың жеңімпаздары байқауға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталады. Сонымен қатар, сіздің конкурсқа қосқан үлесіңізді Сіздің еңбек диссертацияңызды тапсыру кезінде ЭЖМ академиялық комитеті ескереді.

Конкурсқа қатысу: Конкурсқа Экономика Жоғарғы мектебінің үшінші және төртінші курс студенттері қатыса алады. Сізге ЭЖМ профессорларының құзыреттілігі саласындағы әлеуметтік-экономикалық / экономикалық, саяси, экономикалық және қаржылық мәселелерге байланысты таңдалған тақырып бойынша ағылшын тілінде эссе жазу керек (профессорлардың ғылыми қызығушылықтарын ЭЖМ сайтында тексерсеңіз болады – https : //hse.kazguu. kz / ru / doktorantura /). Эссенің көлемі (12 Times Roman, жоларалық интервал 1,5) 1000-нан 2000 дейін сөзді құрайды және келесі тақырыптарға арналған:

• қаржы нарығының тұрақсыздығы және қаржы нарықтарын реттеу шаралары.
• активтер бағасының өсуі және валюта бәсекесінің күшеюі жағдайындағы ақша-несие саясатының ауқымы
• бюджеттік, сауда және өнеркәсіптік саясат мәселелері
• еңбек қатынастары
• үнемдеу мен жекешелендірудің баламалары
• цифрландыру мен платформалық капитализмнің саяси экономикасы
• феминистік / қамқорлық экономикасындағы мәселелер мен тәсілдер
• ғаламдық жылынудың салдары және әлеуметтік-экологиялық қайта құру проблемалары
• Еуразиялық одақ
• Ковид-19 пандемиясының экономикалық және әлеуметтік салдары
• және т.б.

ЭЖМ Ұйымдастыру комитеті ең жақсы бес эссені таңдайды. Финалистер өз жұмыстарын 5-10 минуттық презентация форматында таныстыру қажет. Кейін финалисттер арасынан бірінші жүлделі орынның жеңімпазы анықталады.

Мерзімі: эссеңізді 2021 жылдың 15 мамырына дейін доктор Куат Акижановқа k_akizhanov@kazguu.kz электронды поштасына жіберіңіз.

Оқу үлгерімі мен дағдыларды игеру арқылы жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілікті күшейтіңіз! Бұл сіздің жұмыс мүмкіндіктеріңізді керемет түйіндеме арқылы жақсартуға мүмкіндік! Жіберіп алмаңыз!

Поделиться с друзьями: