ГЕРМАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ МОНИКА ИВЕРСЕН КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ

2021 жылғы 2 қарашада М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне жуырда ғана тағайындалған Германияның Қазақстандағы Елшісі Моника Иверсен қонаққа келді.

Кездесуде Германия Елшісі университеттің білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытып, жоғары оқу орнының жұмысымен танысты. Жиын барысында ұлттық және халықаралық құқық саласындағы мамандарды даярлау мәселесі талқыланды. Сонымен қатар білім беру контексінде ағылшын және неміс құқығының дамуы мен әсер ету аспектілері туралы сөз қозғалды. Әңгімелесу барысында екі тарап Германия университеттерімен серіктестік пен бірлесіп жүзеге асыратын жобаларды талқылады.

Жоғары оқу орнының тарапынан кездесуге КАЗГЮУ Университеті Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, Провост Сергей Пен, Неміс құқығы мектебінің жетекшісі, профессор Роман Мельник, DAAD Неміс және еуропалық құқық оқытушысы Майкл Вилдинг қатысты.

Өз кезегінде КАЗГЮУ Төрағасы Талғат Нәрікбаев қонақтарға университетке қонақ болғаны үшін алғысын білдірді.

Тараптар қарым-қатынастарды дамытуды әрі қарай дамытуға және білім беру саласында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің баспасөз қызметі

Поделиться с друзьями: