Халықаралық ынтымақтастық жаңалықтары

Құрметті сайтқа кірушілер, Сіздердің назарларыңызға «Өзекті сұхбат» айдарын ұсынамыз. Жаңа айдарда Сіздерді КАЗГЮУ-дің табысты түлектері мен оқытушылары, бірінші басшыларымен үздіксіз таныстыру жоспарлануда. Сонымен қатар, егер Сіз сүйікті білім ордасының шынайы жанашыры, белсендісі, бірнеше жобалардың авторы, кәсіби еңбекте командалық табысқа жетуге талпынушы, жалпы КАЗГЮУ-дің танымалдығына атсалысып жүрсеңіз, айдардың қонақтарынің бірі болуыңыз әбден мүмкін.

Web

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti екі мекеменің арасындағы білім беру және мәдени байланыстардың маңыздылығын түсіне отырып, Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум аясында экономика, адал басқару және дамыту саласында студенттермен алмасуды жүзеге асыру үшін келісім жасасты. Аталған келісімнің жалпы мақсаты екі елдің академиялық байланыстарын көтермелеу және мәдениетін байыту мақсатында екі қатысушы мекеменің арасында білім беру қатынастарын және ынтымақтастықты орнату болып табылады.

Әрбір студенттік алмасудың мақсаты студенттерге әріптес-университетте білім алу, академиялық және студенттік өмірге қатысу, туған елі мен өз университетін танымал етуге үлес қосу мүмкіндігін беруді көздейді. Бишкек қаласындағы ЕҚЫҰ Академиясы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) және Қырғыз Республикасының үкіметі арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады. 2002 жылы тараптар Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, оның нәтижесінде Академия қауіпсіздік мәселелері бойынша өңірлік диалог және ғылыми зерттеулер үшін аймақтық білім беру және форум орталығы мәртебесіне ресми түрде ие болды.

Халықаралық бағдарламалар студенттерге бүкіл әлем бойынша ең үздік университеттерде семестр, бір не екі жыл бойы оқуға жағдай жасайды.
Осы мақсатпен КАЗГЮУ студенттерге шетелдік университеттің дипломын алуға мүмкіндік беретін Қос Диплом Бағдарламасын (DoubleDegree) ұсынады. Айта кетерлік, аталған бағдарлама біздің оқу бағдарламамыздың халықаралық стандарттар бойынша әзірленгенін және оған сәйкес келетінін дәлелдейді.
Қос диплом бағдарламасының артықшылығы – КАЗГЮУ студенті бола тұрып, шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болып (әріптес оқу орындары бізбен жасалған шарттардың арқасында тегін бір жылдық бағдарламаларды немесе оқу ақысына үлкен жеңілдіктерді ұсынады), нәтижесінде екі дипломның иегері атануыңыз мүмкін. Әрине, ол үшін жоғары академиялық талаптарға сай келіп, шет тілін жақсы білуіңіз керек.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы:
Жыл сайын Экономика мектебінің жүзден астам студенті Еуропа мен Азия университеттерінде оқып келеді. Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша біздің әріптес оқу орындарының саны отыздан асты.
ЭРАСМУС+ стипендиялық бағдарламалары Еуропада бір семестрді тегін оқып, стипендия алуға мүмкіндік береді.
МЕВЛАНА бағдарламасы Түркияның университетінде семестр не бір жыл бойы оқуға мүмкіндік береді.
КАЗГЮУ Экономика мектебінің оқытушылары Эрасмус + бағдарламасы арқасында халықаралық тәжірибеге ие болуда.

2019 жылдың 29 мамырында M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нде «Түпнұсқалылық, интерпретация және идеология: Қазақстандағы ГУЛАГ туризмінің үлгісі» атты ғылыми семинар өтеді. Семинардың негізгі спикерлері – Глазго Университетінен доктор Гийом Тибергиен және Глазго-Каледония Университетінен (Ұлыбритания) профессор Джон Дж. Леннон.

Семинар төңірегінде ғалымдар 2018 жылы КАРЛАГ және АЛЖИР мұражайларында жүргізген өздерінің зерттеу нәтижелерімен таныстырады. Презентация ГУЛАГ-тың тарихи жерлерінің тарихи-мемориалдық мұрасының идеологиясы мен түпнұсқалылығы және оның жалпы Қазақстандағы туризмнің дамуына ықпалы туралы түсінік береді.

Семинардың тілі – ағылшын, орыс және қазақ тілдеріне аударылады.

Іс-шараны өткізу уақыты мен орны: 29 мамыр, сағат 14.00-де, Нұр-Сұлтан қ., „M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti„ АҚ-ы, Қорғалжын тас жолы, 8, Конференц-зал, 5-қабат.

Еуропа күнін атап өту аясында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі жастардың көшбасшылық қасиеттері мен дағдыларын дамытуға арналған шараны – #Skills4Jobs өткізуді жоспарлайды. Бұл шара KAZGUU студенттерінің бірнеше рет қатысқан Ambassadors’ Café-нің кеңейтілген нысаны болып табылады.

Биылғы бағдарлама көптеген шараларды қамтиды, оның ішінде ЕО Елшісі Свен Олов Карлсон мырзаның құттықтау сөзі, өзінің табысқа жету жолымен бөлісетін танымал отандық тұлғалардың қатысуымен панельдік сессия, Ambassadors’ Café (ЕО мүше-елдерінің елшілері мен жастардың бейресми пікірталасы), сондай-ақ студенттерді Еуропада білім алу мүмкіндіктерімен таныстыратын Эразмус + бағдарламасының презентациясы (бағдарламаны төменде қараңыздар).

Ағылшын тілін жақсы меңгерген барлық студенттерді, жас оқытушыларды, магистранттар мен докторанттарды шақырамыз.

Уақыты: 21 мамыр 2019 ж., сағат 11.00-ден 15.00-ге дейін

Өтетін орны: IQ Coworking, Достық көш., 5

Қымбатты достар, M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti және Әзірбайжан Республикасының Елшілігі Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашаб Ейнадин Оглу мырзаның қонақ дәрісіне шақырады.

Дәрістің тақырыбы Әзірбайжан Республикасының Дипломатиялық қызметінің жүз жылдығына және Қазақстан мен Әзірбайжанның қарым-қатынастарына арналған.

Дәрістің соңында “Соңғы сессия” деп аталатын фильм көрсетілмек.

Өтетін күні: 21 мамыр 2019 ж.
Уақыты: сағат 12.00.
Орны: M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің 403-ауд.
Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Қорғалжын тас жолы, 8.

Қатысам деушілердің барлығын қуана қарсы аламыз.

Бұл шараға 20 мамырдың сағат 12.00 дейін тіркелуге болады.

Тіркелу үшін мына сілтемеден өтіңіздер:
https://docs.google.com/forms/d/1d9p_v3Ar2HPTy8rAqBcbTxnpPwMjOmRCUlM7iijCfRc/edit

16 Мамыр, 2019, Нұр-сұлтан

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША 4-ШІ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

Академиялық адалдық саясатын енгізу және жүзеге асыру: Жаһандық және аймақтық келешегі

Өткізу орны: М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті/ Тұңғыш Президент атындағы Конференц залы

 

 

  Тіркеу

08:30 – 09:30

 

 

 Пленарлық сессия

 

КІРІСПЕ СӨЗ

09:30 – 10:00

 

09:30-10:15 Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі

Талғат Нәрікбаев, Ректор, М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті, Нұр-сұлтан, Қазақстан

Массимо Пиньятелли, Медицина жөніндегі вице-президент және профессор – Медицина мектебінің деканы, Назарбаев Университеті, Нұр-сұлтан, Қазақстан
Лоретта ОДоннелл, PhD, Академиялық сұрақтар жөніндегі вице-провост, Назарбаев Университеті – Конференция тең төрағасы
Дильбар Гимранова, MPhil., MBA, Экономика Жоғары мектебінің деканы, КАЗГЮУ Университеті – Конференция тең төрағасы

 

БАС БАЯНДАМАШЫЛАРДЫҢ СӨЗДЕРІ

10:15 – 11:30

 

Модератор: Лоретта ОДоннелл, PhD, Академиялық сұрақтар жөніндегі вице-провост, Назарбаев Университеті

Өткізу орны: Тұңғыш Президент атындағы Конференц зал

10:15–10:45 Доктор Робин Лукас, Профессор және Ұлттық эпидемиология және халық денсаулық сақтау орталығының басшысы, Австралия Ұлттық Университетінде

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеу тұтастығы: салдары және мүмкіндіктері

10:45– 11:15 Доктор Томас Фолтинек, Германияның Вупперталь Университетінде Білім және деректер дайындау тобының ғылыми аға қызметкері және Академиялық адалдық бойынша Еуропалық желісі Кеңісінің Президенті:

Академиялық адалдықты жүзеге асырудағы еуропалық перспективалар’

11:15-11:30 Сұрақ-жауап сессиясы

 

КОФЕ-БРЕЙК

11:30 – 12:00

 

 

 ПЛЕНАРЛЫҚ СЕССИЯ

12:00 – 13:30

 

  Модератор: Дильбар Гимранова, MPhil., MBA, Экономика Жоғары мектебінің деканы, КАЗГЮУ Университеті

Өткізу орны: Тұңғыш Президент атындағы Конференц залы

  Доктор Шумей Гао, Экономика Доценті, Хериот Уатт Университеті, Ұлыбритания

Оқу әдістері және мәдениеттің академиялық адалдыққа ықпалы: халықаралық студеннтерді бақылау

  Доктор Дункан Пристли, Институционалдық тиімділік бойынша бас директор & Айжан Мусина, Аға менеджер, Институционалды тиімділік, Провост кеңсесі Назарбаев Университеті

Назарбаев Университеті студенттерінің оқу нәтижелері жетістіктерін байқау әдістері’

  Катя Левченко, Аймақтық Менеджер, Turnitin (Академиялық плагиат анықтау қызметі)

Үздік академиялық адалдық саясаты мен тәжірибелерді нығайтудағы технологиялардың рөлі

Алия Оспанова, Орталық азия және Әзірбайжан бойынша Аймақтық менеджер, Elsevier

Академиялық адалдық үшін SCOPUS

 

 

ТҮСКІ АС

13:30 – 14:30

 

 

ПАРАЛЛЕЛЬ ПАНЕЛЬДІ СЕССИЯЛАР

14:30 – 16:00

 

1430-1600 1 Сессия

Модератор: Доктор Дункан Пристли, Институционалдық тиімділік бойынша бас директор, Назарбаев Университеті

Өткізу орны: 402 аудитория

Баяндамашылар:

  1. Доктор Денис Солтис, Төраға, Қоғамдық басқару және халықаралық даму кафедрасы, КИМЭП Университеті:

Қазақстандық Университеттерде Академиялық адалдық бойынша мәдениет қоғамы және педагогиканы теңшеу

 

2.      Доктор Рита Каса, Доцент, Жоғары білім беру мектебі, Назарбаев Университеті және Доктор Али Аид Си Мухаммед, Доцент, Жоғары білім беру мектебі, Назарбаев Университеті

Қатысушыларға академиялық басылымдарда өзіндік ерекшеліктерін қорғауға  қарсы жасанды кейстер

 

  1. Дмитрий Мельников, Философия курсы бойынша аға оқытушы, Экономика Жоғары мектебі, КАЗГЮУ Университеті:

Академиялық адалдық зияткерлік ізгілік ретінде: М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде Философия және Сын тұрғысынан ойлау курстарындағы зияткерлік жауапкершілік туралы

 

  1. Сауле Кемельбаева, Аспирант зерттеуші, Ньюкасл Университеті бизнес мектебінде Экономика бойынша PhD студенті, Ұлыбритания:

Негізделген шешім қабылдау: Деректер Университет рейтингінің сенімді көрінісі ма?

 

Сұрақ-жауап сессиясы
1430-1600 2 Сессия

Модератор: Доктор Икболжон Корабоев, Халықаралық қатынас бойынша Доцент, Экономика Жоғары мектебі, М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті

Өткізу орны: Тұңғыш Президент атындағы Конференц залы

Баяндамашылар:

  1. Дарья Звонарева, Назарбаев Университеті Кітапханасы:

Орталық Азия аймағындағы кітапханалық қызметтер арқылы институционалдық академиялық адалдықты қолдаудағы қиындықтар мен перспективалар: Қазақстан мысалы

 

  1. Джозеф Йап, Назарбаев Университеті Кітапханасы:

APA сілтемесінде анықталған қателіктер: Ақпараттық сауаттылық бағдарламасын жетілдірудің негізі

 

  1. Риан Андерсон және Доктор Элизабет Мулинэкс Дайындық мектебі, Назарбаев Университеті:

Академиялық жазба үшін негізді пайдалану құзыреттіліктерді жетілдіру үшін оқу журналын қолдану

 

  1. Кобілбек Абдураимов, Ташкенттегі Вестминстерлік Университеті:

Жариялау немесе алу саясаты: күткеніміз осы ма?

 

Сұрақ-жауап сессиясы
1430-1600 3 Сессия

Модератор: Талғат Кутебаев, Аға оқытушы, Экономика Жоғары мектебі, М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті

Өткізу орны: 403 аудитория

Баяндамышылар:

1.      Эстер Бабажанян, Заң бойынша аға оқытушы, Құқық Жоғары мектебі, КАЗГЮУ Университеті:

Педагогикалық мақсаттарда аудиовизуалды шығармаларды жасау кезінде авторлық құқық туралы заңнаманы қолдану мәселелері’

 

2.      Раушан Омарова, Қоғамдық заң кафедрасының аға оқытушысы, Құқық Жоғары мектебі, КАЗГЮУ Университеті:

АҚШ Университеттері үлгісінде академиялық адалдық саясаты: Қазақстан Университеттері үшін сабақтар

 

3.      Г. А. Шопаева, Ж. Б. Мукашева, Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті:

Медициналық университетте академиялық адалдықты жүзеге асыру жолдары

 

4.      С.Б. Маукаева, М. В. Кузнецова, Е. Н. Бухарина, Т. С. Баянбаева, А.А. Грибоедова, Жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы, Семей Медициналық Университеті:

Дәрістер сапасын инновациялық бағалау

 

5.      Асель Мухамеджанова, Асия Бабаева және Мария Бекова, Назарбаев Университеті:

Академиялық адалдық мәдениетін құру: Орта мектеп мұғалімдері үшін жоғары білім

 

 

Сұрақ-жауап сессиясы

 

ЖАБЫЛУ РӘСІМІ

(кофе-брейкпен жалғасады)

Тұңғыш Президент атындағы Конференц залы

16:00 – 17:00

Құрметті студенттер, түлектер! Будапешт қаласындағы немістілді Andrassy Университетінің (AUB) магистратурасында оқу үшін DAAD германиялық академиялық алмасу қызметінен стипендия алу мүмкіндігіңіз бар.

Будапешттегі Andrassy Университеті – 2001 жылы Венгрия мен Аустрияның, Швейцария мен Германияның қолдауымен құрылған еуропалық университет.

AUB оқу тілі неміс тілі болғандықтан, талапкерлер/студенттер неміс тілін белгілі бір деңгейде білуге тиіс.

Қазіргі таңда AUB-де әлемнің жиырма елінен екі жүз жиырмаға жуық студент оқып, зерттеулерін жүргізеді және елуге тарта оқытушы сабақ береді.

Бұл стипендия мынадай бағыттар бойынша магистр дәрежесін алу үшін ЕО-ға кірмейтін елдерден шетел түлектері үшін AUB-де оқу мүмкіндігін ұсынады:

– Халықаралық экономика және бизнес магистрі;

– Халықаралық қатынастар магистрі;

– “Менеджмент және көшбасшылық” магистрі;

– “Орталық Еуропадағы маманданумен тарих” магистрі;

– Дипломатия

– “Орталық Еуропа зерттеулер” магистрі;

– Салыстырмалы мемлекеттік және құқықтық ғылымдар;

– “Еуропалық және халықаралық басқару” магистрі.

Бұл стипендия жөнінде көбірек мағлұматты www.studienstart.eu сайтынан ала аласыздар. DAAD 800 € құрайтын ай сайынғы стипендияны ұсынады.

Өтінішті беру шарттары туралы ақпарат мына сайтта: www.studienstart.eu/stipendien/daaddrittlandstipendium

M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti 2019 жылғы 30 сәуір мен 3 мамыр аралығында Экономика жоғары мектебінің студенттерін Эразмус+. Оқытудағы ұтқырлық бағдарламасы аясында Университетке келетін Польшаның Ополе Университетінің профессоры Януш Слодчиктің дәрістеріне шақырады.

Профессор Януш Слодчик 2012 жылдан бастап сабақ береді, ал оған дейін көптеген жылдар бойы Зерттеулер, қаржы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректордың қызметін атқарды. Сондай-ақ экономика факультетінің деканы болып жұмыс жасады.

Қазіргі таңда доктор Я. Слодчик Ополе Университетінің Экономикалық география және кеңістіктік басқару департаментінің басшысы болып қызмет атқарады және қалалық даму және жоспарлау мәселелерімен айналысады.

Оның ең маңызды еңбектері өзінде „Ғарыш қалалары және олардың трансформациясы„ (2000 жылы) және „Қалаларды жоспарлау және салу тарихы„ (2012 жылы) монографияларын қамтиды. Соңғы монографиясы Польшаның Краков қаласында өткен Академиялық кітап көрмесінің басты жүлдесіне ие болды.

Сондай-ақ профессор Я. Слодчик әрбір екі жыл сайын өтетін „ХХІ ғасырдың шахарлары„ деп аталатын және қалалардың проблемаларын шешу сияқты ортақ мақсаты бар көптеген географтарды, қала құрылысшылары мен экономистерді біріктіретін конференциялардың бастамашысы және ұйымдастырушысы болып табылады.
Бұдан басқа, доктор Я. Слодчик „Қалалық зерттеулер„ журналының негізін қалаушы және бас редакторы, сондай-ақ „Экономикалық және экологиялық зерттеулер„ журналының бірлескен негіз қалаушысы мен редакторы болып табылады. Януш Слодчик – Польшаның Ғылымдар академиясының Ұлттық кеңістіктік жоспарлау комитетінің мүшесі.
Доктор Януштың дәрістері экономикалық география, қалалық география және қала құрылысы тарихына арналған.

Толығырақ ақпаратты мына сайттан көре аласыздар: www.janusz-slodczyk.eu

M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti 2019 жылғы 22 сәуір мен 3 мамыр аралығында Құқық жоғары мектебінде Құқықтық әдеп және заң жосықсыздығы бойынша сабақ беру үшін заң ғылымдарының докторы, Оңтүстік Техас (АҚШ) Киелі Мария Университетінің профессоры Винсент Р. Джонсонның келетіндігін қуана хабарлайды. Профессордың дәрістеріне қатысу үшін 2, 3 және 4-курстардың студенттері шақырылады.

Профессор құқық бұзушылықтары, кәсіби жауапкершілік, кәсіптік жосықсыздық туралы заң, мемлекеттік этика, халықаралық құқық және салыстырмалы құқық сияқты салаларда сабақ береді. Джонсон мырза Бирма, Қытай және Румыния секілді елдерде Фулбрайт қорының құрамында зерттеулерді жүргізді. Оның мақалалары екі жүзден астам заңнамалық шолу басылымында және федералдық және мемлекеттік соттардың алпыс шешімінде келтірілген еді.

Профессор Джонсон Америка заң институтының сайланған мүшесі болып табылады. Ол философия докторы дәрежесін Нотр-Дам Университетінде, құқық магистрі дәрежесін Йель Университетінде және екінші құқық магистрі дипломын Лондонның экономика мектебінде алған.

2019 жылдың 22 – 26 сәуір аралығында M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti және ОАР Елшілігі Оңтүстік Африканың апталығын жариялайды!

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti ОАР-дың Қазақстандағы Елшілігімен белсенді ынтымақтастық құрып, апталықтың студенттер мен қызметкерлерге бұл ғажайып ел және оның көрнекті тұлғалары туралы көбірек мағлұмат алуға мүмкіндік береріне үміттенеді.

ОАР туралы қысқаша ақпарат: ОАР – өңірдегі халықтың басым бөлігі – елу миллион адам тұратын мемлекет. Бұл елдің 11 ресми тілі бар, оның ішінде ағылшын, зулу, африкаанс және басқалар. Оңтүстік Африка – дүниежүзілік туризм үшін өзінің ерекшелігімен тартымды аймақ. Күллі мәдени қордың мұрасы болып саналатын Африканың қорықтарында жануарлар әлемінің көптеген түрлері өмір сүреді.

2019 жылғы 22 – 26 сәуір аралығында өтетін іс-шаралар жоспары:

1. Оңтүстік Африканың мәдени мұрасы мен тарихы жайында баяндайтын көрмелер кітабы, өтетін орны – Университет кітапханасы.

2. Суреттер көрмесі (Университеттегі холл).

3. ОАР тарихы мен мәдениеті туралы білімдердің онлайн-сайысы. Сайыстың нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, ОАР елшілігінің сыйлықтарымен марапатталады (әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан тыс қалмаңыз).

Сондай-ақ осы апта бойы Оңтүстік Африканың музыкалық өнерімен танысуға мүмкіндігіңіз болады.

Аптаның соңында 26 сәуір күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Тұңғыш Президенттің Акт залында ОАР Бостандық күні атап өтіледі.

КАЗГЮУ Ректоры Т.М. Нәрікбаев APU Проректор орынбасары Prof. Dr. Vinesh Thiruchelvam, КАЗГЮУ Провосты М. Дауленов пен Жоғары мектептерінің Декандары, екі университеттің халықаралық департамент өкілдерінің қатысуымен Меморандумға қол қойды.

Аталған ынтымақтастық екіжақты студенттер мен кәсіби-оқытушылар құрамының алмасуын, студенттерге арналған Жазғы мектебін, зерттеу тағылымдамалар және зерттеу жобалар жұмыстарын басқаруын қамтиды.

2019 жылдың 29 наурызында M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нде Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, доктор Монтасер Абу Зейдтің қонақ дәрісі өткен. Дәріс палестиналықтардың израильдік оккупациясына қарсы күресі мен ауызбіршілігінің нышаны ретінде жыл сайын 30 наурызда атап өтілетін „Жер күніне„ арналған еді. Іс-шараны сәлемдесу сөзімен M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің Ректоры Т.М. Нарикбаев бастады. Дәріс барысында студенттердің Елші мырзаға сұрақ қою мүмкіндігі болды. Дәріс соңында барлық қонақтар, оқытушылар мен студенттер Астанадағы Палестина Елшілігі ұйымдастырған мерекелік дастарханнан дәм татты.

2019 жылдың 25-29 наурыз аралығында M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің делегациясы Азия-Тынық Мұхит халықаралық білім қауымдастығының он төртінші жыл сайынғы конференциясына (Asian Pacific Association for International Education (APAIE) Conference and Exhibition, Куала-Лумпур, Малайзия) қатысты.

APAIE — жыл сайын өтетін конференция және бүкіл әлемдегі елдердің жоғары білім саласындағы өкілдерін біріктіретін және ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған Азия-Тынық мұхит өңіріндегі ең басты кәсіби шара болып табылатын көрме.

KAZGUU делегациясының алдына Қазақстандағы ең беделді жоғары оқу орындарының бірі ретінде университетпен таныстыру, ғылым әрі білім саласында ұзақ мерзімді әрі жан-жақты ынтымақтастық үшін ең ірі азиялық және батыс білім беру мекемелерінің арасында жаңа әріптес табу және азиялық жоғары оқу орнының өкілдігін ашу секілді міндеттер қойылды. KAZGUU өкілдері әріптестік қарым-қатынастарды орнату мақсатымен Азия-Тынық мұхит технологиялар және инновациялар университетіне (APU) барып, Австралия, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Үндістан, Макао, Малайзия, Нидерланды, Польша, Ресей, АҚШ, Тайвань, Түркия, Филиппин, Франция және Жапония секілді елдердің университет өкілдерімен кездесіп, ынтымақтастықтың ықтимал жобаларын талқылады.

Сондай-ақ Университет делегациясының мүшелері тәжірибемен алмасуға, дүниежүзілік ғылыми-білім кеңістігінде жоғары оқу орындарын ілгерілету мәселелері бойынша халықаралық сарапшылардың консультацияларын алуға және оқытуға бағытталған конференцияның ауқымды бағдарламасына да қатысты.

Қазіргі таңда Университет жақын және алыс шетелдегі сексеннен астам жоғары оқу орнымен әріптестік қатынастарын орнатты және бұл тізім үнемі жаңартылады. KAZGUU Unıversıteti оқудағы, сабақ беру мен зерттеудегі интернационалдандыруды дамыту өзінің негізгі стратегиялық міндеті деп көреді. KAZGUU Unıversıteti-нің білім беру қызметі еуропалық білім сапасының стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

2019 жылы KAZGUU Unıversıteti тағы екі халықаралық шараға қатысуды жоспарлайды: Еуропалық халықаралық білім қауымдастығының EAIE-2019 атты жыл сайынғы конференциясына (Хельсинки, Финляндия) және халықаралық білім саласындағы NAFSA-2019 көрмесіне (Вашингтон, АҚШ).

Құрметті студенттер, оқытушылар, қонақтар!

1 сәуір күні M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің кітапханасында Ракуго жапон актерлерінің өнерін тамашалауға шақырамыз. Бұл шара Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің және Академиялық дипломатиялық клубының қолдауымен ұйымдастырылды.

Жапонияның классикалық театр өнерлерінің бірі – Ракуго тарихы төрт жүз жылдан да артық. Әдетте ракугоны комикалық әңгіме өнері деп атайды, себебі миниатюралардың көбісі – жапон қоғамы туралы баяндайтын және күлкілі аяқталатын сатирикалық әңгімелер.

Шақырылған қонақ – Mr. Eiraku Kanariya, Ракуго арқылы жапон жастарына ағылшын тілін үйрететін танымал жапон актері.

Шара ағылшын тілінде өтеді.

Өтетін күні мен уақыты: 1 сәуір, сағат 11:00, M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti кітапханасының шетелдік әдебиет залы.

Бұл курс Батыс және Шығыс Еуропа, сондай-ақ әлемнің басқа да елдері сияқты трансұлттық еуропалық ұстаным аясында адам құқықтарын қорғау саласындағы заңдар мен ережелер жөнінде өз білімін жетілдіргісі келетін жоғары оқу орындарының түлектеріне және үлкен курстардың студенттеріне арналған.

Қатысушылар:
– ағылшын тілінде еркін сөйлеуге;
– соңғы курста оқуға;
– жария халықаралық құқықтың базалық түсініктерін жақсы меңгерген болуға тиіс.

Бұл кешенді курсты Еуропаның Виадрина университеті үйлестіретін әр түрлі еуропалық елдердің университеттерінен тәжірибелі мамандар мен сарапшылардан құралған арнайы топ ұйымдастырды.

Өтінімдерді беру мерзімі – 30.03.2019 жылы.

Қосымша ақпарат.

13 наурыз күні М. С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде „Германдық модель бойынша криминалистика дағдыларын үйрету„ тақырыбында дәріс өткізілді. Бұл іс-шара Астанадағы Конрад Аденауэр қорымен бірлесе ұйымдастырылды.
Криминалистика жайында дәрісті өткізген Кристиан Матцдорф — криминалистика маманы және доцент, Экономика және заң университетінің Президентінің „Жоғары оқу орындарындағы кризис-менеджмент„ жобасы бойынша өкілі, және Берлин полициясының басшысы. Дәріске М. С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің студенттері, оқытушылары және қонақтары қатысып, қызықтырған сұрақтарын қойды.
М. С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университеті Конрад Аденауэр қорымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруды және алдағы екіжақты жобаларды жүзеге асыратын болады.

таллиннаАстанада Эстония университетінің ақпараттық сессиясы өтеді! Таллин университеті Халықаралық бағдарламалар орталығымен (Болашақ) бірге Эстонияның жоғары білім жүйесі, ағылшын тілінде оқытатын бакалавриат және магистратура бағдарламалары, Таллин студенттерінің өмірі, оқуға түсу процесі, қазақстандық студенттерге арналған стипендиялар мен гранттар туралы ақпаратпен танысуға шақырады. Сонымен бірге, университет неше түрлі қысқа мерзімді курстарды және жазғы мектептегі керемет мәдени бағдарламаны ұсынады.
Кездесу орны: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Алтын Орда БО, 1-қабат
Уақыты: 10:00 — 13:00, 18 ақпан
10:00 — 12:00 Университет презентациясы
12:00 — 13:00 сұрақтар-жауаптар
Эстонияның жоғары оқу орындарына оқуға түсушілерге қойылатын негізгі талаптар:

1) Орта білім туралы аттестатт/бакалавр дипломы немесе 10-11 сынып табельдері/ағылшын тілінде соңғы курстың транскрипті (егер түпкілікті құжаттар әлі берілмеген болса)
2) IELTS 5.5 немесе TOEFL IBT 72
Стипендиялардың түрлері
1. Университет стипендиялары
— оқу ақысына 100% жеңілдік (гранттар)
— студенттердің қажеттілігіне негізделген ай сайынғы стипендиялар (аз қамтылған отбасылар және т.б.)
— академиялық нәтижелер бойынша стипендиялар

2. Ministry of Foreign Affairs Scholarships
тегін оқу – ай сайынғы стипендия

3. Dora Plus Scholarships
Ай сайынғы стипендия 350/660 евро
Estonian Governmental Scholarships for international students
Ай сайынғы стипендия

4. Мамандану бойынша стипендиялар (IT саласы және т.б.)
Барлық сұрақтар бойынша мына телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыздар: 76-90-56

india2019-20 оқу жылына Үндістанның университеттеріне / оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалар бойынша оқуға арналған ICCR бойынша жалпы стипендиялық бағдарламасы шеңберінде Қазақстан азаматтарының өтініштері қабылданады. Стипендия әр түрлі пәндер бойынша, оның ішінде өнер, ғылым, инженерия, бизнесті басқару, бухгалтерлі есеп, сауда, театр өнері және гуманитарлық ғылымдар сияқты ғылыми зерттеулер жүргізуге берілдеді. Үміткерлер Үндістанда жоғары білім алуға мүмкіндік беретін ағылшын тілін жақсы деңгейде білу керек. Қосымша ақпарат алу үшін (A2A) ICCR әзірлеген «Түлектерді қабылдау» стипендия порталын ашыңыз. Мүдделі үміткерлер 2019 жылдың 15 ақпанға дейін ICCR стипендиялық бағдарламасының өтініш порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.

Барлық сұрақтар бойынша мүдделі үміткерлер Астанадағы Үнді мәдени орталығына +7 (7172) 449884 және +7 7019431504 телефон арқылы немесе e-mail: diricc.astana@mea.gov.in

IMG_1407IMG_1402IMG_1435IMG_1460IMG_1462IMG_148710 қазанда салтанатты жағдайда Венгрияның Сыртқы істер министрі Сийярто Петерге «КАЗГЮУ-дің Құрметті докторы» атағын беру рәсімі өтті. Ең алдымен Петер Сийярто М.С. Нәрікбаев атындағы университеттің заманауи кітапханасымен танысты. Одан кейін профессорлық-оқытушылық және студенттер құрамына дәріс оқып, құрметті доктордың атағы үшін ризашылығын білдірді. Министр венгер-қазақстандық байланыстарды сөз етіп, екі елдің арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі деңгейі ойдағыдай екенін айтты.
Петер Сийярто: «Дәрістерді ұйымдастырғаны үшін КАЗГЮУ Университетіне және бүгін келген әрбір адамға алғысымды білдіремін. Сіздердің алдарыңызда дәріс оқып, осында қайта шақырылуым мен үшін үлкен құрмет. Қазіргі таңда Венгрия мен Қазақстанда болсын, әлемнің басқа бөлігінде болсын өзгерістер өте көп. Сол себепті мен әлемдегі ахуал туралы өз ойыммен бөлісіп, сіздермен пікір алмасқым келеді». Университеттің конференц-залында жалғасқан іс-шарада КАЗГЮУ Ректоры Талғат Нәрікбаев бүкіл ұжым атынан Петер Сийярто мырзаға алғыс білдірді. «Мен КАЗГЮУ Университеті мен Венгрияның әріптес жоғары оқу орындарының арасында қалыптасқан ерекше қарым-қатынастарды белгілегім келеді. Мен 2014 жылы Будапешт қаласына барған кезде, біз Корвинус Университетінің өкілдерімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық. Нәтижесінде екі жақты алмасу аясындағы әріптестік қатынастарымыз осы күнге дейін жалғасуда. 2015 жылы оқыған әрі ешкімді бейжай қалдырмаған дәрісіңіз әлі есімізде. Сондай-ақ біздің университет 2018 жылы салыстырмалы конституциялық құқыққа тақырыбына арналған халықаралық жазғы мектебін өткізген кезде, Венгрияның студенттері мен профессорлары белсене атсалысқан. Құрметіміздің белгісі ретінде және қарым-қатынастардың дамуына үлес қосқаны үшін Сізге
«КАЗГЮУ Университетінің Құрметті докторы» атағын беруге рұқсат беріңіз», – деп Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев құрмет нышандарын табыстады. «КАЗГЮУ Құрметті докторы» атағы туралы ережеге сәйкес бұл атаққа көптеген шетелдік мемлекеттік және саяси қайраткерлер, дипломаттар ие болды.

PB6DeufWxY0Ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін (қоса алғанда) студенттер 2019 жылдың көктемгі семестріне шақталған академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса алады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:
GPA 3,0 және одан жоғары;
алдыңғы семестрлердің академиялық берешегінің болмауы.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:
1. ағылшын тілін білу деңгейін тексеру үшін тест тапсыру Reading and listening – 50 мин. (қажетті деңгейдегі IELTS сертификаты болмағанда);
2. академиялық ұтқырлық жөніндегі комиссияның мүшелерімен сұхбаттасу.

Конкурс нәтижелері туралы қатысушыларға эл.пошта арқылы хабарланады.
Құжаттар тізімі қоса беріледі.
Қатысушыларға корпоративтік пошта арқылы хабарлама жіберілетінін ескерулеріңізді сұраймыз.
Толтырылуы тиіс құжаттарды төмендегі сілтеме бойынша жүктей аласыз.

Университеттер туралы ақпарат мына сілтеме бойынша:

және мына файлда: по ссылке
и во вложении ВШЭ и ВШП.

Құжаттарды тапсыру үшін DEADLINE – 2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін (осы күнді қоса алғанда). 16 қыркүйек күні құжаттар қабылданбайды!
Платонустан шығарылған транскрипт тапсыруға болады.

Барлық сұрақтар бойынша 213-каб. сағат 10:00 – 12:00 және 16:00 – 17:00 аралығында немесе mobility@kazguu.kz электрондық поштасына жолығуыңызды сұраймыз.

20180426_114944 20180426_115130 20180426_130810(1)
2018 жылдың 26 сәуірінде Куба Республикасының Қазақстандағы елшісі Emilio Pevida Pupo мырза КАЗГЮУ студенттеріне арнап лекция оқыды. Тақырыбы: «Кубаның тарихы және өзіндік сана сезімі». Бүгінгі таңдағы өзекті тақырып Академиялық Дипломатиялық клубтың қонақтары, студенттер мен қызметкерлердің арасында үлкен қызығушылық тудырды.

20180419_115232 20180419_115310 20180419_115702 20180419_115708 20180419_115714 2018 жылдың 19 сәіур Theodorus Malherbe мырза КАЗГЮУ студенттерінің алдында сөз сөйледі. Лекция тақырыбы «Африканың дамуы» болды. Бұл тақырыптың өзектілігі бүгінгі таңда Академиялық Дипломатиялық клубтың қонақтары, студенттер мен қызметкерлердің арасында үлкен қызығушылық тудырды.

index

Ү.ж. 6 наурызда Әзірбайжан Елшілігі КАЗГЮУ Университетінің 1-курс студенттерін Әзірбайжан Елшісі Маммадов Рашад Эйнаддин оглы мырзаның «Әзірбайжан мен Қазақстан ынтымақтастығы туралы» деген тақырыпқа арналған дәрісіне шақырды. Студенттер екі елдің экономикалық және саяси салалардағы ынтымақтастығының дамуы туралы сұрақтарды қойып, Елшіліктің жұмысымен танысты.

D7lJX00b05E
-zc_CWh_uFY
fhllEm1ByZY
0JS_4475
Менің есімім Елдана. Мен “Аударма ісі” мамандығы бойынша 4-курс студентімін. 2017 жылы маған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяның Аньян университетінде білім алу бақыты бұйырды. Кореяда жаңа адамдармен және олардың мәдениетімен танысып, корей тілін үйрене бастадым және көптеген студенттермен достастым. Сондай-ақ Корея мен үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып, мен өзімнің жайлылық аймағымнан шыға білдім, нәтижесінде өзіме деген сенімім артып, басқалармен тілдесу дағдыларымды жақсарттым. Осы мүмкіндік үшін мен өз ата-анама және КАЗГЮУ Университетіне алғыс білдіремін.

IMG_1204 IMG_1202 IMG_1197 IMG_1192 IMG_1189

2018 жылдың 6ақпанындаГреция мемлекетінің сыртқы істер министрінің орынбасары Профессор Джордж Катругалос мырза КАЗГЮУ студенттерінің алдында сөз сөйледі. Лекция тақырыбы «Грецияның сыртқы және экономикалық саясаты» болды. Бұл тақырыптың өзектілігі бүгінгі таңда Академиялық Дипломатиялық клубтың қонақтары, студенттер мен қызметкерлердің арасында үлкен қызығушылық тудырды.

20180130_10085020180130_100837

 

20180130_101042

20180130_110325

20180130_110418

Рената

2018 жылдың 30 қаңтарында Словакия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Peter Juza мырза КАЗГЮУ студенттерінің алдында сөз сөйледі. Лекция тақырыбы «Қазақстан мен Словакияның арасындағы дипломатиялық қатынастарына 25 жыл» болды. Бұл тақырыптың өзектілігі бүгінгі таңда Академиялық Дипломатиялық клубтың қонақтары, студенттер мен қызметкерлердің арасында үлкен қызығушылық тудырды.

xBEOADDBwP4

C9_uJCfnpIw

КАЗГЮУ Hebron Univerisity-мен (Хеброн, Палестина) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім аясында оқытушылардың тәжірибемен алмасу мүмкіндігі үшін жағдай жасалған. Палестиналық университетте біздің жоғары мектептерге ұқсас Құқық, Қаржы және Менеджмент факультеттері қызмет етеді.

IMG_0844 IMG_0814 IMG_0830 IMG_0835 IMG_0860 IMG_0841 IMG_0823 IMG_0865 IMG_0871

Жуырда КАЗГЮУ-ға Палестинадағы Әл-Халил Университетінің ректоры доктор Салах Альзару басқарған делегация келіп кетті. Сондай-ақ делегацияның құрамында заң факультетінің деканы д-р Мутаз Кафишех және Халықаралық бөлімнің директоры д-р Саид Хамад болды.

Әл-Халил Университеті палестиналықтар 1971 жылы құрған Палестинадағы алғашқы университет болып табылады. Бұл Университеттің басты құндылықтары палестиналық мәдениет пен салт-дәстүрлерді ұстанып, барлық адамдарға білім алуға бірдей құқықтар мен мүмкіндіктерді ұсыну болып табылады.

IMG_0609 IMG_0652 IMG_0605

Ү.ж. 29-30 қараша күндері КАЗГЮУ-ға Сауд Арабиясының Ақпарат және орыс-араб зерттеулері орталығының сарапшылары келді.
Шетелдік сарапшыларәлеуметтік коммуникация құралдары арқылы жастарды террористік ұйымдарға тарту тақырыбын ашып және ғалымдар мен қоғамдық ұйымдардың ұстамдылықты таратуда және экстремизмге қарсы күрестегі рөлін белгілеп, Құқық жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттерімен әңгімелесті.

IMG_0672 IMG_0687 IMG_0666

Ү.ж. 29 қарашасында КАЗГЮУ Дипломатиялық клубында АСЕАН елдерінің Төтенше және өкілетті елшілерінің қатысуымен халықаралық ұйымның жарты ғасырлық мерейтойына арналған қонақ дәрісі өтті. Қонақтар оңтүстік-шығыс Азия елдерінің өрлеуі мен проблемаларын талқылады.
Индонезия елшісі Рахмат Прамоно мырза, Таиланд елшісі Нат Пиниоватаначип мырза және Малайзия елшісі Саид Мохаммад Бакри мырза дәрістерін оқыды.

IMG_5048 IMG_5019 IMG_5046 IMG_5034

13 қарашада КАЗГЮУ-дің Академиялық дипломатиялық клубында Грекияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі д.р. Александрос Катранистің “Дипломат алдында тұрған міндеттер” атты тақырыпқа қонақ дәрісі өтті. Елші мырза Катранис дипломатиялық қызметтің мәні мен дипломат кәсібінің ең маңызды қасиеттері жайында баяндап, өзінің мол дипломатиялық тәжірибесіне сүйене отырып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

IMG_3029 IMG_3033 IMG_3031 IMG_3026

2017 жылдың 3 қараша күні М.С. Нәрікбаев атындағы кітапханада «Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-деңгейдің сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеулерді интернационалдандыруды арттыру» семинары өтті.
«Эразмус+» жобасының мақсаты – Қазақстандағы қоғамның біліміне негізделген, докторлық бағдарламаларды интернационалдандыру үшін сапаны қамтамасыз етудің сенімді жүйесін іске қосу мен енгізуге көмектесу.
Семинарға «Болашақ» бағдарламасының докторантура түлектері шақырылды, олар шетелдік тәжірибемен бөлісіп, Чехияда, АҚШ пен Францияда докторлық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету жүйесінің артықшылықтары жайында баяндады.
Сонымен қатар, КАЗГЮУ Университеті М.С. Нәрікбаевтың атындағы кітапханада «PhD Room» ашылғаны жайында қуана хабарлайды, аталған аудиторияда «Эразмус+» бағдарламасы аясында сатып алынған жабдық орнатылған, енді докторанттар мен оқытушылардың зерттеу жүргізу мен кітапхананың электрондық ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігі бар.

IMG-20171102-WA000420171031_143022

КАЗГЮУ Ректоры Т.М. Нәрікбаев және Ақпарат және араб-ресейлік зерттеулер орталығының (Сауд Арабиясының корольдігі) директоры Маджид Абдуль-Азиз ат-Турки ислам экономикасы және құқық саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту мақсатында Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

22688840_1916015308650136_3362450846731594743_n 22730516_1916014811983519_2941400805306581137_n 22688710_1916014711983529_4341123149349883947_n 22729183_1916014611983539_7302990357985097202_n 22729199_1916019278649739_5298860397021018465_n 22687980_1916014468650220_1478533478103957242_n 22780362_1916014721983528_8386936663385671611_n 22730471_1916015145316819_1639983707338698824_n 22851937_1916019191983081_1645305415099769381_n

Биыл БҰҰ күні Қазақстан студенттерін біріктіріп, оларды 2030 жылға дейін жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған Орнықты даму мақсаттарына қатысты өз пайымдарын көрсетуге шақырды.

КАЗГЮУ, Назарбаев Университеті, ЕҰУ, ҚазҰУ, КИМЭП, ҚазХҚжәнеӘТУ секілді еліміздің белді жоғары оқу орындарының студенттері БҰҰ күнін мерекелеуге арналған шығармашылық конкурсына қатысты.

БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдері, шет елдерінің уәкілетті және төтенше елшілері, ҚР СІМ, “Ақбота” ҚҚ, жоғары оқу орындары мен басқа да ұйымдардың өкілдерінен тұратын қазылар алқасының мүшелері бағалады.

Конкурс жеңімпазы КАЗГЮУ Құқық жоғары мектебінің студенті Қуаныш Өзбеков атанды. Енді Қуаныштың Мәскеуге бару мүмкіндігі бар.

Екінші және үшінші орын алған, сондай-ақ көрермендердің көзайымы атанған қатысушылар Samsung Galaxy Edge 7 телефондарымен марапатталды.

IMG-20170705-WA0014

КАЗГЮУ Университетінің командасы Эразмус+ жобасының төңірегінде докторлық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету бойынша Киев қаласында (Украина) өткен тренингтерге қатысты.

Іс-шараның мақсаты тәжірибемен алмасу және қолданыстағы сапа қамтамасыз ету жүйелерін талдау болды. Тренинг барысында Армения, Моңғолия, Украина, Польша, Франция және Испания секілді елдердің әр түрлі тәжірибелері жайында айтылды.

Эразмус+ жобасының жұмыс тобы жуырда жинаған тәжірибе аясында докторлық бағдарламаларды дамыту үшін әріптестерімен кездесулерді жоспарлайды.

_MG_6098_MG_6076_MG_5969_MG_6061_MG_6020_MG_6110_MG_5965

В КАЗГЮУ состоялось торжественное заседание Академического Дипломатического Клуба, посвященное завершению дипломатической миссии Чрезвычайного и Полномочного Посла Франции в Казахстане г-на Франсиса Этьена.

Французский Посол за годы своего пребывания в Казахстане неоднократно выступал перед студентами КАЗГЮУ с лекциями на темы дипломатии, политики, права и экономики.

За заслуги в развитии Университета КАЗГЮУ г-н Ф. Этьен был награжден званием Почетного доктора КАЗГЮУ.

IMG_5589IMG_5570IMG_5584IMG_5571IMG_5590IMG_5591IMG_559220170914_15423120170914_150343

14 және 15 қыркүйекте КАЗГЮУ Университетінің студенттері мен оқытушылары Лестер Университетінің (Ұлыбритания) өкілдерімен кездесті. Экономика жоғары мектебі мен Құқық жоғары мектебінің студенттері д-р Хорас Йоннгтың бизнестің заң аспектілеріне және д-р Стив Конвейдің кәсіпкерліктегі инновацияларға арналған презентацияларына қатысты. Сондай-ақ ағылшын делегация КАЗГЮУ басшылығымен кездесіп, болашақ ынтымақтастық пен өзара мүдделерді талқылады.

20170912_112236

Ү.ж. 12 қыркүйегінде  Ислам ынтымақтастығы ұйымының Саммиті аясында елімізге сапармен келген Палестина әкімшілігінің өкілі  д-р Ахмад Маждалани КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқыды.  Сыйлы қонақтың бірінші курс студенттеріне оқыған дәрісі “Таяу Шығыста бейбітшіліктің орнауы” тақырыбына арналды.

IMG_5482 IMG_5423 зал IMG_5449 IMG_5501 IMG_5441 IMG_5463 IMG_5503 IMG_5474 IMG_5523 IMG_5540

Оқу жылы қарсаңында КАЗГЮУ-да Кувейт Мемлекетінің атаулы аудиториясы есігін айқара ашты. Жаңа дәріс залының ашылу салтанатына ҚР Әділет министрі, Кувейттің Білім министрі, шет елдерінің елшілері, дипломатиялық миссиялардың ресми өкілдері, КАЗГЮУ Университетінің басшылығы, студенттері мен оқытушылары қатысты.

Кувейттің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аль-Фарадж Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекетінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар Қазақстан егемендігін алған сәттен бастап жалғасып келе жатқандығын белгілеп, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жоғары рөлін бағалады. Ол Ислам ынтымақтастығы ұйымы төңірегінде екі елдің өзара әрекеттесуі жалғасып, белгіленген мақсаттардың ортақ жетістігіне айналатындығына сенімді екенін білдірді.

Өз кезегінде, Кувейттің Білім министрі, доктор Мохаммад Абдулатиф Мохаммад Аль-Фарес атаулы аудиторияның ашылуы Кувейттің Қазақстандағы білім беру жобаларын іске асыруға қатысу ниетін білдіретінін хабарлады.  «Орныққан ынтымақтастық КАЗГЮУ үлгісінде білім беру қызметтерін ұсыну саласында Қазақстан көшбасшыларының қолдауын көздеп, өзінде орасан зор даму әлеуетін қамтиды. Біз білім беру саласындағы стратегиялық әріптес ретінде КАЗГЮУ Университетін белгіледік, себебі ол мемлекеттік емес ұйым бола тұрып және елдің бюджетінен өз дамуына дотациялар алмай, Қазақстандағы білім беру деңгейі бойынша көшбасшы болып қала беруде».

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев білім беру саласындағы жобаларды қоса алғанда, екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың нығаятынына үмітін білдірді.

«КАЗГЮУ түлегі болғандықтан, осы жерде болуға қуаныштымын. Кувейт стилінде атаулы аудиториядағы сабақтар студенттерді бұл елдің мәдениетін зерделеуге түрткі болады деп ойлаймын. Ал бұл, өз кезегінде, екі мемлекеттің арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтеді, оның ішінде құқық қорғау саласында, себебі университет түлектерінің көпшілігі бұл саланың өкілдері болып табылады».

Кувейт Мемлекетінің аудиториясының жалпы алаңы 168 ш.м. құрайды. Бұл жөндеуден өткен ең ірі аудиторияларының бірі. Техникалық жабдықталуы, жайлы жиһаз, ішкі көріністің дизайны заманға сай жасалған.

КАЗГЮУ Университетінің Ректоры Талғат Нарикбаев Кувейттің Қазақстандағы Елшілігіне студенттерді қолдағаны үшін алғысын білдіріп, келешекте достық пен ынтымақтастықтың шын ниеттеріне сендірді. Оның айтуынша, университет міндеттерінің бірі – студенттерді әлем халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері жайында хабардар ету.

Презентация аясында Кувейттің білім министрі Мохаммад Абдулатифке   «КАЗГЮУ құрметті докторы» атағы берілді. Кувейттің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Аль-Фарадж және аудиторияны жөндеу жөніндегі бас инженер Эмад Мухтасиб Университет дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Бүгінгі күні КАЗГЮУ-да университет әріптестерінің 8 атаулы аудиториясы қызмет етуде, оның ішінде студенттерге арналған жаңа дәріс залы, аталған аудиторияға Consolidated Contractors Company халықаралық құрылыс компаниясының негіз қалаушылары Саид Хури мен Хасиб Сабаг есімдері берілген. Жөнделген аудиториялардың жалпы алаңы 857 ш.м. құрайды. Инвестициялар сомасының көлемі шамамен 90 млн. теңге  (277 000$) құрайды.

2

2

3

4

5

7

8

10

Екі елдің арасында қалыптасқан дипломатиялық қарым-қатынастардың мерейтойына, сондай-ақ Финляндия тәуелсіздігінің 100-жылдығына орай КАЗГЮУ Университетінде дипкорпус, мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері және университет оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен салтанатты шара өтті.

Қонақ дәрісін оқыған кезде, Финляндияның Жоғарғы әкімшілік сотының бұрынғы төрағасы д-р Пекка Халлберг құқық үстемдігін дамытудағы диалог Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бөлігі болып табылатындығын белгіледі және мемлекеттік билікті жүзеге асыруда фин тәжірибесінің үлгілерін келтірді. 
Дәрістен кейін КАЗГЮУ-дың жанында салтанатты түрде 25 шырша отырғызылды.

Финляндияның ҚР-дағы елшісі Илкка Райсанен мырза белгілегендей, екі елдің арасында тығыз байланыстардың орнатылғанын, сондай-ақ өте кең сауда әрі инвестициялық мүмкіндіктердің барын белгіледі.

– Финляндия мен Қазақстан арасында Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап-ақ достық қарым-қатынастар орнатылды. Қазақстан Финляндияның Орталық Азиядағы ең маңызды саудалық әрі инвестициялық әріптесі, ал Финляндия Қазақстанның Солтүстік Еуропадағы өте маңызды саудалық әріптесі болып табылады, – деп белгіледі Елші.

Тығыз байланыстардың мысалы ретінде, ол Финляндияның ЭКСПО-2017 көрмесінде жеке өзінің ұлттық павильоны бар жалғыз скандинавиялық ел екенін келтірді. Шара “Тиккурила” және “Хонка” фин компанияларының, Фин ұлттық павильоны өкілдерінің қолдауы арқасында орын алды.

жание

КАЗГЮУ Университетінің “Құқық қорғау қызметі” мамандығы бойынша 2-курс студенті Туленбаева Жания 2016-2017 оқу жылының көктемгі семестріне  академиялық оралымдылық бойынша оқу үшін Сеул ұлттық университетіне (Корея Республикасы)  жол тартты. Сеул университеті – Сеул қаласында орналасқан Оңтүстік Кореяның ең ірі және әйгілі жоғары оқу орны. 2010 жылы университеттердің дүниежүзілік рейтингінде Университет 50-орынға ие болды. Туленбаева Жанияға табысты оқу тілейміз!

susi-2017

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Қазақстанның төрт азаматына АҚШ-та оқу және “Әйелдер және көшбасшылық” бағыты бойынша “Студенттер үшін АҚШ зерделеу институты” 5-апталық бағдарламадан өту мүмкіндігі бұйырғанын қуана хабарлайды. Айта кетерлік, АҚШ-қа аттанатындардың ішінде 2 студенті КАЗГЮУ Университетінде оқиды. Дәлірек айтқанда, Латышева Жанна (Аударма ісі, 3-курс) және Сабырова Айым (Халықаралық құқық, 3-курс)  2017 жылдың маусым айында АҚШ-қа жол тартады. Студенттерімізді осындай биік нәтижемен құттықтаймыз. Бағдарлама бойынша барлық шығындарды АҚШ елшілігі өтейді.

Испания

Академиялық оралымдылық бағдарламасы аясында Лестер Университетінде “Халықаралық құқық” мамандығы бойынша оқып жатқан КАЗГЮУ Университетінің студенті Алина Омарова шетелдік студенттерге қазақ тілін үйретуде және Ұлыбританиядан жалынды сәлем жолдауда.
Төменде оның бейнесәлемі!

0gwabNV8mAg

Біз КАЗГЮУ-дың Халықаралық ынтымақтастық бөлімі арнайы дайындаған “Шетелдік студенттердің өмірі” айдарын жалғастырамыз. Осы жолы біздің қонағымыз КАЗГЮУ магистратурасының студенті Magdalena Anna Kaźmierczak.

Польшадан оқуға келген шетелдік студенттің өмірінен көп нәрсе жайында білуге мүмкіндік беретін сұхбатымызды ұсынамыз.

 

  1. Where are you from (country, town)?

I am from Poland where I have lived in many places but my favorite one is Wroclaw.

  1. When did you first come to KAZGUU and submit your application?

I applied to KAZGUU in August 2016

  1. What is your major and year of study?

I am a first-year master’s degree student in International Law

  1. How did you learn about KAZGUU?

It was not difficult to hear about KAZGUU.  This university is one of the best in Kazakhstan so people talk about it and recommend it to friends.

  1. How do you spend your leisure time?

I spend my free time doing many different things. I enjoy hanging out with friends, reading about travelling and mountains, and planning new trips.

  1. What are your favorite books and films?

It is difficult to name just one favorite film or book. I have many favorite books from childhood that I like to come back to, such as Harry Potter.  As for films, I enjoy those with Meryl Streep. I admire her because not only is she a great actor, but she can also use the fact that she is famous to change the world for the better. Her statements about women’s position in the world encourage real strength and spread beautiful ideas.

  1. What are you planning to do after graduating?

After graduation I would like to find a job in politics or diplomacy.

  1. What was your first impression about KAZGUU?

I was really impressed when I first arrived in Astana and I saw this building. It was so huge and monumental, I thought it may be a residence of someone very important because it looks very nice.

  1. Could you please describe 3 main differences or similarities between Kazakhstan and your country?

Three differences can be found quite easily because we have totally different climate. I am freezing during the winter here! Another thing that I cannot get used to is that it is difficult for a vegetarian to live in Kazakhstan. Everyone eats meat here! A couple of times, I even thought about a tasty shashlyk chicken, but I didn’t break! . The third difference is the people. I love the variety and I enjoy the fact that in Kazakhstan there is mix of cultures, races and languages and there are no conflicts between people!

Three similarities: 1) In both Poland and Kazakhstan there are beautiful mountains where I enjoy hiking!  2) People in both countries are spreading positive energy and are very kind. 3) Both Kazakhstani and Polish people love winter sports. Your Universiade was a great example. I truly congratulate you, it was a great event!

  1. Was it hard for you to integrate into the Kazakhstani society? Were you shocked by anything?

It was hard in the beginning.  As I have already said, I am a vegetarian and it was quite difficult to start living in a country of meat lovers.  Nevertheless, people were very helpful and I felt support all the time even though I didn’t speak Russian then.

  1. Do you have any favorite places in Astana? List three places.

I do have a few favorite places in Astana. I do enjoy going to the opera. I think it is a unique place and a very beautiful building. The next place I like is the Central park.  In winter, I go cross-country skiing there and I like to walk in summer. And the last but not least is the library at KAZGUU. It is such a peaceful place! I enjoy studying there and I recommend it to everyone  .

IMG_4669 — копия

Біз Сіздерді академиялық оралымдылық бағдарламасы түлектерінің кездесуіне шақырамыз. Кездесуге қатысушылар шетелдік әріптес-оқу орнындағы өзінің оқу және өмір сүру тәжірибесімен бөліседі. Сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қойып, өз оқуыңызды жақсылап жоспарлай аласыз.

Уақыты:
3 наурыз 2017 жыл, сағат 15:30.
Кездесу орны:
403-аудитория

IMG-20170213-WA0005

КАЗГЮУ студенттері алғаш рет Ресейлік адвокатура және нотариат академиясында (Мәскеу қ., Ресей) академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша білім алатын  болады. Бейсембеков Сырым және Зейнулла Алтын «Құқық қорғау қызметі» мамандығының 2-курс студенттері болып табылады және көктемгі семестрде ресейлік Академияда оқиды.

Студенттеріміз оқытушылардың құрамындағы әйгілі адвокаттардың, атақты профессорлардың дәрістеріне тәнті болып, білім ордасының орталықта орналасқанына қуануда. Еске сала кетейік, ресейлік Академияның студенті Варфоломеева Татьяна осы семестр бойы біздің Университетте оқиды. Студенттерімізге табысты әрі қызықты оқу тілейміз!

IMG-20170213-WA0004

Қымбатты студенттер, Халықаралық ынтымақтастық бөлімі “Шетелдік студенттердің КАЗГЮУ-дағы өмірі” айдарында шетелдік студенттермен таныстыруды жалғастыруда. Бүгін біз Ауғанстаннан (Кабулдан) келіп, “Қаржы” мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-курс студенті Файезбен таныстырамыз.

  1. What was your first impression about KAZGUU University?

– When I first came here, I saw KAZGUU University’s building with very unique and classical style of architecture which looked very interesting to me.

  1. Could you please describe three main differences or similarities between Kazakhstan and your country?

– 1. The weather in Afghanistan is almost the same as in Kazakhstan: we also have four seasons.  But our winter is not as cold as it is in Astana.

– 2. We have similar food like Manto, Palo (plov), and we also have similarities in culture.  For example, before starting dinner, we wait for everyone to come.  However, there are some big differences between Kazakhstan and Afghanistan in terms of cultural dress and dance.

  1. You are one of the first international students to take part in the KAZGUU Student Initiation ceremony, and your school won a cup at Initiation.  How did you feel about that?  And what can you say about this event in general?

When I first decided to join this competition, I had no idea what it was about; I only knew that there would be a dance.  I have been interested in dancing since my school years, so that’s why I decided to join the competition.  It was very challenging for me because I didn’t know Russian, while everybody there was speaking Russian.  It was a great opportunity for me to improve my Russian, which really helped me!  But some of the 2nd-, 3rd-, and 4th-year students tried to help me and explained everything in English.  Not only did it help my language skills, but I also found some great friends there.  When we won the cup, I was feeling very happy.  I can’t explain the feeling – it was the results of two months’ hard work.  In general, all I can say is that it is a very interesting and exciting journey that helps first-year students to find friends and communicate with other people.  It makes the university environment more comfortable for new students.

  1. Was it hard for you to integrate into the Kazakhstani society?  Were you shocked by anything?

– It was not so easy for me to get used to the Kazakh society!  I was at first shocked to find that most people never smile here, everyone I see or try to have a conversation with, are always in bad mood!  Sometimes, they don’t want to even talk to you))  However, I don’t judge them because they might have their own problems).

  1. Do you have any favorite places in Astana?

– Sky beach club in Khan Shatyr.  Samal riverside is a very good place for jogging and hanging out, especially in summer.  And the Central park is also one of the places I find exciting.

Латвия

2017 жылдың 17 қаңтарында КАЗГЮУ Университеті Латвияның Туриба Университетімен Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, оған сәйкес біздің студенттер академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша оқи алады, ал университет қызметкерлері тағылымдамадан өтіп, тәжірибемен алмаса алады. Бұл келісім Университет басшылығы 2016 жылдың қазан айында Латвия Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілі Анита Вахере-Абражуне ханыммен кездескеннен кейін Латвияның Білім министрлігінің ұсынысы бойынша жасалды. Латвияның үкіметі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу бағдарламалары аясында студенттерімізге стипендиялық қолдауды ұсынады.

Латвия 2

IMG_5202

Биыл Қазақстан және Франция дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтуде. Ресми түрде екі ел арасындағы қарым-қатынастар 1992 жылдың 25 қаңтарында орнатылды. Арада жылдар өтіп, дәл осы күні Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ф.Этьенн мырза КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқыды. Дәріс барысында 25 жыл бойы екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестіктің нәтижелері шығарылды, Франция және Қазақстан ынтымақтастығының болашақ басым мақсаттары жайында сөз қозғалды.

IMG_5196 IMG_5201 IMG_4098

У студентов КАЗГЮУ появилась прекрасная возможность пройти обучение… (1)

У студентов КАЗГЮУ появилась прекрасная возможность пройти обучение…КАЗГЮУ студенттерінің бір семестр бойы Лестер Университетінде академиялық оралымдылық бағдарламасы аясында оқу мүмкіндігі бар. Бірінші болып “Erasmus+” жобасында грант ұтып алған Қаратай Нурбике (қаржы, 3-курс) және Омарова Алина (халықаралық құқық, 3-курс) болды. Студенттер 2016-2017 оқу жылының 2-семестрін Лестер университетінде оқиды. Оларға сәтті сапар мен жемісті оқу тілейміз.

У студентов КАЗГЮУ появилась прекрасная возможность пройти обучение… (2)

 

17103285_1459614834080565_7811368448240105747_n

2016 жылдың 12 желтоқсанында КАЗГЮУ Университеті және Халықаралық құқықтық зерттеулер орталығы (АҚШ) Ынтымақтастық туралы шарт жасасты. Осы ынтымақтастық төңірегінде студенттерімізге сабақ беретін АҚШ-тың танымал заңгерлері келуі жоспарланады.

CILS200H375WХалықаралық құқықтық зерттеулер орталығы (CILS) коммерциялық емес ғылыми-зерттеу, дайындаушы институт болып табылады және құқықтық мақалаларды жариялайды, бұл ұйым Аустрияда құрылып, сол елдің заңнамасына сәйкес қызмет етеді. Оның халықаралық штаб-пәтері Аустрияның Зальцбург қаласында орналасқан. Орталық 1976 жылдан бері жұмыс істейді. Халықаралық-құқықтық зерттеулер орталығының басты мақсаты халықаралық заң қауымдастығының мүшелері арасында ақпаратты таратуға көмектесу болып табылады.

webbannerngwl2017

Құрметті Университет студент және қызметші қыздары!

Маккинзи консалтингтік компаниясы әйелдердің көсемдік қасиеттерін дамыту мақсатында Қазақстан әйелдері арасында Next Generation Women Leaders бағдарламасының ашылуы туралы жариялайды. Жеңімпаз наградаларға ие болады және финалға қатысушылар арнайы семинарларға қатысады.

Осы бағдарламаға жұмыс өтілі жоқ студенттермен қатар, тәжірибелі мамандар да қатыса алады.

Толық ақпарат мына веб-сайтта: www.next-generation-women.mckinsey.com.

Өтінімді беру мерзімі – 2017 жылдың 6 наурызына дейін.

Барлық мәселелер бойынша МакКинзи консалтингтік компаниясының рекрутері Анастасия Цареваға жолығуға болады:  моб.: +7 701 217 88 24, раб.: +7 7172 691-214,e-mail: next-generation-women@mckinsey.com
Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

 

IMG_4196

Үстіміздегі жылдың 7 желтоқсанында КАЗГЮУ Университетінде REED SMITH халықаралық заң компаниясының заңгерлері Дина Назаргалина және Сьюзи Саваж қонақ дәрісін өткізді. Дәрістердің тақырыбы: “Ағылшын заңгерінің өмірі” және “Халықаралық құқықта сот төрелігін мойындамау”. Дәрістің кешкі уақытта өткізілуіне қарамастан, “Халықаралық құқық” мамандығының 2-курс студенттері, магистранттар мен докторанттар дәрістерді ынта қойып тыңдап, өз сұрақтарын қойды.

IMG_2787

29 қараша күні КАЗГЮУ-дың Дипломатиялық клубында БРИКС елдерінің (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) Төтенше және Өкілетті елшілерінің қатысуымен семинар өтті, шара барысында 2016 жылдың 15 – 16  қазан аралығында Гоа қаласында (Үндістан) өткен БРИКС Саммитінің қорытындылары талқыланды.

fielding johnson students lawn front 730 x 390

erasmus-logo uol logo

Халықаралық байланыстар бөлімі студенттеріміздің Лестер Университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігі жайында қуана хабарлайды. Бағдарламаның шарттары бойынша, қабылдайтын жоғары оқу орнында оқу және тұру шығындарды  Эразмус+ гранты өтейді.

2017 жылдың көктемгі семестрінде (қаңтар – мамыр айларында) Лестер Университетінде оқуға өтініштерін тапсырғысы келетін  Экономика жоғары мектебінің және Құқық жоғары мектебінің 2 және 3-курс студенттері 2016 жылдың 8 желтоқсанына дейін Халықаралық бөлімнің халықаралық академиялық ұтқырлық жөніндегі менеджері Асқарова Бағланға (213-кеңсе) жолығуы тиіс.  

IMG_2690

ҚР Тұңғыш Президентінің күні және Дүниежүзiлiк
ЖҚТБ-мен күрес күнi қарсаңында КАЗГЮУ-да «Өмір үшін тартуымыз» атты донорлық акция өтті, аталған игілікті іс-шараға дипломатиялық корпустың өкілдері, шетел қонақтары, халықаралық ұйымдардың қызметшілері, сондай-ақ университет студенттері мен қызметшілері атсалысты. Бұл шараны «Астана ДКҚБ» АҚ-ы және Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығы қолдады.

Акция адамдардың өмірлерін құтқару үшін ерікті әрі өтеусіз қан донорлығын дамытуға бағытталған. Ізгілікті шараға Македония Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Илия Псалтиров және Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі  Моджтаба Дамирчилу да атсалысты.

IMG_2719

Іс-шараның ресми ашылу салтанатында Македония елшісі Илия Псалтиров КАЗГЮУ басшылығына елдегі донорлықты дамытуға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, білім ордасының ректоры Т. Нәрікбаевқа білім беру саласындағы ынтымақтастық үшін сертификат табыстады.

Акцияға сексенге жуық КАЗГЮУ студенттері мен қызметшілері қатысты, олардың ішінен медициналық көрсеткіштер бойынша донор ретінде 48 адам қап тапсырды.

15109345_1596504690658961_3459194801746746971_n

21 қарашада КАЗГЮУ-дың Академиялық Дипломатиялық Клубында Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі М.Н. Бочарниковтың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 25-жылдығына арналған қонақ дәрісі өтті. Дәрісте Ресейдің 2017 жылы ТМД-да төрағалық етуінің тұжырымдамасы сөз етілді. Осы тақырып Құқық жоғары мектебінің студенттері тарапынан қызығушылыққа ие болып, заманауи даму кезеңінде ТМД қызметінің өзекті мәселелері талқыға салынды.

Құрметті студенттер, назар аударыңыздар!

2017 жылдың көктемгі семестріне мынадай мамандықтар мен курстар бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламаларына іріктеу жүріп жатыр:

Еуропалық Виадрина Университеті, Германия: экономика мамандығының 3-курс студенттері;

Тбилиси Мемлекеттік Университеті, Грузия: Экономика, Қаржы және Аударма ісі мамандықтарының 3-курс студенттері; Халықаралық құқық мамандығының 2-курс студенттері.

Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні: 2016 жылғы 28 қараша (қоса алғанда). Сұрақтарыңыз болған жағдайда, Халықаралық бөлімге 213-кабинетке академиялық ұтқырлық жөніндегі менеджер Бағлан Асқароваға жолығуға болады.

 

IMG_0549

2016 жылдың 15 қарашасында КАЗГЮУ Академиялық Дипломатиялық Клубында Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сейед Мохаммад Казем Саджатпур мырза «Иранның өңірліқ сұрақтарға қатысты сыртқы саясаты» тақырыбына дәріс оқыды. Студенттер мен Клуб қонақтары бұл тақырыпқа қызығушылық танытты.

Talgat Narikbayev (Rettore Kazguu University Astana) e Debora Serracchiani (Presidente Regione Friuli Venezia Giulia) - Astana 03/11/2016

Talgat Narikbayev (Rettore Kazguu University Astana) e Debora Serracchiani (Presidente Regione Friuli Venezia Giulia) – Astana 03/11/2016

Қымбатты КАЗГЮУ студенттері, оқытушылары мен қызметшілері!

2016 жылдың 3 қараша күні Италия елшісінің резиденциясында КАЗГЮУ Университеті және Триеста Университеті арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны туралы қуана-қуана хабарлаймыз. Келісімге қол қою рәсіміне Италияның Қазақстандағы елшісі Стефано Раваньян, Триеста Университетінің өкілдері, КАЗГЮУ Университетінің ректоры Т. Нәрікбаев және Халықаралық әріптестік бөлімінің директоры Р. Фаизова және басқа да қонақтар қатысты.

Бұл келісім өзінде университет студенттерінің, оқытушылары мен әкімшілік қызметшілерінің академиялық ұтқырлығы туралы ережелерді, қос дипломдық бағдарламаны, қысқа мерзімді білім беру бағдарламаларын және ынтымақтастық аясында басқа да әрекеттерді қамтиды.  

IMG_9801

2016 жылдың 21 қазанында КАЗГЮУ Университеті  және  ЕНУ командаларының арасында Бүкіл әлемдік өлім жазасына қарсы күніне арналған дебат турнирі өткізілді. Қазылар құрамында  Францияның Қазақстандағы елшісі Фрэнсис Этиен мырза, Орталық Азиядағы Penal Reform International директоры Азамат Шамбылов мырза және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Лейла Дүйсекова ханым болды. Турнирдің басында Франция елшісі Фрэнсис Этиен мырза өлім жазасы туралы дәріс оқыды, ал кейін дебатқа қатысушылар ойынды бастап, өз тапсырмаларын жоғары деңдейде орындады. Турнир нәтижесінде КАЗГЮУ университетінің командасы жеңімпаз атанды, ал Үздік спикер болып Еуразиялық Ұлттық Университетінің студенті Жаркенова Тоғжан атанды.

IMG_4302

2016 жылдың 18 қазанында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол КАЗГЮУ студенттерінің алдында «АҚШ-тың сайлау жүйесі» жайлы сөз сөйледі. Қазіргі таңда АҚШ-та президенттік сайлау жүріп жатқандықтан бұл тақырыптың өзектілігі Академиялық Дипломатиялық клубтың қонақтары, студенттер мен қызметкерлердің арасында үлкен қызығушылық тудырды.

IMG_3029

2016 жылдың 12 қазанда  Францияның СІМ Құрлықтық Еуропа департаментінің бас директоры Флоренс Манжен ханым КАЗГЮУ студенттеріне өз дәрісін оқыды.  Дәріс тақырыбы «Брексит» кезіндегі Франция мен Еуропа саясаты болды. Бүгінгі күні аталған тақырыптың өзектілігі Академиялық Дипломатиялық клуб қонақтары, КАЗГЮУ студенттері мен қызметшілері арасында үлкен қызығушылық тудырды.

DSC_0137

26 қыркүйекте университетте Македония Елшісі И. Псалтиров “Клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында көрсетілетін қызметтердің деңгейін арттыру” атты тақырыбына дәріс оқыды. Магистранттар мен МВА тыңдаушылары дәрісшінің кәсіпқойлығы мен біліктілігіне байланысты, дәрістің қызықты өткенін белгіледі.

IMG_1281 — копия

27 қыркүйекте КАЗГЮУ-ға жұмыс сапарымен Индонезия Республикасының Халықтық консультативтік конгресінің (ИР ХКК – Индонезияның ең жоғарғы заң шығару органы) делегациясы келді. Делегация өкілдері Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор С.Ф. Ударцевпен және Құқық жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесіп, Қазақстан Республикасындаңы конституциялық заңдылықты іске асырудағы оқу орнымыздың рөлін талқылады.

IMG_1185-min

2016 жылдың 27 қыркүйегінде КАЗГЮУ-дың Құқық жоғары мектебі мен Экономика жоғары мектебінің студенттері Грекияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Димитриос Мардастың «Дүниежүзілік жаһандану жағдайындағы экономикалық дипломатия» атты тақырыбына қонақ дәрісін тыңдады.

Сонымен бірге, университетімізге алғаш рет Грекияның Қазақстан Республикасындағы жаңа елшісі Александрос Катранис келді.

Безымянный_10

Құрметті Құқық жоғары мектебінің студенттері!

Сеул ұлттық университетімен (Оңтүстік Корея) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдер 2016 жылдың 7 қазанына дейін халықаралық ынтымақтастық бөлімінде (213-кабинет) қабылданады.

Қажетті құжаттар және қатысу талаптары туралы толық ақпаратпен Университет сайтының «Академиялық ұтқырлық» айдарында таныса аласыз немесе консультацияның қабылдау сағаттарында академиялық ұтқырлық жөніндегі үйлестірушіге жолықсаңыз болады.  

Өтінімдерді әр бейсенбі және жұма күндері сағат 15.00-ден бастап 17.00-ге дейін күтеміз!

_MG_0252-min

КАЗГЮУ қызметінің басымдық беретін бағыттарының бірі – халықаралық ынтымақтастық. Университет шетелдік әріптестермен серіктестікті қазіргі кездегі білім беру бағдарламаларында да, болашақтағы жұмыстар үшін де нығайтуда. «Сарапшы пікірі» айдарындағы сұхбатында «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық байланыстар институтының директоры Фаизова Рената еуропалық білім беру үлгісінің университеттік бағдарламалармен бірлесу үрдістерін, қос диплом бағдарламасына қатысты, академиялық ұтқырлық пен басқа оқу мүмкіндіктеріне қатысты мәліметтермен ақпараттандырады.

– Рената Сергеевна, қазіргі кезде КАЗГЮУ қандай шетелідк серіктестермен бірлесіп қызмет етуде?

Бүгінгі күні біз 70-тен астам серіктестермен ұзақмерзімді іскери қатынастарды орнаттық. Бірлесіп қызмет ету түрлері әралуан. Олардың қатарында білім беру бағдарламаларының көпұлттылығы, академиялық ұтқырлық, КАЗГЮУ-ге шетелдік студенттерді тарту, біздің студенттердің шетелде білім алуы, қос диплом бағдарламалары сияқты салалар қамтылған. Негізгі серіктес ретінде Оңтүстік Корея мен Жапонияның жетекші ЖООлары болып табылады. Одан өзге стратегиялық серіктестер қатарында АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Италия, Польша сияқты елдер бар.

IMG_9839-min

-Осы бағыттарға жеке-жеке тоқтала аласыз ба?

– Ұлыритания ЖООларымен біз академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында қарым-қатынастамыз. Қазіргі кезде ағылшын әріптестерімізбен қос диплом бағдарламасын әзірлеудеміз. Академиялық ұтқырлық бойынша жыл сайын 40-50 біздің студентіміз 10-нан астам шетелге білім алуға жіберіледі.  

Қысқа мерзімде болашақта біз КАЗЮУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша серіктес ЖООлардан бізге 50 студенттен келіп, білім алуын жоспарлауды мақсат етіп отырмыз. Сапалы білімді қамтамасыз ете отырып, біз сонымен қатар шетелдік оқытушыларды да тарту жолында қызмет етіп жатырмыз.

Пәнаралық бағыт бойынша финдік білім беру үлгісін де қосып алу мәселесі шешілуде. Ол бүгінгі күні Еуропада үлкен сұранысқа ие үлгі болып табылады. Біз аталмыш тәжірибені отандық білім беру жүйесіне енгізбекпіз. Әрі КАЗГЮУ осы бағытты қатты дамытуға ниетті екенін айту керек. Финдік үлгі студенттердің кеңбейінді бағдарламалары аясында білім алуын көздейді. Мысалы, корпоративті басқару саласында міндеттерді шешу қажет болса, корпоративті құқық пен корпоративті қаржы да қатар алып, қарастырылады.

Доктарантурадағы қос диплом бағдарламасы аясында кадрларды даярлау қалай жүргізілуде?

– КАЗГЮУ-де бакалавриат аясында қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылуда. Экономика жоғары мектебінің студенттеріне SolBridge International School of Business (Оңтүстік Корея) 2-дипломын алу бірегей мүмкіндігі ұсынылады. Құқық жоғары мектебінде де қос диплом бағдарламасы қызмет етеді.  Ал магистратура бағдарламаларына келсек, мұнда әр түрлі үлгілер енгізілген. Атап айтқанда, 4 жыл бойына қос диплом бағдарламалары қызмет етеді. Құқықтану саласында – Ресей адвакатура мен нотариат академиясымен бірге, халықаралық құқық бойынша – Франция мен Швейцариямен бірге бағдарлама қызмет етуде. Осыған ұқсас келісім Германиямен де жасалуда. Келесі оқу жылынан бастап, ЭЖМ Флорида Университетімен бірге қос диплом бағдарламасын жүзеге асыруда бастайды. Бұл бағдарлама менеджмент және туризм саласында мамандарды даярлауға бағытталады. Қазіргі кезде қос диплом бағдарламасы аясында магистратурада 7 түлек даярланған.

Доктарантура бойынша Италиядағы Болон университетімен бірге қос диплом бағдарламасы басталып жатыр. 4 жыл бойына біз Болон университетімен PhD докторларды даярлауда тығыз қарым-қатынастамыз. Аталмыш ЖООның профессорлары біздің докторанттарға шетелдік кеңесші ретінде қызмет көрсетеді. Осылайша, бірлескен әрекеттердің арқасында 5 түлек даярланған. Доктарантураның қазіргі кездегі әрекет етуші бағдарламасы аясында жыл сайын 3 жылдық кезең аясында бір семестрді докторант біздің ЖООмызда оқып, авторлық зерттеулер жүргізеді және бір семестр Италияда солай білім алады. Бұл бағдарлама Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы жалғасын тауып келе жатқан серіктестік аясында әзірленген болатын.

Біздің оқу бағдарламаларымыз толықтау практикаға бағдарланған сипатта екенін атап өткім келеді. Шешімдер, кейстер, жобаларды әзірлеу, диссертацияны жазу және олардың тақырыптары магистранттардың кәсіби қызметімен тығыз байланысты. Осылайша, олар алған білімдерін іс жүзінде нақты пайдалануларына мүмкіндіктері болады.

IMG_9789-min

Рената Сергеевна, түлектердің сұранысқа ие екені қандай өлшемдермен бағаланады?

– Біз КАЗГЮУ түлектерінің  мансаптық өсу жолының талдауын үнемі жасап отырамыз. Оның нәтижелері келесі мәселелерді дәлелдейді. Мысалы, экономика магистрі дәрежесін алғаннан кейін жарты ішінде 80% түлектер («Экономика және қаржы») мансаптық жолда жоғары лауазымдарға қол жеткізеді. Жастарға мемлекеттік те, жекеменшік те компаниялардан жетекші орындар ұсынылады, бірінші басқару лауазымдары сеніп тапсырылады. Бұл біздің бағдарламалардың сұранысқа ие екендігінің нақты көрсеткіші деп білу керек. Бізге жұмыс беруші компаниялардан да өтініштер келіп түсіп жататын жағдайлар болып тұрады. Олар біздің ЖОО даярлаған мамандарды іздейді. Бірақ біз оларға көмектесе алмаймыз. Себебі біздің түлектеріміздің барлығы жұмыспен қамтылып қойған. Біз өз бағдапрламаларымыздың шетелдік бағдарламалармен бірлесуіне қатты мән береміз. Бұл сапалы білім беруге септесе отырып, Еуропа, АҚШ және т.б. әлемнің түкпірлерінен бізге студенттерді тартуға ықпалдасады.

– Институттың мамандарды тиімді даярлауды қамтамасыз ететін негізгі құрамдас бөліктерін айтып өтсеңіз?

– Сөзсіз, бұл белгілі бір салада қызмет атқаратын тәжірибелі және жоғары білікті оқытушылар, мамандарды  тарту. Магистранттар мен докторанттар үшін курстарды шетелдік тәжірибесі бар, әр түрлі салалардағы өз жобаларының авторлары болып келетін жетекші топ-менеджерлер мен практиктер жүргізеді. Біздің оқытушылардың көпшілігі ЖООның әлеуметтік миссиясының жүзеге асырылуына қатысты толықтай жауапкершілікті ұғынады және қазақстандықтардың келесі буынына білім беру маңыздылығын жете түсінеді. Себебі олар шындығында да жастарды тәрбиелеуге өз үлестерін қосып, ел тарихында өз іздерін қалдырғысы келеді. Мұндай шоғырға мен өте белсенді, мақсатты адамдар саналатын, әрі жастармен өздерінің тәжірибесін шын жүректен бөлісуге даяр халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлектерін жатқызамын.

Одан өзге біз шетелдік дәріскерлерді шақыртып, өз студенттерімізге шетелдік және қазақстандық тәжірибені біріктіруіне мүмкіндік береміз. Шақырылған қонақтардың қатарында –  шетелдік компаниялар, құқықтықғ консалтингілік, аудиторлық фирмалардың басқарушы серіктестерінің өкілдері бар. Бүгінгі күні оларды біз тек дәріс оқуға ғана емес, сонымен бірге біздің түлектерімізге кәсіби болашағы үшін қажетті және қызықты болатын бірлескен бағдарламалар мен оқылатын дәріс тақырыптарын әзірлеудеміз.  

Нақтылап айтсақ, соңғы кезеңдегі құрметті қонақтар ретінде Еуропалық одақ, Германия, АҚШ, Франция, Палестина, Венгрия елшілерін, Иранның Сыртқы істер министрі мен басқа елдердің өкілдерін атауға болады.

Материал подготовлен Отделом маркетинга АО «Университет КАЗГЮУ»
Отзывы, комментарии и предложения в рамках проекта «Актуальное интервью» можно направлять по адресу:
Отдел маркетинга:
Динара АРХАРОВА
8 (7172) 70-30-30;
d_archarova@kazguu.kz

IMG_8531

 

2016 жылдың 21 маусымында Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі В.Ф.Яковлев бастаған ресей делегациясы Астанаға ресми сапар аясында КАЗГЮУ Университетіне келіп кетті. Делегация құрамында – РФ Әділет министрлігінің, РФ Тергеу комитетінің атақты өкілдері, Жоғары Сотының судьялары мен Заңгерлер ассоциациясының өкілдері бар.

КАЗГЮУ-ге сапар жасау мақсаты қазақстандық құқықтық жоғары білім жүйесімен танысу және қазақстандық құқық саласында танымал ғалымдармен пікірлесу болды.

Кездесуде ҚР мен РФ соттары қызметіне қатысты, қазақстандық және ресейлік заңнамалардағы өзгеірстер мен толықтыруларға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу аяғында екі жақ құқықтану саласында болашақта өзара ынтымақтастықты дамытуға қатысты ниеттерін білдірді.

CroeWW0rC44

2016 жылдың 13 мамырында КАЗГЮУ-де дәстүрге айналған екінші рет Йога күні өтті. Аталған дәстүрді 2015 жылдың 13 мамырында Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев Қазақстандағы ОАР елшілігімен бірлесіп бастаған болатын. Осыдан бір жыл бұрынғыдай шараны ОАР елшісінің жұбайы Рувейда Сони ханым жүргізді. Қазақстандағы ОАР елшілігінің қызметкерлері, ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика кеңесінің мүшесі Бакыт Есекина, КАЗГЮУ ректоры Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев студенттермен бірге биді орындады.   

IMG_4588

2016 жылдың 1-10 мамырында «Құқық» мамандығындағы қызметкерлер арасында Стамбул мемлекеттік университетінде «Түрік заңнамасына кіріспе» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті (Стамбул, Түркия). Шара Түрік ынтымақтастығы мен даму агенттігі қолдауымен ұйымдастырылды (Türk İşbirliği ve Koordinasyon Ajansı Başkanlığı).

Курстарға қатысушылар Стамбул мемлекеттік университетінің жетекші заңгер-құқықтанушыларынан дәрістер тыңдады. Дәріс оқығандардың қатарында профессор Абдурахман Саваш («Рим құқығына қатысты жалпы пікір, түрік заңы мен ислам заңы»), профессор Ибрахим Кайя («Түркия және халықаралық құқық»), профессор Мехмет Маде («Түркияның қылмыстық құқығы»), профессор Бильгихан Четин («Түркияның Азаматтық құқығы»),  профессор Айдын Гулан («Түрік заңнамалық тілі мен мәдениеті»), профессор Халит Уянлык («Түрік әкімшілік құқығына кіріспе»), профессор Фарук Керем Гунай («Қазақстандағы сот шешімдерінің атқарылуы мен оның Түркиядағы түсініктері»), профессор Абдурахман Ерен («Түркияның Конституциялық құқығы»), профессор Сабахаттин Нал («Түркиядағы жария құқығы пәні, тарихы мен әдістемесі»), Фетхи Гедикли («Осман құқығы»), профессор Абдуллах Исламоглу «Түркиядағы құқықтық білім») сияқтылар бар.

Курстар аяқталғаннан кейін КАЗГЮУ Университеті мен Стамбул мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Стамбул мемлекеттік университетінің құқықтану факультетінің деканы, профессор Фетхи Гедикли қатысушыларға салтанатты түрде курстардың аяқталғаны туралы дипломдарын тапсырды.

IMG_4585IMG_4589IMG_4592

Shota-Rustaveli-Batumi1Құрметті «Аударма ісі» мамандығының студенттері –  Batumi Shota Rustaveli State University, Грузияда 2016-2017 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты байқау жарияланады. Өтініштер 2016 жылдың 23 мамырына дейін қабылданады (аталған Университетте оқуға екі грант бөлінген). Барлық қызығушылық танытқан студенттер өтініштерін 213 кабинетке бере алады. Тапсырыс түрін Университеттің Академиялық ұтқырлық бөлімінен жүктеп алуға болады. Қосымша ақпарат үшін академиялық ұтқырлық бойынша үйлестіруші Бағлан Аскаровамен хабарласуларыңызға болады – b_askarova@kazguu.kz

IMG_2909

Ағымдағы жылдың 28  сәуірінде «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ға АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Крол келіп кетті. Елші ЖООның студенттері алдында «АҚШ пен Қазақстан Республикасы арасындағы 25 жылғы дипломатиялық байланыстар» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.

Жоғары дәрежелі Дипломаттың КАЗГЮУ-ге сапары АҚШ пен Қазақстан арасында орнатылған 25 жылдық мерекеге арналған «25 жыл бірге» кампаниясы аясында өтті.

Д.Крол өз сөзінде атап өткендей, қазіргі кезде бүкіл әлемде тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қатынастарда тұрақтылық мәселесі туындауда. Іс жүзінде Қазақстан – аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында үлкен әлеуеті бар, әрі тәжірибе жинақтаған ел. Сол тәжірибесі мен әлеуетін әлемдік қауымдастықта падалануы қажет. «Қазақстан Президентінің бітімгерлік  саясатының арқасында барлық алыс-жақын шетелдермен достық қарым-қатынастар орната алды»,- деп атап өтті Елші.

Сонымен қатар кездесуге келген қонақтардың бірі Дипломатия институның директоры, республиканың тәуелсіздік алғаннан кейінгі бірінші сыртқы істер министрі болған Төлеутай Сүлейменов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Соғыссыз әлем» үндеухатында белгілеп берген бітімгерлік бастамашылдықтарына жоғары баға берді.

«Біз кезінде американдық әріптестеріміздің ядролық қарусыздандыру мәселесінде көрсеткен қолдауын қатты бағалаймыз. АҚШ республикамыздың тәуелсіздігін бірінші болып мойындағандардың бірі болды. Біз ядролық қаруды таратпау жөнінде бірқатар бірлескен жұмыстар атқардық»,- деп естеліктерімен бөлісті Т. Сүлейменов

Кездесу «КАЗГЮУ Университеті» АҚ мен АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі арасындағы түсініспеншілік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен тамамдалды. КАЗГЮУ ректоры Т.Нәрікбаев құжатты жүзеге асыру екі ел арасындағы жоғары білім беру саласына жаңа серпін беретініне және америкалық серіктестерімен ЖООның іскери байланыстарының дамуына ықпалдасатынына назар аударды.

IMG_2595

IMG_2604

_MG_3743

2016 жылдың 27 сәуірінде КАЗГЮУ-де ОАР-дың Қазақстандағы елшісі Шириш Манаклал Сони мен оның жұбайы Рувейда Сониді шығарып салу рәсімі өтті. Шарада елші КАЗГЮУ-дің құрметті профессоры дәрежесімен марапатталды. Елшілер, әріптестер, сонымен қатар Шириш М. Сонидің достары өздерінің ризашылығын айтып, атқарылған жұмыстан қалған әсерлерімен бөлісті, өз сыйлықтарын ұсынды. Шараның аяғында қонақтар “My Way” әнін шырқады.

EYP-Day-Vienna-Logo

2016 жылдың 18-24 мамыр аралығында ОБСЕ-ге Германияның төрағалық етуі аясындағы Еуропалық Жастар Парламентінің ұйымдастыруымен Венада халықаралық форум өтеді. Халықаралық форум тақырыбы Еуропаның қазіргі талаптары мен мәселелеріне және ОБСЕ саясатының негізгі бағыттарына арналады. Қатысуға 17-21 жас аралығындағы жастар шақырылады. Қатысу үшін өтінімдерді   2016 жылдың 24 наурызына дейін тапсыру керек. Халықаралық форумға қатысу ақысыз негізде, сонымен қатар жолақы билеттерін адам басына 500 еуроға дейін төленуі мүмкін.  Толық ақпаратты Сіз келесі PDF файлында Call for Delegates ала аласыз.

luiss_sole-min

LUISS Guido Carli Рим Университеті Мадрид мен Лондон университетімен бірлесіп, EUPADRA магистрлік бағдарламасын үйлестіруде. Бірінші академиялық кезең Рим, Мадрид, Лондонда болуды көздейді. Бағдарламадағы Стипендияға өтінімдерді берудің соңғы кезеңі  2016 жылдың 21 наурызына дейін. Оқу ақысы 6,000 еуроны құрайды. Ақылы негіздегі оқуға өтінімдер 2016 жылдың 5 маусымына дейін қабылданады. Бағдарлама мен құжаттар туралы толыққанды ақпаратты Сіз www.eupadra.eu сайтынан таба аласыз.