Іс-шаралар

Құрметті сайтқа кірушілер, Сіздердің назарларыңызға «Өзекті сұхбат» айдарын ұсынамыз. Жаңа айдарда Сіздерді КАЗГЮУ-дің табысты түлектері мен оқытушылары, бірінші басшыларымен үздіксіз таныстыру жоспарлануда. Сонымен қатар, егер Сіз сүйікті білім ордасының шынайы жанашыры, белсендісі, бірнеше жобалардың авторы, кәсіби еңбекте командалық табысқа жетуге талпынушы, жалпы КАЗГЮУ-дің танымалдығына атсалысып жүрсеңіз, айдардың қонақтарынің бірі болуыңыз әбден мүмкін.

Қымбатты студенттер!

Біз 2021 жылдың көктемгі семестріне академиялық ұтқырлыққа өтінімдерді қабылдау кезеңінің басталғаны туралы қуана хабарлаймыз.

Мына қадамдарды орындауларыңызды сұраймыз:
1. Университетті таңдау. Олардың санын, пәндерінің тізімін тексеру. Эдвайзермен осы университеттердің қайсыбірі КАЗГЮУ-дағы оқу бағдарламаңызға сәйкес келетіні жөнінде ақылдасу.
2. Ата-аналарыңызға хабарлау.
3. Сауалнаманы толтыру және барлық қажетті құжаттарды жинау.
4. Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, mobility@kazguu.kz поштасына Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.

Төменде 2021 жылдың көктемгі семестріне әріптес-университеттердің тізімі ұсынылған, бұл университеттерде Erasmus + стипендиясын алуға мүмкіндігіңіз бар: GPA 3.0 және жоғары, B2 ағылшын тілі деңгейі, керемет мотивация; ай сайынғы стипендия (айына 600-800 еуро). Барлық мамандықтардың студенттері қатыса алады; университеттердің веб-сайттарын және олардың оқу бағдарламаларын тексеріңіз.

1. Еуропалық Гуманитарлық Университеті (European Humanities University) –1 студент.

2. Кордоба Университеті, Испания – 1 студент

3. Дунайварош Университеті, Мажарстан – 2 студент

Төменде 2021 жылдың көктемгі семестріне әріптес университеттердің тізімі ұсынылған. Барлық студенттер қатыса алады, бірақ шығындарын (жолақысы, қонақүй шығындары, визалық алым, сақтандыру, тамақтану және жеке шығындары) өздері өтейді:

Ресей:
ЭЖМ ҒЗУ құқық факультеті – 5 студент;
Испания
Хаэн Университеті (University of Jaen), Хаэн – Аударма ісі, Бизнес және Басқару – 5 студент.
Германия:
Рейн-Вааль Университеті (Rhein Waal Hochschule), Клеве қ. – Құқық (2 студент);
Хоф Университеті (Hof University), Хоф – Бизнес және Басқару, IT (3 не одан да көп студент)
Виадрина Еуропалық Университеті (European University Viadrina), Франкфурт (Одер) – Экономика (2 студент);
Чех Республикасы:
Мендель Университет (Mendel University), Брно – Халықаралық құқық, Экономика, Туризм – 3-4 студент;
Карлов университетінің заң факультеті, Прага – Құқық – 1 студент (онлайн);
Италия:
Болонья Университеті (Bologna University), Болонья – Халықаралық құқық – 1-2 студент;
Грузия
Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университеті (Batumi Shota Rustaveli State University) – Туризм, Психология – 2 студент;

Өлшемшартқа сәйкестік: университетке байланысты, бірақ жалпы алғанда 2-3-курс студенттері,
GPA – 2,5, ағылшын тілі деңгейі – B2.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні: 2020 жылғы 21 қазан.
Толтырылған құжаттарды қағаз және электрондық түрінде 222-кабинетке тапсыруларыңызды сұраймыз. Халықаралық ынтымақтастық бөліміне құжаттарды тапсыру үшін алдын ала мына сілтеме бойынша жазылу керек:
https://docs.google.com/spreadsheets/d/1Eia6msWOt7P5aKDlJMfo0xr2Go2ZfgUemn2jCqNKpfc/edit#gid=0 .
Халықаралық ынтымақтастық бөліміне құжаттарды тапсырған соң академиялық ұтқырлыққа конкурсқа қатысу туралы өтінішті мерзімнің аяқталуына дейін сілтеме бойынша ЦОН-ның сайтында тіркеу қажет.

Төменде қажетті құжаттардың тізімі ұсынылған:
— студенттің өтініші (нысан бойынша) – міндетті түрде Декан қол қою керек (нысаны қоса беріледі);
— ҚР азаматының сауалнамасы (нысаны қоса беріледі);
— 2 фотосурет 3х4 см.
— Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ата-ананың рұқсаты (конкурсқа қатысу үшін көшірмесі болады, түпнұсқасын іріктелгеннен кейін әкелу керек) (нысаны қоса беріледі);
— Транскрипт екі тілде – ЦОН-нан алу.
— Жеке куәлік және паспорттың көшірмесі.
— Еркін нысанда екі ұсыным хаты – қазіргі оқытушыларынан немесе сізді жақсы танитын оқытушылардан – өткен семестрден, ғылыми жетекшілер және т.б.
— ЦОН-ға өтініш (нысаны қоса беріледі);
— республикалық не халықаралық деңгейдегі іс-шараға қатысу үшін алынған, таңдалған оқу бағыты бойынша грамоталар, сертификаттар, дипломдар көшірмесі (болған жағдайда);
— келесі тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы: отбасы құрамы туралы құжат, көп балалы отбасынан шыққанын растау үшін, баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжаттың көшірмесі (жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жататын студенттердің санаты үшін), студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

2020 жылдың күзгі семестріне іріктелген және ұтқырлықтың ауыстырғанын растаған студенттер 2021 жылдың көктемгі семестріне конкурстан автоматтық түрде өтеді.

Ескертпе: коронавирустың таралуына (COVID-19) байланысты ағымдағы ахуал нашарлаған жағдайда және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тиісті өкімдері негізінде 2021 жылдың көктемгі семестріне академиялық ұтқырлықтың тоқталу қаупі бар.

Анкета гражданина Республики Казахстан, выезжающего на обучение за рубеж

Форма согласия родителей

Заявление студента по форме

Заявление в ЦОН

– Егер сіз 18-29 жас аралығында болсаңыз, сізде көптеген қызықты идеяларыңыз бар болса және сіз өз кәсібіңізді бастау туралы армандаған болсаңыз, онда бұл жоба сізге арналған!

– Қазақстанның барлық аймақтарының жастары қатыса алады;

– Идеялардың бағыттары: IT, медицина, қалдықтарды жою, қызмет көрсету саласы, ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау, ақылды технологиялар және қолдану нәтижелері бойынша басқа да бағыттар;

– «Jastar Otanga!» жобасына тіркелу «Bolashaq» Қауымдастығының bolashak.kz сайтында ашық;

– Фестиваль жеңімпаздары бағалы сыйлықтар және өз жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік алады;

– Жобаның финалы Алматы қаласында өтеді.

Жоба «Bolashaq» Қауымдастығымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылады.

“Жастар жылы” бағдарламасы аясында M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде негізгі факторлардың бірі ретінде сапалы білім беруді көздейтін «Adal Bolashak» жобасының ресми тұсаукесері өтті.

Cтуденттер үшін мүмкіндіктерді молайтып, «Adal Bolashak» жобасы аясында университет басшылары мен бөлімшелерінің өкілдері бір алаңда бас қосты.

Салтанатты ашылу рәсіміне «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек және ҚР БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылова, университет ректоры Талғат Нәрікбаев, сондай-ақ ҚР білім саласының өкілдері және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Алғы сөзінде Бауыржан Байбек еңбексүйгіштік және сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзімсіздік жайында өзінің өмірлік ұстанымымен бөлісті. Сондай-ақ оларға оқуда табысты болуларын және өз мақсаттарына жетулерін тіледі.

Іс-шара барысында студенттер үшін қызмет көрсету сапасын, жылдамдығы мен айқындылығын арттырып, онлайн-тәртіпте бизнес-процестерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін «SmartKAZGUU» ұялы қосымшасы таныстырылды.

M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti Жалпыға арналған қазақ тілі курсына шақырады.

Курс А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерін қамтиды.

Курсытың ұзақтығы – 6 ай.
Курстың бағасы – айына 24 000 теңгеден бастап.

Курсты жоғары білікті мамандар мен озық тәжірибелі профессорлық-оқытушылар құрамы өткізеді.

Курстың үйлестірушісі: Қайыпбаева Мира.
Тел.: +7 (775) 375 83 46.

Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз: http://bit.ly/kazguu_qaz

M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti шетелдіктерге арналған қазақ тілі курсына шақырады.

Курстың мақсаты – тілдік деңгейді А1- ден В1- ге дейін көтеруге бағытталған.

Курсытың ұзақтығы – 6 ай.
Курстың бағасы – айына 48 000 теңгеден басатап.

Курсты шетелдік тәжірибе жинақтаған, жоғары білікті мамандар өткізеді.

Курстың үйлестірушісі: Қайыпбаева Мира.
Тел.: +7 (775) 375 83 46.

Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз: http://bit.ly/kazguu_qaz

M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti қазақ тілінен ҚАЗТЕСТ-ке дайындық курсына шақырады.

ҚАЗТЕСТ-ке дайындық курсы мемлекеттік қызметшілер мен барлық қатысам деушілерге арналған.

Қазақ тілі ҚАЗТЕСТ жүйесіне сәйкес (А1, А2, В1, В2, С1) деңгей бойынша оқытылады.

Курс 3 айға арналған 72 сағатты қамтиды.
Оқу ақысы 1 айға 24 000 теңгеден бастап.

Курс (интенсив) 3 аптаға арналған 72 сағатты қамтиды,
Оқу ақысы 1 аптаға 24 000 теңгеден бастап.

Курсты заманауи білім беру мен озық тәжірибені бойына сіңірген профессорлық-оқытушылар құрамы өткізеді.

Курстың үйлестірушісі: Қайыпбаева Мира
Тел.: +7 (775) 375 83 46.

Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз: http://bit.ly/kazguu_qaz

2019 жылдың 29 мамырында M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нде «Түпнұсқалылық, интерпретация және идеология: Қазақстандағы ГУЛАГ туризмінің үлгісі» атты ғылыми семинар өтеді. Семинардың негізгі спикерлері – Глазго Университетінен доктор Гийом Тибергиен және Глазго-Каледония Университетінен (Ұлыбритания) профессор Джон Дж. Леннон.

Семинар төңірегінде ғалымдар 2018 жылы КАРЛАГ және АЛЖИР мұражайларында жүргізген өздерінің зерттеу нәтижелерімен таныстырады. Презентация ГУЛАГ-тың тарихи жерлерінің тарихи-мемориалдық мұрасының идеологиясы мен түпнұсқалылығы және оның жалпы Қазақстандағы туризмнің дамуына ықпалы туралы түсінік береді.

Семинардың тілі – ағылшын, орыс және қазақ тілдеріне аударылады.

Іс-шараны өткізу уақыты мен орны: 29 мамыр, сағат 14.00-де, Нұр-Сұлтан қ., „M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti„ АҚ-ы, Қорғалжын тас жолы, 8, Конференц-зал, 5-қабат.

Еуропа күнін атап өту аясында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі жастардың көшбасшылық қасиеттері мен дағдыларын дамытуға арналған шараны – #Skills4Jobs өткізуді жоспарлайды. Бұл шара KAZGUU студенттерінің бірнеше рет қатысқан Ambassadors’ Café-нің кеңейтілген нысаны болып табылады.

Биылғы бағдарлама көптеген шараларды қамтиды, оның ішінде ЕО Елшісі Свен Олов Карлсон мырзаның құттықтау сөзі, өзінің табысқа жету жолымен бөлісетін танымал отандық тұлғалардың қатысуымен панельдік сессия, Ambassadors’ Café (ЕО мүше-елдерінің елшілері мен жастардың бейресми пікірталасы), сондай-ақ студенттерді Еуропада білім алу мүмкіндіктерімен таныстыратын Эразмус + бағдарламасының презентациясы (бағдарламаны төменде қараңыздар).

Ағылшын тілін жақсы меңгерген барлық студенттерді, жас оқытушыларды, магистранттар мен докторанттарды шақырамыз.

Уақыты: 21 мамыр 2019 ж., сағат 11.00-ден 15.00-ге дейін

Өтетін орны: IQ Coworking, Достық көш., 5

Қымбатты достар, M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti және Әзірбайжан Республикасының Елшілігі Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашаб Ейнадин Оглу мырзаның қонақ дәрісіне шақырады.

Дәрістің тақырыбы Әзірбайжан Республикасының Дипломатиялық қызметінің жүз жылдығына және Қазақстан мен Әзірбайжанның қарым-қатынастарына арналған.

Дәрістің соңында “Соңғы сессия” деп аталатын фильм көрсетілмек.

Өтетін күні: 21 мамыр 2019 ж.
Уақыты: сағат 12.00.
Орны: M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің 403-ауд.
Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Қорғалжын тас жолы, 8.

Қатысам деушілердің барлығын қуана қарсы аламыз.

Бұл шараға 20 мамырдың сағат 12.00 дейін тіркелуге болады.

Тіркелу үшін мына сілтемеден өтіңіздер:
https://docs.google.com/forms/d/1d9p_v3Ar2HPTy8rAqBcbTxnpPwMjOmRCUlM7iijCfRc/edit

Құрметті студенттер, түлектер! Будапешт қаласындағы немістілді Andrassy Университетінің (AUB) магистратурасында оқу үшін DAAD германиялық академиялық алмасу қызметінен стипендия алу мүмкіндігіңіз бар.

Будапешттегі Andrassy Университеті – 2001 жылы Венгрия мен Аустрияның, Швейцария мен Германияның қолдауымен құрылған еуропалық университет.

AUB оқу тілі неміс тілі болғандықтан, талапкерлер/студенттер неміс тілін белгілі бір деңгейде білуге тиіс.

Қазіргі таңда AUB-де әлемнің жиырма елінен екі жүз жиырмаға жуық студент оқып, зерттеулерін жүргізеді және елуге тарта оқытушы сабақ береді.

Бұл стипендия мынадай бағыттар бойынша магистр дәрежесін алу үшін ЕО-ға кірмейтін елдерден шетел түлектері үшін AUB-де оқу мүмкіндігін ұсынады:

– Халықаралық экономика және бизнес магистрі;

– Халықаралық қатынастар магистрі;

– “Менеджмент және көшбасшылық” магистрі;

– “Орталық Еуропадағы маманданумен тарих” магистрі;

– Дипломатия

– “Орталық Еуропа зерттеулер” магистрі;

– Салыстырмалы мемлекеттік және құқықтық ғылымдар;

– “Еуропалық және халықаралық басқару” магистрі.

Бұл стипендия жөнінде көбірек мағлұматты www.studienstart.eu сайтынан ала аласыздар. DAAD 800 € құрайтын ай сайынғы стипендияны ұсынады.

Өтінішті беру шарттары туралы ақпарат мына сайтта: www.studienstart.eu/stipendien/daaddrittlandstipendium

Студенттік істер департаменті және Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру орталығы M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері және Қазақстан университеттері үшін Қазақстан, Өзбекстан және Батыс Еуропа елдері бойынша Жазғы туристік экскурсияларға тіркелудің басталғаны туралы хабарлайды.

Бірінші курс студенттерінің аталған сапарларға баруы практиканың орнына есептеледі. 2019 жылғы 26 мамыр мен 5 маусым аралығында Қазақстанның, Өзбекстанның және Батыс Еуропа елдерінің көрнекті жерлеріне жыл сайынғы сапарларға қатысуға шақырамыз.

Қатысам деушілер 2019 жылдың 18 мамырына дейін мына сілтеме бойынша тіркеле алады:

Экскурсиялардың бағдары:

1. South Tour (Қазақстанның оңтүстік өңірі)

Бағдарламада: Ахмет Яссауи, Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун, Тектұрмас кесенелері, Керей және Жәнібек хандарының монументі, Гүлдер жылыжайы, Машат аңғары, „Қазақ хандығының 550 жылдығы„ саябағы, Дендробағы, Киелі тас, Ордабасы. Сілтеме.
Құны 40 000 теңге. Сілтеме.

2. Beket Ata Tour (Қазақстанның батыс өңірі)

Бекет ата мешітіне, Қарақия ойысы, Каспий теңізінің жағалауы және Маңғыстау өңірінің басқа да көрнекті жерлері. Сілтеме. Құны 55 000 теңге. Сілтеме.

3. Magic East Tour (Uzbekistan)

Туризм үшін ең қолайлы жыл мезгілінде Өзбекстанға баруға шақырамыз. Бағдарламада: Хаст-и-Имам алаңы, Әмір Темір алаңы, Төле би кесенесі, Гур-Эмир кесенесі, Бибі-ханым мешіті және Ұлықбек медресесі, Регистан алаңы және көптеген басқа да тарихи жерлер. Сілтеме. Құны 70 000 теңге. Сапарға бару үшін кемінде 3 адам болу керек. Сілтеме.

4. Euro Tour (Germany, Netherlands, Belgium and France)

Еуропаның ең маңызды саяси және экономикалық орталықтарына бару: Франкфурт, Дюссельдорф, Париж, Амстердам және Брюссель. Еуропарламентке, Адам құқықтары жөніндегі еуропарламенті, Mercedes-Benz зауыты, Эйфель мұнарасы, Амстердам арналары және басқа да көптеген көрнекті жерлер. Еуропа сіздерді күтуде. Сілтеме. Құны 1800 EURO.Сапарға кемінде 7 адам баруға тиіс. Сілтеме.

Ұйымдастырушылар кейбір шарттарын өзгертуі мүмкін.

Аты аңызға айналған Changellenge Cup Kazakhstan 2019 кейс-чемпионатына тіркелудің басталғанын қуана хабарлаймыз!

Студенттер мен түлектер осы шараға қатысып, бизнес-тапсырмаларды шешу тәжірибесі мен бағалы байланыстарға ие болыңыздар. Кейс-чемпионат – бұл Leroy Merlin, Сбербанк, Accenture, EY және PepsiCo секілді дүниежүзілік компаниялармен екі аптаға ірі компаниядағы күнделікті жұмысқа барынша жақындатылған жағдайға енгізетін жарыс. Бұл жарыс сіздерге талдау, командамен жұмыс істеу, құрылымдық ойлау, презентация дағдыларын шындауға мүмкіндік береді, сондай-ақ өздеріңізді кез келген салаларда сынап көріп, нәтижесінде жұмыс жөнінде ұсынысқа қол жеткізе аласыздар.

Жеңімпаз болуға дайынсыздар ма? Дәл қазір тіркеліңіздер: https://clck.ru/Fkv4s

Құрметті әріптестер!

Сізді 2019 жылғы 16 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Академиялық адалдықты ілгерілету және жүзеге асыру саласындағы озық тәжірибелер: Жаһандық және өңірлік перспективалар» атты академиялық адалдық жөніндегі IV жыл сайынғы конференцияға шақырамыз. Конференцияның ұйымдастырушылары М.S. Narıkbaev atyndaģy КАZGUU Unıversıteti-нің Экономика жоғары мектебі және Назарбаев Университеті.

Өткізілетін орны: М.S. Narıkbaev atyndaģy КАZGUU Unıversıteti, Тұңғыш Президент атындағы Конференц – Холл.

Конференцияның мақсаты – академиялық адалдықты теориялық және эмпирикалық зерттеулердің соңғы жетістіктерін ілгерілету және мәселелер көтеру, озық тәжірибелермен алмасу.

Келесі тақырыптарды талқылауды ұсынамыз:
– Академиялық адалдықтағы инновациялық институционалдық тәжірибелер;
– Академиялық адалдық саласындағы кейстер — жағымды және жағымсыз тәжірибе және алған сабақтар;
– Академиялық адалдық мәдениетін құру / өзгерістерді басқару;
– Зерттеу тұтастығын нығайтуға арналған нақты деректерге негізделген әдістер;
– Студенттер академиялық адалдық бастамаларының көшбасшылары ретінде;
– Академиялық адалдықты арттыру үшін онлайн бағалаумен қоса инновациялық бағалау;
– Адалдық тәжірибелерін нығайтуға арналған университеттік және әлеуметтік жүйелер;
– Академиялық адалдықтың зерттеулердегі халықаралық өлшемдері;
– Академиялық және зерттеу адалдығын толық емес ұстану салдарлары;
– Академиялық адалдыққа жетудегі кедергілер мен ілгерілету жолдары;
– Электрондық және сандық ресурстар – басымдықтар мен шектеулер;
– Табыс қандай болады? Экожүйенің мінсіз академиялық адалдық тұжырымдамалары;
– Университеттер мен өзге мекемелер арасындағы академиялық ынтымақтастық.

Конференция туралы толық ақпарат үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз: http://hse-conference2019.kz

Тіркелу 2019 жылдың 10 мамырына дейін ашық.

2019 жылдың 22 – 26 сәуір аралығында M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti және ОАР Елшілігі Оңтүстік Африканың апталығын жариялайды!

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti ОАР-дың Қазақстандағы Елшілігімен белсенді ынтымақтастық құрып, апталықтың студенттер мен қызметкерлерге бұл ғажайып ел және оның көрнекті тұлғалары туралы көбірек мағлұмат алуға мүмкіндік береріне үміттенеді.

ОАР туралы қысқаша ақпарат: ОАР – өңірдегі халықтың басым бөлігі – елу миллион адам тұратын мемлекет. Бұл елдің 11 ресми тілі бар, оның ішінде ағылшын, зулу, африкаанс және басқалар. Оңтүстік Африка – дүниежүзілік туризм үшін өзінің ерекшелігімен тартымды аймақ. Күллі мәдени қордың мұрасы болып саналатын Африканың қорықтарында жануарлар әлемінің көптеген түрлері өмір сүреді.

2019 жылғы 22 – 26 сәуір аралығында өтетін іс-шаралар жоспары:

1. Оңтүстік Африканың мәдени мұрасы мен тарихы жайында баяндайтын көрмелер кітабы, өтетін орны – Университет кітапханасы.

2. Суреттер көрмесі (Университеттегі холл).

3. ОАР тарихы мен мәдениеті туралы білімдердің онлайн-сайысы. Сайыстың нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, ОАР елшілігінің сыйлықтарымен марапатталады (әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан тыс қалмаңыз).

Сондай-ақ осы апта бойы Оңтүстік Африканың музыкалық өнерімен танысуға мүмкіндігіңіз болады.

Аптаның соңында 26 сәуір күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Тұңғыш Президенттің Акт залында ОАР Бостандық күні атап өтіледі.

2019 жылы 18-19 сәуір күндері M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti Қазақ және орыс тілдері департаменті оқытушылары мен Қазақ тілін креативті оқыту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен мектеп, колледж және университет мұғалімдері, оқытушылары арасында «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» республикалық байқауы өтеді.

Байқауға республикамыздың оңтүстік, солтүстік, орталық, шығыс және батыс өңірлерінен, атап айтқанда Шымкент, Алматы, Талдықорған, Семей, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Орал сынды қалалардың білім ордаларынан жалпы саны қырық үш білікті де тәжірибелі оқытушылар мен ұстаздар қатысады.

Республикалық байқаудың жеңімпаздары түрлі дәрежелі дипломдармен, сыйлықтармен, сондай-ақ «Үздік эссе», «Үздік әдіскер», «Креативті мұғалім», «Жаңашыл педагог», «Үздік видео», «Ұстаз бренді», «Жақсы сөз – жарым ырыс» номинациялары бойынша марапатталады.

Байқаудың демеушілері: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

Сіздерді Берлин экономика және құқық мектебінің криминалистика жөніндегі сарапшысы Кристиан Фридрих Матцдорфтың “Герман үлгісі бойынша криминалистика дағдыларын үйрету” атты ашық дәрісіне шақырамыз.

Іс-шараның өтетін күні: 13 наурыз, сағат 15.20-да, 403-аудитория.

Дәрістің тілі – неміс, ілеспелі аудармасы – орыс тілі.

Кристиан Матцдорф туралы қысқаша мәлімет – доцент және криминалистика жөніндегі маман (тергеу жұмысының дағдылары):

  • Экономика және құқық университетінің “Университеттердегі дағдарыс-менеджмент” жобасы жөніндегі өкілі;
  • зорлық-зомбылықтың жолын кесу және болдырмау жөніндегі сарапшы;
  • Берлин полициясының басшысы;
  • Халықаралық полицейлер қауымдастығының мүшесі;
  • Неміс криминалистика қоғамының мүшесі;

Сарапшы ретінде Түркияда (Анкара-Ыстанбұл) баяндама жасады: Адамдар саудасы, Мәжбүрлі жезөкшелік.

Дәрісті Конрад Аденауэр Қорының Қазақстандағы өкілдігі мен КАЗГЮУ Академиялық Дипломатиялық Клубы ұйымдастырды.

business-english1Қымбатты достар!

Ағылшын тілі департаменті ұйымдастыратын тілдік курсының үшінші сессиясы 15 ақпанда сағат 17:00-де 432-аудиторияда басталатынын қуана хабарлайды. Сессияның тақырыбы бизнес саласында қолданылатын ағылшын тіліне арналған: Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары және Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары.

Халықаралық нысанда жұмыс жасау және шетелдік сарапшылармен тілдесу үшін Бизнес ағылшын тілін білу өте маңызды. Жоғарыда көрсетілген курстың аяқталысымен қатысушылар өзін және өз бизнесін көрсету үшін әлеуметтік желілерді пайдалануды үйренеді. Сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеу, жиналған қауымды қызықтыру, өзіне деген сенімсіздікті жеңу үшін жаңа дағдыларға ие болады.

Сессияға тіркелу үшін мына сілтемеден өтуіңіз қажет.

03

КАЗГЮУ Университеті барлықтарыңызды Ашық есік күніне шақырады! Біз жоғары білім туралы бар білгенімізді айтып береміз. Бағдарламада:
– @hse_kazguu @law_school_kazguu оқу бағдарламаларының презентациясы;
– Alumni talks – жоғары білім: керек пе, жоқ па?
– Student talks – Тренд – білімді болу;
– әріптестердің сыйлықтарымен ойындар, викториналар, лотереялар – ата-аналарға арналған ақпараттық сессия+тренинг;

РЕГИСТРАЦИЯ: тут

Сонымен бірге:
– жаңа ҰБТ және оны қалай тапсырады?
– Оқуға түсудің жаңа қағидалары: оқуға қалай түсеміз?

Әріптестерімізден тартулар мен ойындар: @necafe_astana, @dostyk.astana @chaplincinemas
Қашан: 8 желтоқсан, сағат 10:00 (тіркелудің басталуы)
Қайда: Қорғалжын тас жолы, 8
Video: @dnurgali @almatt_07
Полиграфиялық әріптес: @artprint_xxi

анонс для сайтаҚазақстан тарихы және Рухани жаңғыру орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған іс-шараға шақырады.
Аталған іс-шараға қатысты ақпаратты сілтемеге өту арқылы көре аласыздар:
1. 27 қараша – “Керей-Жәнібек” театрландырылған қойылым;
2. 4 желтоқсан – “Сүйікті қалам – Астана” инстаграм фотосайысының нәтижелері;
3. 5 желтоқсан – “Ұлттық киім күні”;
4. 6 желтоқсан – “Кино сұхбат“;
5. 7 желтоқсан – “Домбыра party“.

111«М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» Жалпы білім беру пәндері мектебі 1-4-курс студенттерін Астана қаласының 20 жылдық және КАЗГЮУ Университетінің 25 жылдық мерейтойына орай 2018 жылдың 29 қарашасында өткізілетін эссе байқауына қатысуға шақырады. Байқау төмендегідей кезеңдерден тұрады:
I кезең: ағымдағы жылдыңл 29 қарашасына дейін қатысушылар:
– байқауға қатысу үшін толтырған өтінішін (1-қосымша);
– эссе жұмысын өткізулері қажет.
II кезең: 2018 жыл 30 қараша мен 6 желтоқсан аралығы – әділқазылар жұмыстарды қарап, байқау қорытындысын шығарады.
III кезең: жеңімпаздарды марапаттау.
Байқаудың өтетін орны: Астана қ., Қорғалжын, 8, «М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ.

Эссе тақырыптары:
1. «Менің өмірлік қағидама КАЗГЮУ қалай әсер етті?»
2. «Астана – асқақ армандар мекені»

Байқау қазақ, ағылшын, орыс тілдерде өтеді.
*Ескерту. Байқауға қатысу үшін эссе жұмысымен бірге 1-қосымшада (1-қосымшаны қараңыз) көрсетілген өтінім формасын толтырып, «Эссе байқауы» деген белгімен 2018 жылдың 29 қарашасына дейін konkurs_esse2018@kazguu.kzэлектронды поштасына жіберу керек. 2018 жылдың 29 қарашасынан кейін жіберілген эссе жұмыстары тексерілмейді.
Қазылар құрамына «М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ ЖББПМ оқытушылары кіреді.

Эссені ресімдеу талаптары:
Word форматында, 1,5 интервалымен, шрифт TimesNewRoman, 14 кегль болуы тиіс. Жұмыс көлемі – 300 сөзден астам немесе 1,5 бет (А4 форматында). Дәйексөздерді немесе өзгелердің пікірлерін қолданған жағдайда міндетті түрде дереккөзге сілтеме берілуі шарт. Сонымен қатар эссе жұмысының мәтіні Turnitin жүйесінде плагиатқа тексеріледі.

Титулдық бетті ресімдеудің талаптары (2-қосымшаны қараңыз):
• оқу орнының толық атауы;
• тақырып;
• автор туралы мәлімет: тегі, аты, әкесінің аты, курсы, мамандығы, байланыс телефонының нөмірі, электронды поштасы.

Эссе жұмысын бағалау критериі:
– эссе мәтінінің тақырыпқа сәйкестігі, тақырып бойынша тірек сөздерді пайдалануы, тақырыптың толық ашылуы – 25 баллға дейін;
– эссе құрылымының сақталуы (тезиз көрсетілген кіріспе, 3 аргумент, қорытынды) – 25 балл;
– қыстырма сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуы – 25 балл;
– эссе жұмысы ресімделу және дәйексөздерді қолданудың негізгі талаптарына сай болуы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларының, орфографиялық, пунктуациялық ережелердің сақталуы – 25 балл.

Барлық сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитеті мүшелеріне хабарласуға болады:

Смагул А.К. тел.: 8-701-212-88-18
Мауленова Г.Ж. тел.: 8-702-373-39-84
Тлебалдиева М.Д. тел.: 8-701-719-23-82
Нуржанова К.

Өтінім үлгісі.

IYLF 20182018 жылғы 10-12 желтоқсан аралығында М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламаларының кеңсесі және Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 70-жылдығына арналған IV Халықаралық жастар заң форумын өткізеді. Форум «Адам құқықтары және ұлттық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы қауіп-қатерлері» тақырыбына жарыс-пікірталастық нысанында өтеді.
Форум мынадай кезеңдерден тұрады:
бірінші күн – Қазақстанның және шет елдерінің адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша танымал сарапшыларының баяндамалары жөнінде пікір таластыру;
екінші күн – финалға қатысушыларды анықтап, секциялар бойынша жарыс;
үшінші күн – жарыстың қорытындысы, марапаттау.
Студенттер мынадай секциялар бойынша баяндамаларды ұсынады: а) адамның азаматтық құқықтары; в) адамның саяси құқықтары; с) адамның әлеуметтік құқықтары; д) адамның мәдени және экономикалық құқықтары. Тіркеу нысанын толтыру кезінде студент өзі қатысқысы келетін секцияны таңдауға тиіс. Әркім өз атынан қатыса алады. Форумның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттерге ақшалай сыйлық беріледі.
Форумға қатысу үшін Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Грузия, Молдова және Әзірбайжан секілді елдердің бакалавриат студенттері шақырылады. Форумның қатысу арқылы өткізілетін бөлігіне 32 студент жолдама алады, оның ішінде басқа қалалардан келген 8 студент және шет елдерден келген 8 студент. Барлық шетелдік және басқа қалалардан келген командаларға жол шығындары, сондай-ақ Астанада тұру шығындары өтеледі.
Тіркелу 31 қазанға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Іріктеу мынадай өлшемшарттар бойынша жүргізіледі: GPA және баяндама тақырыбы, жалпы идеялары мен форумға қатысу себептері, секциялары көрсетіле отырып, мазмұны ықшам мотивациялық хат.

IMG_0672 IMG_0687 IMG_0666

Ү.ж. 29 қарашасында КАЗГЮУ Дипломатиялық клубында АСЕАН елдерінің Төтенше және өкілетті елшілерінің қатысуымен халықаралық ұйымның жарты ғасырлық мерейтойына арналған қонақ дәрісі өтті. Қонақтар оңтүстік-шығыс Азия елдерінің өрлеуі мен проблемаларын талқылады.
Индонезия елшісі Рахмат Прамоно мырза, Таиланд елшісі Нат Пиниоватаначип мырза және Малайзия елшісі Саид Мохаммад Бакри мырза дәрістерін оқыды.

Естемиров Марат

2018 жылғы маусым айының 08 жұлдызында, сағат 16.00-де «Университет КАЗГЮУ» АҚ-да Естемиров Марат Асанұлының «Қазақстан Республикасындағы корпоративтік қатынастардың құқықтық реттелуі» тақырыбында «6D030100 – Заңтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы қорғалады.

Диссертация «Университет КАЗГЮУ» АҚ-ның Азаматтық, кәсіпкерлік және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасында дайындалған.

Рецензенттер:

Жайлин Габиден Айнашевич – заң ғылымдарының кандидаты, (мамандығы «12.00.03 – азаматтық құқық; кәсіпкерлік құқық; отбасы құқығы; халықаралық жеке құқық; азаматтық іс жүргізу; төрелік іс жүргізу»), С. Демирел атындағы университеттің қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасы.

Казиева Гульжаухар Турсунхановна – заң ғылымдарының кандидаты, (мамандығы «12.00.03 – азаматтық құқық; кәсіпкерлік құқық; отбасы құқығы; халықаралық жеке құқық; азаматтық іс жүргізу; төрелік іс жүргізу»), Caspian University қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасы.

Ғылыми кеңесшілер:

Қаудыров Төлеш Ерденұлы – заң ғылымдарының докторы, профессор (мамандығы «12.00.03 – азаматтық құқық; кәсіпкерлік құқық; отбасы құқығы; халықаралық жеке құқық; азаматтық іс жүргізу; төрелік іс жүргізу»), лауазымы – «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның Азаматтық, кәсіпкерлік және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасының профессоры.

Fatih Aydogan – PhD докторы, Стамбул Университетінің сауда құқығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Қорғау «Университет КАЗГЮУ» АҚ-да «6D030100 – Заңтану», «6D030200 – Халықаралық құқық» диссертациялық кеңесінде, қазақ тілінде, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8, 611 аудиторияда (Ғылыми Кеңес залы) өткізіледі.

Толығырақ…

1

С 1 июня 2017 года в АО «Университет КАЗГЮУ» начала работу приемная комиссия. Прием документов от абитуриентов продолжится до 28 августа т.г. График работы: понедельник-суббота, 9:00-19:00 без перерыва. Воскресенье – выходной.

Месторасположение комиссии:

Коргалжинское шоссе, 8, 2-й этаж, Зимний сад.

Автобусы: 17, 35, 36, 44, остановка “Университет КАЗГЮУ”.

Телефоны приемной комиссии:

+7 (778) 749-73-69

+7 (7172) 64-26-21

Почта: admission@kazguu.kz

Правила поступления

1

Ү.ж. 3 маусымында КАЗГЮУ Университетінің 517-аудиториясында сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейін Business talks форумы өтеді.

Жетекші отандық компаниялардың өкілдері қатысатын форумның жұмысы үш секцияға бөлінеді:

қоғамды дамыту;

маркетинг;

персоналды дамыту.

1

2017 жылдың 31 мамыр күні сағат 17.00-де Теңге залында (428-аудитория) Көшбасшылықты дамыту бағдарламасының ең белсенді тыңдаушыларына және қосымша мамандану бағдарламасын (Minor) тәмәмдаған студенттерге сертификаттар табысталады.

kw91MQhfupo

Хочешь, чтобы твой первый день в университете – 11 сентября, был незабываемым? Тогда к нему нужно подготовиться! Обязательно приходи на ориентационную неделю, которая проводится ежегодно для первокурсников Университета КАЗГЮУ со 2 по 8 сентября!

*Полная программа ориентационной недели Высшей школы права и Высшей школы экономики смотрите ниже:

1

7 маусым күні сағат 18.00-де КАЗГЮУ Университетінің алдындағы Фемида алаңында білім ордасының 2017 жылғы түлектеріне дипломдар табысталады.

Іс-шараның бағдарламасында түлектердің дәстүрлі шеруі, “тілектер капсуласының” салынуы, отандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі қарастырылған.

11

Ү.ж. 12 мамырында КАЗГЮУ Университетінің 517-аудиториясында (конференц-зал) сағат 9.00-де тілді оқытудың тиімді әдістеріне арналған “Мәдениеттер тоғысы: қолданбалы әлеуметтік лингвистика және тілдерді оқыту мәселелері” атты халықаралық конференция өтеді.

Мәжіліске әлемде әбден мойындалған кәнігі лингвистер келеді. Келем деушілерге есік ашық.

11

5 мамырда сағат 14.00-ден бастап 17.00-ге дейін Ильинка ауылының № 2 мектебінде “Көктем шуағы” қорытынды концерті өтеді. Концертті КАЗГЮУ Университетінің Жалпы білім беру пәндері мектебі ұйымдастыруда. Бұл шараға Ильинканың мектеп оқушыларының қатысуы жоспарлануда.

11

2017 жылдың 19 – 20 мамырында КАЗГЮУ-да университетті басқару контекстінде Академиялық адалдық мәселелері бойынша ІІ конференция өтеді.

Конференцияны КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебі мен Назарбаев Университеті ұйымдастыруда.

Конференцияның мақсаты зерттеушілер мен практиктердің тәжірибемен алмасуы үшін, озық халықаралық тәжірибені талқылау және академиялық адалдықты дамыту үшін жаңа стратегияларды тұжырымдамалау үшін платформаны құру болып табылады.

1

Еңбек құқығы бойынша курс аясында KAZGUU Graduate School 3 мамыр күні сағат 20:20 — 21:50 аралығында 432-аудиторияда “Шетелдік жұмысшыларға қатысты еңбек заңнамасын қолдану бойынша практикалық аспектілер” атты тақырыпқа қонақ дәрісін ұйымдастыруда.

Дәріскер – Манчестер Университеті LLM (International Business & Commercial Law), GRATA заң фирмасында корпоративтік және еңбек мәселелері бойынша сарапшы Акина Гаухар.

Толық ақпарат – Жоғары оқу орнынан кейін оқу бөлімінде (аудитория: 213а, тел. 70 30 32).

1

2017 жылдың 2 мамырында КАЗГЮУ Университетінің 517-аудиториясында сағат 16.00-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72-жылдығына арналған “Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды” тақырыптық кеші өтеді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлерді мәңгі есте сақтау мақсатында КАЗГЮУ студенттері әскери тақырыпқа сахналық қойылымдарды қойып, өлең айтады.

1

Құрметті стунденттер мен оқытушылар,

КАЗГЮУ Университеті мен Қазақстан Республикасындағы Финляндия елшілігі доктор П. Холберг, Финляндияның Жоғарғы әкімшілік сотының бұрынғы президенті өткізетін лекциясына барлық мүдделі тұлғалардың шақырады.

Тақырып: «Құқық және тұрақты даму ережелері»

Дәріс 12 мамырда, Үш би (402) залында, сағат 14.00-де өтеді.

Дәріс аяқталғаннан кейін, Қазақстан мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай, КАЗГЮУ Университетінің алдында ағаш отырғызу рәсімі өтеді.

1

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде КАЗГЮУ Университетінің ұжымы “Астана – таза қала” атты жалпы қалалық сенбілікке қатысады.

Сенбілік аясында Қорғалжын тас жолы ауданында КАЗГЮУ-дың аумағы тазаланып, 50 көшет отырғызылады. 

1

27 сәуірде сағат 11.00-де 403-аудиторияда КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебі Наварра Университетінің (Испания) профессоры PhD Tourism Planning Matt Sheikhi-мен бірге және Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен  «Understanding Iran» тақырыбына Иран күнін өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – Иран мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту, екі елдің мәдени ұқсастығы негізінде әріптестік пен бизнесті дамыту.

Семинар тілі – ағылшын.
Анықтама үшін телефондар: 
+7 (7172) 70-30-51, +7 (778) 944-04-21.
Раушан Мухамеджанова

1

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде КАЗГЮУ студенттерінің Қазақстанның тарихи-мәдени орталықтарына экскурсиялық сапарлары басталады.

Осы жылы студенттер Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларын аралап Оңтүстік Қазақстан бойынша экскурсиялық саяхатты жоспарлайды.

IMG_8536
Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде сағат 11.00-де КАЗГЮУ Университетінің 517-аудиториясында (Акт залы) Жалпы білім беру пәндері мектебінің Қазақстан тарихы кафедрасы мен студенттер ұйымдастырған “Баталасу” атты театр қойылымы өтеді.
Қойылымға қатысушылар батырлардың ерлігін үлгі етіп, XVIII ғасырдағы сыртқы экспансияға қарсы күрес пен қазақ қоғамының бірігуін бейнеледі. Шақырылған қонақтардың арасында танымал қазақ қайраткері С. Нұрбек, “Ситуациялық қазақ тілі” бірегей басылымының авторы К. Тасыбеков, Назарбаев Университетінің профессоры С. Оразғалиев.

hfh

КАЗГЮУ Университетінде 2017 жылдың 21 сәуірінде белгілі саясаткер, заңгер, экономистердің қатысуымен «Қазақ тілі: Бүгіні мен болашағы/ Kazakh Language: today and future» атты аналитикалық дискурс өтеді.

Дискурс барысында қазақ тілінің қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланады. Талқылауға Назарбаев Университетінің ғалымдары, КАЗГЮУ ұстаздары және басқа да тәуелсіз аналитиктер қатысады.
Келем деушілерге есік ашық!

Уақыты: 21.04.17 сағ: 09:30-да.
Өтетін орны: «Үш би» залы (402 ауд.).

Слайд2 (1)

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде сағат 10.00-де 402-аудиторияда “Қазақстан Республикасының Заң шығару институты” ММ директоры А. Тукиев “Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын жетілдіру болашағы” атты тақырыбына өз дәрісін оқиды.

Слайд1 (1)

Үстіміздегі жылдың 18 сәуірінде КАЗГЮУ Университетінің 402-аудиториясында сағат 11.45-те студенттер Қазақстанның ММА федерациясының президенті, Қазақстанның ММА қауымдастығы төрағасының орынбасары Ким Анатолиймен кездеседі.

Студенттермен бұл кездесу “Жалындап жанған от бол! От бола алмасаң жоқ бол!” деген тақырыпқа арналады.

thumb_IMG_6964_1024

22 қаңтар күні КАЗГЮУ студенттерінің эксклюзивтік бағдарлама аясындағы оқу сапары аяқталады. Студенттер КАЗГЮУ әріптестерінің жоғары білім саласындағы тәжірибесімен танысып, бірқатар еуропалық елдерге барып қайтады.

IMG_3957

КАЗГЮУ Университеті “Жылу сыйла” акциясын өткізу мерзімін ұзартуда, бұл игі шара аясында мұқтаж жанұяларға көмек бүкіл қаңтар бойы көрсетіледі.
Еске сала кетейік, еліміздегі ең ірі заңгерлік жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары Университет Ректоры Т. Нәрікбаевтың бастамасымен Қараөткел ауылдық округінің тұрғындарына көмек көрсету үшін ақша жинауды ұйымдастырды.
Қайырымдылық акциясы 15 қарашада КАЗГЮУ Университетіндегі жәрмеңке мен концерттік бағдарламаны өткізуден басталды. Акцияны университет қызметшілері мен әріптестері де қолдады. Түскен қаражаттың барлығы ауылдық елді мекеннің тұрғындарына ең қажетті тауарларды сатып алуға жіберілді.

14 наурызда КАЗГЮУ Университеті құрылғалы сәтінен бастап өзінің 23 жылдығын атап өтеді. Білім ордасының тарихы 1994 жылдан, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институтын құру туралы” Жарлығы қабылданған сәтінен басталады.

Аталған құжатқа сәйкес “Құқық реформасын жүзеге асыру және республиканың заң кадрлары жөнiндегi қажетiн қанағаттандыру, заң бiлiмiн дамыту мен оның сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институты құрылсын және Қазақ мемлекеттiк заң институты мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына, сот және құқық қорғау органдарына, шаруашылық жүргiзушi объектiлерге заңгерлер даярлауға арналып мамандандырылады деп анықталсын”.

Лого_Совет деловых женщин

«Кәсіпкерлік – жастар үшін өмірлік болашағы ретінде» және «Өз бизнесіңді қалай құру қажет» атты шебер-сыныптар өткізілмек.

Өткізу күні: 15 желтоқсан 2016 ж., Үш би залы

Өткізу уақыты: 11.30-13.00 сағ.

224

8 желтоқсанда КАЗГЮУ Университетінде (432-ауд.) сағат 15.00-де ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында Республикалық нотариат палатасының атаулы аудиториясы ресми түрде ашылады. Аудиторияның ашылу салтанатына университеттің, «Эндаумент КАЗГЮУ» КҚ, Республикалық нотариат палатасының басшылығы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, КАЗГЮУ студенттері мен оқытушылары қатысады. Қазіргі кезде Университетте 7 атаулы аудитория қызмет етуде, бұл аудиторияларда КАЗГЮУ әріптестерінің іскерлік нысандағы іс-шараларын өткізу және дәріс оқу мүмкіндіктері бар.

e7aefe3195aad5f51225b716edf81244

Ағымдағы жылдың 9 – 10 желтоқсанында КАЗГЮУ Университетінде өтетін халықаралық жастар құқықтық форумына қатысушылар «Интернетте сөз және ақпарат таратуды бостандығын шектеу шамалары» талқылайтын болады.
Шараны  Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен С. Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясы КАЗГЮУ Университетінің Құқық жоғары мектебімен бірге ұйымдастырады.

QiRzA4vv5bIn6o11MURu3AdMLXQg1g-min

12 желтоқсан күні сағат 11.00-де мәжіліс залында ҚР Конституциялық кеңесі мемлекеттік басқару мәселелері бойынша ҚР Конституциясының нормаларын талқылау туралы істі қарайтын болады. КАЗГЮУ Университетінің студенттері ҚР Конституциялық кеңесінің отырысында байқаушылар ретінде қатысады.

4_mh1024_s-min

30 қарашада сағат 10.00-де (402-ауд.) Француз Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ф. Этьеннің қонақ дәрісі өтеді. Қонақ «Климат жөніндегі Париж келісімі: сын-тегеуріндері мен келешегі» жайында баяндайды.

5c-d0-93-5c-d0-_18088762_85848bd97edd232e2605a9f8f17ca22a8141a679 (1)

Құрметті КАЗГЮУ Университетінің студенттері, магистранттары және профессорлық-оқытушылық құрамы!
Үстіміздегі жылдың 22 қараша күні Үш би залында (402-ауд.) сағат 15.20-де Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы Александр Григорьевич Огаймен кездесу өтеді.
Кездесу тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі прокуратура.
Шараның мақсаты прокуратураның қызметі және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында конкурсты ұйымдастыру, өткізу тәртібі туралы дұрыс түсінікті қалыптастыру болып табылады.
Кездесу төңірегінде тыңдаушылар прокуратураның қызметімен, прокуратура органдарында конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібімен, прокуратура органдарының қызметшілерін әлеуметтік қорғау мәселелерімен және т.б. таныс болады.
КАЗГЮУ Университетінің заңгерлік мамандықтар бойынша студенттерінің теориялық және практикалық дайындығының жоғары деңгейін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы өзінің қызығушылығын білдіріп, ашық диалог құру және прокуратура органдарының ақпараттық сервистерін көрсету мүмкіндігін ұсынады.

IMG_4938 — копия

2017 жылдың 10 ақпан күні сағат 16.00-де 328-аудиторияда (Сот залы) «Заңтану», «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттердің арасында Республикалық олимпиаданың алғашқы іріктеу кезеңі өтеді.

Комиссияның құрамына Құқық Жоғары Мектебінің директоры, ҚЖМ кафедра меңгерушілері кіреді. Іріктеу кезеңіне қатысушыларға қойылатын талап – мына пәндерді меңгеру:

  1. Мемлекет және құқық теориясы;
  2. ҚР конституциялық құқығы;
  3. ҚР азаматтық құқығы;
  4. ҚР азаматтық-процестік құқығы;
  5. ҚР қылмыстық құқығы;
  6. ҚР қылмыстық-процестік құқығы.

Қатысушылар мына телефон арқылы жазыла алады: den_f777@mail.ru

Байланысу үшін/WhatsApp: + 7 (777) 07-24-353 (Финк Денис Александрович)

бизнес завтрак

19 қарашада сағат 10.00-де «Технологияларды коммерциалдандыру жөніндегі кәсіпқойлар альянсы» ҚБ президенті Ә. Шәменовпен таңғы ас өтеді. Шараны КАЗГЮУ-дың Бизнес-мектебі ұйымдастырады.
Спикермен кездесу аясында қатысушылар қазақстандық болмыста бизнес-үлгілеу тақырыбын талқылайды.

21

Үстіміздегі жылдың қараша айының басында КАЗГЮУ Бизнес-мектебі және TUV халықаралық ұйымы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды.

Әріптестер mini-MBA Business-management эксклюзивтік бағдарламасын бірге жүзеге асыруды жоспарлайды, бұл бағдарлама аясында ИСО1724 халықаралық стандартына сәйкес менеджерлерді оқыту бойынша сертификатталған жоба жұмыс істей бастайды.

Бүгінгі күні КАЗГЮУ – бизнес-менеджерлерді оқыту (адам капиталын дамыту) саласында ИСО стандарты бойынша халықаралық сертификаты бар жалғыз жоғары оқу орны.

Snimok-1

Ағымдағы жылғы 8 қарашада Университеттің акт залында Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының вице-президенті, қоғамдық қайраткер, демеуші, мультимиллиардер Бауыржан Оспановтың қонақ дәрісі өтеді.
КАЗГЮУ студенттерімен кездесу «Тұлғалық қасиетті жетілдіру» атты тақырыпқа арналады.

вечер поэзии

15 қараша күні сағат 15.00-де Үш би залында танымал қазақ ақындары Д.Байтурсынулы және С. Камшыгер КАЗГЮУ студенттерімен кездеседі. Даулетбек Байтурсынулы – “Молда Багыш” атындағы әдеби сыйлығының лауреаты, “Махтумкули Фраги” медалінің иегері. Саят Камшыгер – Қазақстан жазушылары одағы басқармасының әдеби кеңесшісі, “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты.

благотворительная ярмарка

15 қараша күні сағат 10.00-де КАЗГЮУ Университетінде «Армандарды ақиқатқа айналдырайық» акциясы аясында қайырымдылық жәрмеңке өтеді.
Университет студенттері мен оқытушылары «Қараөткел» ауылдық округінің тұрғындарына аса қажетті құралдарды сатып алу үшін қаражат жинауды ұйымдастыруда.

4075e7fd16586019dd02ea673ae

11 қараша күні сағат 15.20-да КАЗГЮУ-дың Үш би залында «Полемикалық экономика» атты кітап көпшілікке ұсынылмақ. Кітап авторы – танымал саяси қайраткер, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы А. Перуашев. Шараға қатысушылар А. Перуашевтың қолтаңбасы бар кітапты алу мүмкіндігіне ие болады.

_YOTYWIZM98

Үстіміздегі жылдың 17 қараша күні КАЗГЮУ «Студенттерге арнау» атты жыл сайынғы дәстүрлі шараны өткізеді.
Күтілетіндей, студенттік қауымдастықтың орасан зор оқиғасы аясында «КАЗГЮУ Фемидасы» сайысының қорытындысын шығару жоспарланады. Қалыптасқан дәстүр бойынша әр факультеттің өкілдері еліміздің ең үздік университетінің жүзі болу атағын алуға үміткер болады.

szkolenie1-min

9 – 10 қарашада КАЗГЮУ Университеті ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен және Еуроодақпен бірге экспорттық бақылау бойынша кеңейтілген практикалық семинарды өткізеді.
Іс-шараға ЕО мүше-мемлекеттерінен оқытушылар, сондай-ақ стратегиялық тауарлардың саудасын реттеу саласындағы сарапшылар қатысады.

fotolia

2016 жылғы 31 қазан – 5 қараша аралығында Педагогикалық шеберлік орталығы  КАЗГЮУ Университетінің негізінде«ХХІ ғасырда оқытудың тиімді дағдыларын қалыптастыру: КАЗГЮУ Университетінің инновациялық білім беру технологияларының тәжірибесі» біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.

Біліктілікті арттыру курстары төңірегінде:

  • КАЗГЮУ Университетінің оқу инновациялық білім беру технологияларының тұсаукесері өткізілмек;
  • табысты оқудың тиімді дағдыларын қалыптастыру мен жүзеге асырудағы тәжірибемен алмасу мақсатында Қазақстанның жоғары оқу орындары мен мектептерінің өзара әрекеттестігі үшін тұрақты сұхбаттасу алаңы құрылмақ.

Толығырақ…

bnpqgzgg.ujskipyat_com_326-min

2016 жылғы 18 қарашада КАЗГЮУ-дың Бизнес мектебі UBIS Университетімен (Швейцария) бірге салтанатты кеште магистранттарға дипломдарды табыстайды.

КАЗГЮУ Университеті 2014 жылдың сәуір айында Әріптестік туралы жасалған меморандум аясында UBIS Университетінің Орталық Азиядағы эксклюзивтік өкілі болып табылады.

img - копия

Республика Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында елордада Этномәдени орталықтардың күндері өтеді.

Шараны Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастыруда.

Еске сала кетейік, мерекені атап өтудің негізгі кезеңі Тәуелсіздік күніне дейін 25 күн қалғанда, яғни 21 қарашадан бастап 15 желтоқсанға дейін өткізілмек және еліміздің 25 аса ауқымды жетістіктерінің белгісі болмақ.

ru-min

«Маңызды әңгіме» клубы төңірегінде оқытушылар мен студенттер жұртшылықты алаңдататын өзекті мәселелер жайында сұхбаттасу үшін кездеседі.

Осыған дейін хабарланғандай, «Маңызды әңгіме» – Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндерінің кафедрасы паритеттік қатынастарды дамыту және «студент-оқытушы» тандемін қалыптастыру мақсатында құрған жаңа жоба.

4gbSvWhOEwI-min

Осы шара жоғары оқу орнында шетел тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында өткізіледі, сондай-ақ студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалауға және студенттік жастардың зияткерлік әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

vf

2016 жылдың 25 қараша күні сағат 13.00-де Үш би залында Теңіз құқығы жөнінде халықаралық трибуналдың (ITLOS) судьясы Пэк Джин Хен (Jin-Hyun Paik) «Recent Trends in International Adjudication and Dispute Settlement in Asia» арналған тақырыпқа дәріс оқиды.
Профессор Азияның халықаралық құқық қауымдастығының (ASIANSIL) президенті және Сеул ұлттық университетінің профессоры (SNU) болғандықтан, ол халықаралық ұйымдардың құқығы, халықаралық гуманитарлық құқық, сондай-ақ халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу секілді салалардың маманы болып табылады. Кездесу барысында профессор халықаралық дауларды шешу саласындағы өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, жалпы халықаралық дауларды шешу тетігінің ерекшеліктері жайлы әңгімелейді. Сонымен бірге, КАЗГЮУ Университетіне келу мақсаттарының бірі Азияның халықаралық құқық қауымдастығымен, Сеул ұлттық университетімен, сондай-ақ Теңіз құқығы жөнінде халықаралық трибуналмен (ITLOS) академиялық әрі ғылыми ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.
Дәріске КАЗГЮУ Университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары, профессорлық-оқытушылық құрамы шақырылады.

4-min

29 қарашада сағат 11.00-де (402-ауд.) БРИКС елдерінің (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) Төтенше және Өкілетті Елшілерінің қатысуымен семинар өтеді. Шараға қатысушылар ү.ж. қазан айында Гоада (Үндістан) өткен БРИКС Саммитінің қорытындысын талқылайды.

DSC_0262

Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады. Аталған құжатқа КАЗГЮУ Ректоры Т. Нәрікбаев және Құқық қорғау органдары академиясының ректоры. Байжанов қол қояды. Меморандум аясында құқық қорғау органдарының қызметшілерін оқыту және құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы бірлескен зерттеулерді жүргізу жоспарланады.

fk-pEMqIE7sMugo5hTB-80 F7Dipjpv-jA

Құрметті КАЗГЮУ Университетінің ұстаздары, ұжымы, студенттері!

«Сәуір болмай тәуір болмайды» деген аталы сөзіміз бар, 2015 жылдың сәуір айында «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген ұранмен университетіміздің белсенді студенттері бас қосып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «KAZGUU PRIDE» спорттық клубын құрған болатын. Сол уақыттан бері екі жыл ішінде «KAZGUU PRIDE» жігіттерінің асқан асуы, алған қамалы аз емес.

Сәуір айының 12-сі күні 17:00-19:00 аралығы университетіміздің мұғалімдер асханасында «KAZGUU PRIDE» спорттық клубының 2 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр.

келіп тілек білдіремін деушілерге көңіліміз ашық!