stlife81

Регистрация/Registration:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScbNn2BVmJZHinpxi4WCrMmlPkiNM2pGxYvJZDQhcVcq7aQ5Q/viewform?usp=sf_link

«Орда» пікірсайыс клубы оқушы жастардың табандылығын, шешендік өнерін және көшбасшылық қасиеттерін дамытуды жүзеге асыратын М. С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің ерікті жастар бірлестігі болып табылады. Біздің клубтағы дебаттар халықаралық дебат ережелеріне сәйкес өткізілетін рөлдік ойындар болып табылады.

Пікірсайыстың мақсаты: студенттерге өз көзқарастарын тиімді қорғауға үйрету, өз топ мүшесінен басқа қарсыластарын да тыңдай білуге және пікірталастарды тыныш және достық жағдайда жүргізу. Біз өз топ мүшелеріне талқыланатын идеяның мақсатын көздейтін және қарсы дәлелдер келтіруге, сыни ойлауға, анық және нақты сөйлеуге, ойын барысын аналитикалық талдауға және жеңуге үйретеміз. Біздің клуб әрқашан белсенді өмір салтымен танымал болды, себебі біз зияткерлік саламен қоса мәдени демалыстарды қатар ұстауды жөн көреміз. Бұл жағдай ыңғайлы қарым-қатынасқа және жаңа шыңдарды бағындыруға және қиындықтарды жеңуге дайын болуға бейім. Сол себепті, «Орда» жыл сайын өз қатарын жігерлі және бастамашыл резиденттермен толықтыратыны таңқаларлық емес шығар.

Алдағы жылдарда «Орда» галереясы көптеген естеліктермен толықтырылады деген үміттеміз, бұл клубтың тірі организм ретіндегі белсенді өмірінің сөзсіз дәлелі болады.

Instagram:@dcorda.kazguu https://www.instagram.com/dcorda.kazguu/?hl=ru