КАЗГЮУ Университетінде
оқу және кәсіптік қызметті табысты жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдай жасалды.
Бүгінгі күні жоғары оқу орнының отандық кеңістік пен халықаралық деңгейдегі жетістіктерінің сөзсіз өлшемшарттарының бірі
студенттер мен оқытушылардың оқуы, жұмысы мен демалысы үшін заманауи дамыған инфрақұрылым мен ыңғайлы жағдайдың бары болып табылады.
5,003 аршы метр
студенттік жатақхананың жалпы алаңы
5
минут уақыт – жатақханадан университетке дейінгі жол
370
төсек-орындар
75
Бос төсек-орындардың саныА-блогы (жігіттер) – 31 орынВ-блогы (қыздар) – 44 орын
Сондай-ақ басқа қалалардан келген студенттердің де басым құқығы бар. Жатақханада студенттердің тұрмысы мен оқуына толыққанды жағдай жасалды. Мәселен, жатақханада ас үй, санитарлық торап, жуыну кабиналары, кір жуу бөлмесі бар.
Сондай-ақ әрбір бөлмеде кереуеттер, үстел, орындықтар секілді қажетті жиһаз қойылған.
Студенттер Үйінде тұру туралы өтініштер Platonus ААЖ арқылы беріледі. Өтініштер дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері қабылданады. Тұрғын үй комиссиясы өтініштерді бейсенбі күні қарайды, содан кейін хабарлама Platonus-қа жіберіледі.
Жатақханада тұрмыстық жағдайды жақсарту, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі.
Ғимарат заманауи бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, барлық бөлмелерде және жалпы қолдану орындарында автоматтық өрт дабыл жүйесі іске қосылған.
Студенттердің қауіпсіздігін ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.
Ал құқықтық тәртіпті сақтау үшін тәулік бойы қауіпсіздік қызметі жұмыс істейді. Ғимаратқа кіру кезінде өткізу режимі қолданылады.