Атаулы аудиториялар

Бүгінгі күні барлық үй-жайлар жоғары білім берудің үздік әлемдік стандарттарына жауап береді, студенттердің дайындық бағыттары мен деңгейлеріне қарамастан креативті білім беру ортасын, командалық және жобалық жұмысты құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Нағашыбай Аманғалиұлы Шәйкенов атындағы Атриум
M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің үшінші қабатында аса көрнекті қазақстандық ғалым-заңгер және саяси қайраткер Нағашбай Аманғалиұлы Шайкенов атындағы бірегей Атриум ашылды.Атриум – барлық заманауи талаптарға жауап беретін және жоғары сапалы білім беру процесіне бағытталған кеңістік.Атриум:
– жеке және шағын топтарға арналған аудиторияны қамтитын еркін аймақты;
– online іс-шараларды өткізуге қолайлы амфитеатрды;
– жайлы жиһаздар және СК панельдермен жабдықталған дәрісханаларды;
– тамаша жұмыс компьютерлерімен жабдықталған компьютерлік сыныптарды қамтиды;

Барлық аймақтар жұмыс атмосферасын құру үшін арнайы жарықпен және дыбысты басу жүйесімен жабдықталған.
Атриум студенттердің жұмыс қабілетін жақсартуға бағытталған университеттегі ерекше алаңдардың біріне айналмақ.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы Конференц Холл
Алаңы: 450 ш.м.
Заманауи дыбыс жүйесімен жабдықталған жаңа үлгідегі конференц-холл. Бірегей акустикасының арқасында конференц-холл түрлі форматтағы іс-шараларды өткізетін тамаша орынға айналды

Шейх Зайд бин Сұлтан Әл-Нахаян атындағы зал
Түрлі дәрістер, ресми кездесулер мен іс-шаралар өткізуге арналған көп орынды, кең аудитория.

Кувейт Мемлекетінің атаулы аудиториясы
Кувейт Мемлекетінің Қазақстандағы жеке аудиториясының жалпы ауданы 168 шаршы метрді құрайды. Бұл КАЗГЮУ-дің барлық қалпына келтірілген оқу залдарының ішіндегі көлемі бойынша екінші үлкен зал. Техникалық жабдықтау, жайлы жиһаз, интерьердің заманауи дизайны барлық соңғы әлемдік үрдістерге сәйкес келеді.

Саид Хури мен Хасиб Сабага атындағы аудитория
Жаңа, техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған дәріс залы 100 орынды қамтиды, бай этникалық стильде безендірілген. Зал қабырғалары оқу аудиториясын қайта жабдықтау мен техникалық жабдықтауды қаржыландырған «ССС» компаниясының негізін қалаушылардың әдемі кенепке салынған суреттері және портреттерімен безендірілген. Бұл аудиторияның ерекшелігі:
– сенсорлық интерактивті трибунамен;
– жоғары ажыратымдылықтағы проектормен;
– белсенді дыбыс жүйесімен;
– дыбыс басу құралдарымен техникалық жабдықталуы болып табылады.
Аудиторияның ауданы: 171 шаршы метр.

«Kassa Nova» АҚ атаулы аудиторияс

«Tengri Банк» АҚ атаулы аудиториясы
Оқу аудиториясы Банктің брендтік стилінде жобаланған. Аудиторияның дизайнында шамадан тыс ашық түстер жоқ, сондықтан жұмыстың өнімділігіне тигізетін ықпалы зор. Аудитория барлық басқа атаулы аудиториялар сияқты заманауи техникамен және жайлы жиһазбен жабдықталған.

Бизнес мектебінің DBA түлектерінің атаулы аудиториясы
Аудитория жарқын түстермен ультра заманауи дизайнға ие, ал бүкіл қабырғадағы креативті әлем картасы DBA бағдарламасының халықаралық байланысы туралы айтады. Бір орынды үстелдер білім алушыларға жеке қадам жасалатынын білдіреді. Аудитория соңғы технологиямен жабдықталған.

Бизнес мектебінің MBA түлектерінің атаулы аудиториясы
Аудитория өзіндік дизайнға ие және білім алуға ыңғайлы қажетті техникамен жабдықталған.

«АТФ Банк» АҚ атаулы аудиториясы
Аудитория соңғы үлгідегі проектормен және интерактивті тақтамен техникалық жабдықталған, жұмыста озық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді, ал ыңғайлы жиһаз өзіңізді жайлы сезініп, уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Республикалық нотариаттық палатаның атаулы аудиториясы
Ауданы 125 ш.м. Оқу аудиториясы ашық көк түспен безендірілген, жайлы былғары жұмсақ орындықтармен, заманауи оқу техникасымен жабдықталған. Аудиториядағы ақпараттық стендтер РНП қызметімен танысуға мүмкіндік береді, бұл білім алушылардың осы ұйымға бейілділігін арттырады.

«Казкомммерцбанк» АҚ атаулы аудиториясы»
Орталық Азиядағы ең ірі институттардың бірі және Қазақстандағы ең ірі жекеменшік банк QAZKOM КАЗГЮУ-ге жаңа аудиторияны сыйға тартты. Жаңадан қалпына келтірілген оқу залында университет серіктестеріне іскерлік форматтағы іс-шараларды өткізу, сондай-ақ студенттер алдында дәрістер оқу мүмкіндігі ұсынылған. Аудиторияның дизайны Банктің корпоративтік түсінде орындалған. Аудитория 108 шаршы метр аумақты құрайды және соңғы технологиямен жабдықталған.

ҚР Іскер әйелдер кеңесінің атаулы аудиториясы
Аудитория 69 ш.м. құрайды. Мемлекеттік стандартқа сәйкес жайлы ағаш жиһазбен жабдықталған. Сондай-ақ интерактивті тақтаны пайдалана отырып, оқыту әдістемелерінің заманауи талаптарына сәйкес келетін аудиторияның техникалық жарақтандырылуын атап өткен жөн.

EF Education First атаулы аудиториясы
Шет тілдерін оқыту бойынша халықаралық білім беру орталығының аудиториясы. Жаңа кабинет ағылшын тілін ыңғайлы меңгеруді қамтамасыз ететін мультимедиялық жүйе, ноутбук, проектор, интерактивті тақта және жеке Wi-Fi-мен жабдықталған.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: