KAZGUU Summer language school

КАЗГЮУ Университеті шетелдік студенттер мен мамандарды КАЗГЮУ-дың жазғы мектебіне қатысуға шақырады.

 

 

 

Жазғы мектепте мәдени іс-шаралармен ұштасқан қазақ және орыс тілдеріндегі интенсивті курс ұсынылады.

 

Мәдени бағдарлама тарихи, көрікті жерлерді тамашалап, жайлы көңілге бөленіп, шетелден келген достармен танысуға мүмкіндік береді.

 

Бағдарламаға шолу:

 

Тіл білімінің деңгейін анықтауға арналған тест (келгенде) Уақыты: 19 маусым – 16 шілде 2023 жыл Ұзақтығы: 4 апта. Бағасы: $2000
4 апталық интенсивті орыс/қазақ тілін оқу курсы
Аптасына 20 академиялық сағат
Тұрақты негізде мәдени және экскурсиялық іс-шаралар
Бағдарлама құны: визалық қолдау, әуежайдан трансфер, студенттік жатақханада тұру, таңғы ас/түскі ас (дүйсенбі-жұма), спорт залы, кітапхана, сақтандыру, мәдени-сауық бағдарламасы кіреді..

 

Курсты қазақ және орыс тілдерін оқытуда тәжірибесі мол Жоғары Гуманитарлық Мектебі ұйымдастырады. Бағдарламаға жергілікті және шетелдік студенттер, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерін үйренуге ынтасы бар мамандар да қатыса алады. Қазақстанда тұру және оқу үшін студенттердің визасы болуы керек.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Ақсамал Исалиеваға хабарласыңыз, a_issaliyeva@kazguu.kz

Сізбен байланысу үшін тіркеу формасын толтыруыңызды сұраймыз

 

Өтінім берудің дедлайны: 10 мамыр 2023 жыл

 

 

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы – Қазақстанның бірегей табиғатын көріп, жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлерімен таныса аласыз.

 

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені кеңестік қуғын-сүргін тарихының қасіретті, сонымен бірге құнды мәдени ескерткіші болып табылады. Бұл ерлік пен әділетсіздік естелігі.

 

Astana Sightseeing Tours автобустарымен елорданың көрікті жерлеріне жайлы экскурсия. Әрбір автобус 4 тілде – қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде аудио гидпен жабдықталған.

 

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры. 2013 жылы ашылған «Астана Опера» Орталық Азиядағы ең ірі театр болып табылады, оның репертуарында әлемдік композиторлардың елеулі туындылары қамтылған. Театр халықаралық стандарттарға сай салынып, қазақ мәдениетінің құндылықтарына негізделген.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы ежелгі дәуір мен орта ғасырлардан Қазақстанның қазіргі өнерінің үлгілеріне дейінгі 175 мыңнан астам экспонаттармен танысуды ұсынады.

 

«Нұр Әлем» павильон-музейі ЭКСПО-2017 көрмесінің ең танымал экспонаттарының бірі. Заманауи, «ғарыштық» сәулет, ел мәдениетінмен байланыстырылған технологиялар мен қондырғылар мұражайы сізді тамсандырады.

 

Караоке кеші, кино түні, пикник, тимбилдинг, жағалауда серуендеу және т.б. бірқатар тақырыптық іс-шаралар.

Қосымша ақпарат алу үшін Ақсамал Исалиеваға хабарласыңыз, a_issaliyeva@kazguu.kz