Халықаралық рухты қалыптастыру және басқа елдердің мәдениетімен танысу KAZGUU UNIVERSITY өмірінде әрқашан елеулі орын алуда. Осыған орай университетіміз қазіргі халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша қонақ ретінде келіп дәріс оқу мақсатымен шет елдердің елшілері мен дипломаттарын жиі шақыратын болды, қазіргі кезде студенттер әртүрлі елдердің экономикалық дамуына, саяси өзара әрекеттестігіне, құқықтық жүйелерінің тәжірибесіне қатысты мәселелерге көп қызығушылық танытады.

2014 жылдың 5 мамырында ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің, әлемнің 25-тен астам мемлекет елшілерінің және шет мемлекеттерінің 40-қа жуық дипломаттары мен Қазақстан Республикасында аккредиттелген өкілдіктері қызметшілерінің қатысуымен Академиялық Дипломатиялық клубының ресми ашылу салтанаты өтті.

АДК қызмет еткелі құрметті қонақ пен бас спикер ретінде клуб отырыстарына Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф, Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сиярто, Үндістанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Яшвант Синха, БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Йенча, БҰҰ бас хатшысының коммуникация және қоғамдық ақпарат мәселелері жөніндегі көмекшісі Кристина Галлач қатысты.

Клуб халықаралық қатынастардың саясат, экономика, мәдениет және білім беру саласындағы көкейтесті мәселелерін талқылау алаңына айналды. Оның пайымы – әртүрлі мәдениет пен халық өкілдерінің арасында жайлы қарым-қатынастарды құру мен нығайту. Клуб отырыстары апта сайын дөңгелек үстел, конференция, ашық дәріс, бизнес-форум, іскерлік сұхбат, мәдени шаралар нысандарында өткізіледі.