4M905mw1p3qeABDKO5hI3JulqGSOE1-min
1919656_708676052549717_7449340471076690453_n-min
a60f95e6048a6076bc6ca88177633fab_M-min
MPqE2tA1uik
программа двойных дипломов
IMG_5746

КАЗГЮУ Университеті бір мезгілде КАЗГЮУ-да және шетелдегі әріптес оқу орындарының бірінде сапалы жоғары білім алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады!

Бакалаврларға арналған бірлескен бағдарламалар:

  • «SolBridge» халықаралық бизнес-мектебі (Оңтүстік Корея) «Қаржы», «Экономика», «Менеджмент» «Есеп және аудит» мамандықтары
  • Оңтүстік Флорида университеті (АҚШ) «Қаржы», «Экономика», «Менеджмент» «Есеп және аудит» мамандықтары

Магистрларға арналған бірлескен бағдарламалар:

  • Ресейлік адвокатура және нотариат академиясы (РАНА) «Заңтану» мамандығы
  • Лотарингия университеті (Франция) «Халықаралық құқық» мамандығы
  • UBIS (Швейцария) «Қаржы», «Экономика» мамандықтары
  • Европалық Виадрина Университеті (Германия) «Заңтану», «Халықаралық құқық» мамандықтары

PhD докторларына арналған бірлескен бағдарлама:

  • Болонья Университеті (Италия) «Заңтану», «Халықаралық құқық» мамандықтары

Қос диплом алу бағдарламасы бойынша оқудың артықшылықтары:

  • мамандарды даярлаудың қазақстандық және шетелдік стандарттарына сәйкес бірлесіп әзірленген оқу жоспары бойынша КАЗГЮУ-да және серіктес жоғары оқу орнында оқу;
  • Студенттер КАЗГЮУ-ға түсу қағидаларына сәйкес түсу емтихандарын және серіктес жоғары оқу орнына тиісті түсу емтихандарын тапсырады;
  • Бағдарлама бойынша оқуға түскен студенттер «қос оқуға», яғни бірден екі серіктес-университетке оқуға қабылданады;
  • Бағдарлама бойынша оқу нысаны – күндізгі немесе серіктес жоғары оқу орнына байланысты онлайн-оқу;
  • Қазақстандық және шетелдік мамандар оқытады;
  • Бағдарлама бойынша жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдері.
  • Бакалавр бітіру кезінде өзінің біліктілік жұмысын орыс не шет тілінде орындай алады және оған қазақстандық және шетел тараптар рецензия береді;
  • Бағдарлама түлектері екі мемлекеттік диплом алады: жоғары білім туралы КАЗГЮУ дипломы және шетелдік серіктес жоғары оқу орнының мемлекеттік дипломы.