12805945_1509341566041941_8652664300637735647_n — копия

Университеттің халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметі КАЗГЮУ-дың дүниежүзілік білім және ғылым кеңістігіне кірігуінің ең маңызды бөлігі болып табылады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ

  • қазақстандық білім беру жүйесінің сапасын арттыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді;
  • Қазақстанның басқа заң және экономикалық жоғары оқу орындарымен салыстырғанда, бізге бәсекелі артықшылықтарды ұсынады;
  • дүниежүзілік ғылыми-білім беру процесіне қатысушы ретінде оқу орнымыздың танылуын қамтамасыз етеді;
  • КАЗГЮУ Университеті дипломының халықаралық беделін арттырады.
  • КАЗГЮУ-дағы білім беру қызметі Еуропалық білім беру стандартына сәйкес іске асырылады. КАЗГЮУ Университетінің стратегиялық серіктестері әлемнің экономикалық және құқықтық бағдарламалар саласындағы әйгілі жоғары оқу орындары – «Солбридж» халықаралық бизнес-мектебі (Оңтүстік Корея), Оңтүстік Флорида Университеті (АҚШ), Европалық Виадрина Университеті (Германия) және Болонья Университеті (Италия).

    Еуропалық Виадрина Университеті құқық саласындағы бағдарламаларды дамыту бойынша методологиялық қолдау көрсетеді.

    Университет құрылғалы КАЗГЮУ басшылығы шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылым және білім саласындағы өзара ынтымақтастық туралы 60-тан астам келісімге қол қойып, оларды іске асырды. Біздің университет БҰҰ, ЕҚЫҰ, Ф. Эберт атындағы қор, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ХҚКК секілді және т.б. халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен тұрақты әріптестік қатынастарын қолдауда. Шет елдердің елшіліктерімен берік байланыстар орнатылды.

    Университетімізде Академиялық дипломатиялық клуб қызмет етуде.

    Шетелдегі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясында студенттердің, магистранттар мен PhD докторанттарының академиялық ұтқырлық бағдарламасы орнатылған. КАЗГЮУ білім алушыларының шетелдегі ғылыми тағылымдамадан өту және КАЗГЮУ-да ғана емес, ал сонымен бірге шетелдегі серіктес оқу орнында қос диплом бағдарламасы бойынша сапалы жоғары білім алу мүмкіндігі бар.

    Көптеген шетелдік саяси, қоғамдық қайраткерлер, Нобель сыйлығының иегерлері мен әйгілі ғалымдар КАЗГЮУ Университетінің Құрметті профессорлары атанды. Олардың арасында экономика бойынша Нобель сыйлығының иегері Маскин Эрик Старк (АҚШ) және Финн Эрлинг Кидланд (Норвегия), Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф, Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сиярто, Үндістанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Яшвант Синха, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Йенча, БҰҰ Бас хатшысының коммуникация және қоғамдық ақпарат мәселелері жөніндегі көмекшісі Кристина Галлач.