Untitled-1

Университет КАЗГЮУ видит основной стратегической задачей развитие интернационализации в обучении, преподавании и исследовании. Образовательная деятельность в КАЗГЮУ реализуется в соответствии с европейским стандартом качества образования.

ЦИФРЫ И ФАКТЫ

3000

Студентов

210

ППС

160

АУП

4

Высших школы

39000

Выпускников

329

Студентов по обмену

180

Иностранных студентов

25

Исследовательских публикаций

95

Международных партнеров

34

Образовательных программ на английском языке

16

Студенческих организаций

Направления деятельности

Отдел международного сотрудничества

перейти

Академическая мобильность

перейти

Академический Дипломатический Клуб

перейти

Международные программы

перейти

Иностранные студенты

перейти

Зарубежные преподаватели

перейти

Визовые и миграционные вопросы

перейти

Глобальная сеть

перейти

Халықаралық ынтымақтастық жаңалықтары

Web

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti екі мекеменің арасындағы білім беру және мәдени байланыстардың маңыздылығын түсіне отырып, Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум аясында экономика, адал басқару және дамыту саласында студенттермен алмасуды жүзеге асыру үшін келісім жасасты. Аталған келісімнің жалпы мақсаты екі елдің академиялық байланыстарын көтермелеу және мәдениетін байыту мақсатында екі қатысушы мекеменің арасында білім беру қатынастарын және ынтымақтастықты орнату болып табылады.

Әрбір студенттік алмасудың мақсаты студенттерге әріптес-университетте білім алу, академиялық және студенттік өмірге қатысу, туған елі мен өз университетін танымал етуге үлес қосу мүмкіндігін беруді көздейді. Бишкек қаласындағы ЕҚЫҰ Академиясы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) және Қырғыз Республикасының үкіметі арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады. 2002 жылы тараптар Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, оның нәтижесінде Академия қауіпсіздік мәселелері бойынша өңірлік диалог және ғылыми зерттеулер үшін аймақтық білім беру және форум орталығы мәртебесіне ресми түрде ие болды.

Халықаралық бағдарламалар студенттерге бүкіл әлем бойынша ең үздік университеттерде семестр, бір не екі жыл бойы оқуға жағдай жасайды.
Осы мақсатпен КАЗГЮУ студенттерге шетелдік университеттің дипломын алуға мүмкіндік беретін Қос Диплом Бағдарламасын (DoubleDegree) ұсынады. Айта кетерлік, аталған бағдарлама біздің оқу бағдарламамыздың халықаралық стандарттар бойынша әзірленгенін және оған сәйкес келетінін дәлелдейді.
Қос диплом бағдарламасының артықшылығы – КАЗГЮУ студенті бола тұрып, шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болып (әріптес оқу орындары бізбен жасалған шарттардың арқасында тегін бір жылдық бағдарламаларды немесе оқу ақысына үлкен жеңілдіктерді ұсынады), нәтижесінде екі дипломның иегері атануыңыз мүмкін. Әрине, ол үшін жоғары академиялық талаптарға сай келіп, шет тілін жақсы білуіңіз керек.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы:
Жыл сайын Экономика мектебінің жүзден астам студенті Еуропа мен Азия университеттерінде оқып келеді. Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша біздің әріптес оқу орындарының саны отыздан асты.
ЭРАСМУС+ стипендиялық бағдарламалары Еуропада бір семестрді тегін оқып, стипендия алуға мүмкіндік береді.
МЕВЛАНА бағдарламасы Түркияның университетінде семестр не бір жыл бойы оқуға мүмкіндік береді.
КАЗГЮУ Экономика мектебінің оқытушылары Эрасмус + бағдарламасы арқасында халықаралық тәжірибеге ие болуда.

2019 жылдың 29 мамырында M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нде «Түпнұсқалылық, интерпретация және идеология: Қазақстандағы ГУЛАГ туризмінің үлгісі» атты ғылыми семинар өтеді. Семинардың негізгі спикерлері – Глазго Университетінен доктор Гийом Тибергиен және Глазго-Каледония Университетінен (Ұлыбритания) профессор Джон Дж. Леннон.

Семинар төңірегінде ғалымдар 2018 жылы КАРЛАГ және АЛЖИР мұражайларында жүргізген өздерінің зерттеу нәтижелерімен таныстырады. Презентация ГУЛАГ-тың тарихи жерлерінің тарихи-мемориалдық мұрасының идеологиясы мен түпнұсқалылығы және оның жалпы Қазақстандағы туризмнің дамуына ықпалы туралы түсінік береді.

Семинардың тілі – ағылшын, орыс және қазақ тілдеріне аударылады.

Іс-шараны өткізу уақыты мен орны: 29 мамыр, сағат 14.00-де, Нұр-Сұлтан қ., „M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti„ АҚ-ы, Қорғалжын тас жолы, 8, Конференц-зал, 5-қабат.

Еуропа күнін атап өту аясында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі жастардың көшбасшылық қасиеттері мен дағдыларын дамытуға арналған шараны – #Skills4Jobs өткізуді жоспарлайды. Бұл шара KAZGUU студенттерінің бірнеше рет қатысқан Ambassadors’ Café-нің кеңейтілген нысаны болып табылады.

Биылғы бағдарлама көптеген шараларды қамтиды, оның ішінде ЕО Елшісі Свен Олов Карлсон мырзаның құттықтау сөзі, өзінің табысқа жету жолымен бөлісетін танымал отандық тұлғалардың қатысуымен панельдік сессия, Ambassadors’ Café (ЕО мүше-елдерінің елшілері мен жастардың бейресми пікірталасы), сондай-ақ студенттерді Еуропада білім алу мүмкіндіктерімен таныстыратын Эразмус + бағдарламасының презентациясы (бағдарламаны төменде қараңыздар).

Ағылшын тілін жақсы меңгерген барлық студенттерді, жас оқытушыларды, магистранттар мен докторанттарды шақырамыз.

Уақыты: 21 мамыр 2019 ж., сағат 11.00-ден 15.00-ге дейін

Өтетін орны: IQ Coworking, Достық көш., 5

Қымбатты достар, M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti және Әзірбайжан Республикасының Елшілігі Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашаб Ейнадин Оглу мырзаның қонақ дәрісіне шақырады.

Дәрістің тақырыбы Әзірбайжан Республикасының Дипломатиялық қызметінің жүз жылдығына және Қазақстан мен Әзірбайжанның қарым-қатынастарына арналған.

Дәрістің соңында “Соңғы сессия” деп аталатын фильм көрсетілмек.

Өтетін күні: 21 мамыр 2019 ж.
Уақыты: сағат 12.00.
Орны: M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің 403-ауд.
Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Қорғалжын тас жолы, 8.

Қатысам деушілердің барлығын қуана қарсы аламыз.

Бұл шараға 20 мамырдың сағат 12.00 дейін тіркелуге болады.

Тіркелу үшін мына сілтемеден өтіңіздер:
https://docs.google.com/forms/d/1d9p_v3Ar2HPTy8rAqBcbTxnpPwMjOmRCUlM7iijCfRc/edit

16 Мамыр, 2019, Нұр-сұлтан

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША 4-ШІ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

Академиялық адалдық саясатын енгізу және жүзеге асыру: Жаһандық және аймақтық келешегі

Өткізу орны: М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті/ Тұңғыш Президент атындағы Конференц залы

 

 

  Тіркеу

08:30 – 09:30

 

 

 Пленарлық сессия

 

КІРІСПЕ СӨЗ

09:30 – 10:00

 

09:30-10:15 Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі

Талғат Нәрікбаев, Ректор, М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті, Нұр-сұлтан, Қазақстан

Массимо Пиньятелли, Медицина жөніндегі вице-президент және профессор – Медицина мектебінің деканы, Назарбаев Университеті, Нұр-сұлтан, Қазақстан
Лоретта ОДоннелл, PhD, Академиялық сұрақтар жөніндегі вице-провост, Назарбаев Университеті – Конференция тең төрағасы
Дильбар Гимранова, MPhil., MBA, Экономика Жоғары мектебінің деканы, КАЗГЮУ Университеті – Конференция тең төрағасы

 

БАС БАЯНДАМАШЫЛАРДЫҢ СӨЗДЕРІ

10:15 – 11:30

 

Модератор: Лоретта ОДоннелл, PhD, Академиялық сұрақтар жөніндегі вице-провост, Назарбаев Университеті

Өткізу орны: Тұңғыш Президент атындағы Конференц зал

10:15–10:45 Доктор Робин Лукас, Профессор және Ұлттық эпидемиология және халық денсаулық сақтау орталығының басшысы, Австралия Ұлттық Университетінде

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеу тұтастығы: салдары және мүмкіндіктері

10:45– 11:15 Доктор Томас Фолтинек, Германияның Вупперталь Университетінде Білім және деректер дайындау тобының ғылыми аға қызметкері және Академиялық адалдық бойынша Еуропалық желісі Кеңісінің Президенті:

Академиялық адалдықты жүзеге асырудағы еуропалық перспективалар’

11:15-11:30 Сұрақ-жауап сессиясы

 

КОФЕ-БРЕЙК

11:30 – 12:00

 

 

 ПЛЕНАРЛЫҚ СЕССИЯ

12:00 – 13:30

 

  Модератор: Дильбар Гимранова, MPhil., MBA, Экономика Жоғары мектебінің деканы, КАЗГЮУ Университеті

Өткізу орны: Тұңғыш Президент атындағы Конференц залы

  Доктор Шумей Гао, Экономика Доценті, Хериот Уатт Университеті, Ұлыбритания

Оқу әдістері және мәдениеттің академиялық адалдыққа ықпалы: халықаралық студеннтерді бақылау

  Доктор Дункан Пристли, Институционалдық тиімділік бойынша бас директор & Айжан Мусина, Аға менеджер, Институционалды тиімділік, Провост кеңсесі Назарбаев Университеті

Назарбаев Университеті студенттерінің оқу нәтижелері жетістіктерін байқау әдістері’

  Катя Левченко, Аймақтық Менеджер, Turnitin (Академиялық плагиат анықтау қызметі)

Үздік академиялық адалдық саясаты мен тәжірибелерді нығайтудағы технологиялардың рөлі

Алия Оспанова, Орталық азия және Әзірбайжан бойынша Аймақтық менеджер, Elsevier

Академиялық адалдық үшін SCOPUS

 

 

ТҮСКІ АС

13:30 – 14:30

 

 

ПАРАЛЛЕЛЬ ПАНЕЛЬДІ СЕССИЯЛАР

14:30 – 16:00

 

1430-1600 1 Сессия

Модератор: Доктор Дункан Пристли, Институционалдық тиімділік бойынша бас директор, Назарбаев Университеті

Өткізу орны: 402 аудитория

Баяндамашылар:

  1. Доктор Денис Солтис, Төраға, Қоғамдық басқару және халықаралық даму кафедрасы, КИМЭП Университеті:

Қазақстандық Университеттерде Академиялық адалдық бойынша мәдениет қоғамы және педагогиканы теңшеу

 

2.      Доктор Рита Каса, Доцент, Жоғары білім беру мектебі, Назарбаев Университеті және Доктор Али Аид Си Мухаммед, Доцент, Жоғары білім беру мектебі, Назарбаев Университеті

Қатысушыларға академиялық басылымдарда өзіндік ерекшеліктерін қорғауға  қарсы жасанды кейстер

 

  1. Дмитрий Мельников, Философия курсы бойынша аға оқытушы, Экономика Жоғары мектебі, КАЗГЮУ Университеті:

Академиялық адалдық зияткерлік ізгілік ретінде: М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде Философия және Сын тұрғысынан ойлау курстарындағы зияткерлік жауапкершілік туралы

 

  1. Сауле Кемельбаева, Аспирант зерттеуші, Ньюкасл Университеті бизнес мектебінде Экономика бойынша PhD студенті, Ұлыбритания:

Негізделген шешім қабылдау: Деректер Университет рейтингінің сенімді көрінісі ма?

 

Сұрақ-жауап сессиясы
1430-1600 2 Сессия

Модератор: Доктор Икболжон Корабоев, Халықаралық қатынас бойынша Доцент, Экономика Жоғары мектебі, М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті

Өткізу орны: Тұңғыш Президент атындағы Конференц залы

Баяндамашылар:

  1. Дарья Звонарева, Назарбаев Университеті Кітапханасы:

Орталық Азия аймағындағы кітапханалық қызметтер арқылы институционалдық академиялық адалдықты қолдаудағы қиындықтар мен перспективалар: Қазақстан мысалы

 

  1. Джозеф Йап, Назарбаев Университеті Кітапханасы:

APA сілтемесінде анықталған қателіктер: Ақпараттық сауаттылық бағдарламасын жетілдірудің негізі

 

  1. Риан Андерсон және Доктор Элизабет Мулинэкс Дайындық мектебі, Назарбаев Университеті:

Академиялық жазба үшін негізді пайдалану құзыреттіліктерді жетілдіру үшін оқу журналын қолдану

 

  1. Кобілбек Абдураимов, Ташкенттегі Вестминстерлік Университеті:

Жариялау немесе алу саясаты: күткеніміз осы ма?

 

Сұрақ-жауап сессиясы
1430-1600 3 Сессия

Модератор: Талғат Кутебаев, Аға оқытушы, Экономика Жоғары мектебі, М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті

Өткізу орны: 403 аудитория

Баяндамышылар:

1.      Эстер Бабажанян, Заң бойынша аға оқытушы, Құқық Жоғары мектебі, КАЗГЮУ Университеті:

Педагогикалық мақсаттарда аудиовизуалды шығармаларды жасау кезінде авторлық құқық туралы заңнаманы қолдану мәселелері’

 

2.      Раушан Омарова, Қоғамдық заң кафедрасының аға оқытушысы, Құқық Жоғары мектебі, КАЗГЮУ Университеті:

АҚШ Университеттері үлгісінде академиялық адалдық саясаты: Қазақстан Университеттері үшін сабақтар

 

3.      Г. А. Шопаева, Ж. Б. Мукашева, Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті:

Медициналық университетте академиялық адалдықты жүзеге асыру жолдары

 

4.      С.Б. Маукаева, М. В. Кузнецова, Е. Н. Бухарина, Т. С. Баянбаева, А.А. Грибоедова, Жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы, Семей Медициналық Университеті:

Дәрістер сапасын инновациялық бағалау

 

5.      Асель Мухамеджанова, Асия Бабаева және Мария Бекова, Назарбаев Университеті:

Академиялық адалдық мәдениетін құру: Орта мектеп мұғалімдері үшін жоғары білім

 

 

Сұрақ-жауап сессиясы

 

ЖАБЫЛУ РӘСІМІ

(кофе-брейкпен жалғасады)

Тұңғыш Президент атындағы Конференц залы

16:00 – 17:00

Барлық жаңалықтар

Контакты

Закиева Шынар Болатовна

Руководитель Отдела международного сотрудничества

Тел.: +7\7172\70 30 31

E-mail: sh.zakiyeva@kazguu.kz

Хасенова Унзейля Азаматовна

Заместитель руководителя Отдела международного сотрудничества

Тел.: +7\7172\70 30 31

E-mail: u_khassenova@kazguu.kz

Амантай Акбота

Менеджер по вопросам академической мобильности

Тел.: +7\7172\70 30 31

E-mail: a.amantay@kazguu.kz

Увалиева Айман

Менеджер по вопросам международного сотрудничества

Тел.: +7\7172\70 30 31

E-mail: a_uvalieva@kazguu.kz

Ырыскелдиева Назерке

Менеджер по вопросам международного сотрудничества

Тел.: +7\7172\70 30 31

E-mail: y_nazerke@kazguu.kz

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: