Университет кітапханасы 1998 жылы ашылған және студенттерді, ғылыми−педагогикалық қызметкерлерді, сондай−ақ, университеттің басқа да оқырмандарын ақпараттық−библиографиялық қызметпен қамтамасыз етеді.

Кітапхана өз қызметін «мемлекет пен құқық Институты» кітапханасының филиалы ретінде бастаған. Мұнда 20 мыңға жуық кітап есепке алынған. Дәл осы кезде КАЗГЮУ кітапханалық қоры құрыла бастады. Кітапхана сондай−ақ, жеке коллекциялармен және отандық атақты оқымысты қайраткерлердің сыйға тартқан сый тартуларымен толығып отырады.

Кітапхана қаладағы барлық кітапханалармен іскери байланысты ұстанады.

Бүгінгі таңда КАЗГЮУ кітапханасы қызметінің басым бағыттары болып:  

  • ЖОО бағдарына сәйкес қордың және оқушылардың ақпараттық талаптарын құру: ақпараттық дәстүрлерге сәйкес жаңа үлгілерін пайдалану;
  • «ИРБИС» кітапханаларды автоматтандыру жүйесін пайдалана отырып қорды ғылыми−техникалық өңдеу.
  • Кітапхананың анықтама−библиографиялық аппаратын ұйымдастыру және ендіру.
  • Оқырмандар категориясының ақпараттық сұраныстарына сәйкес кітапханалық және ақпараттық
  • библиографиялық толық және жедел қызмет көрсету, талаптарды барынша қанағаттандыру.
  • Кітапхананың техникалық жабдықталуы негізінде, кітапханада библиографиялық және ақпараттық процестер барысында компьютерлендіру, кітапханалық қызмет көрсету сапасын арттыру.
  • Жаңа ақпараттық технологияларды, электрондық ресурстарды, қашықтықтағы on-line тәртібінде базаларды енгізу және пайдалану.
  • Кітапты ұтымды пайдаланып, кітапханамен жұмыс машығын арттыру, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
  • Қордағы бар мәдени мұраны насихаттау және жариялау: оқырмандардың ақпараттық сұранысына сәйкес әдебиеттермен қамтамасыз ету.
  • Кітапхананың кафедралармен, ғылыми орталықтармен жұмысын басқару қызметі, басқа жүйедегі, ведомстволық органдар, Қазақстан Республикасының ғылыми техникалық ақпараттар кітапханаларымен өзара қарым−қатынастары.

Оқырмандарға 10 пункте қызмет көрсетіледі. Олар: катологтар залы, абонемент, оқырмандар залы, ғылыми әдебиеттер залы, шетел әдебиетінің залы, мерзімдік басылымдар залы, электронды ресурстар залы, нормативтік−құқықтық актілерді кодтандыру кабинеті, профессор М.С.Нәрікбаевтің кітапханасы, сирек кездесетін және құнды кітаптар қоры.

КАЗГЮУ кітапханасының меңгерушісі

Исаканова Светлана Шаймуратовна
E-mail: isakanova@gmail.com
Тел: 70-30-24 (вн. 1054)
Кабинет 130