Іс-шаралар

Барлық іс-шаралар

Жаңалықтар

2021 жылғы 2 қарашада М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне жуырда ғана тағайындалған Германияның Қазақстандағы Елшісі Моника Иверсен қонаққа келді.

Кездесуде Германия Елшісі университеттің білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытып, жоғары оқу орнының жұмысымен танысты. Жиын барысында ұлттық және халықаралық құқық саласындағы мамандарды даярлау мәселесі талқыланды. Сонымен қатар білім беру контексінде ағылшын және неміс құқығының дамуы мен әсер ету аспектілері туралы сөз қозғалды. Әңгімелесу барысында екі тарап Германия университеттерімен серіктестік пен бірлесіп жүзеге асыратын жобаларды талқылады.

Жоғары оқу орнының тарапынан кездесуге КАЗГЮУ Университеті Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, Провост Сергей Пен, Неміс құқығы мектебінің жетекшісі, профессор Роман Мельник, DAAD Неміс және еуропалық құқық оқытушысы Майкл Вилдинг қатысты.

Өз кезегінде КАЗГЮУ Төрағасы Талғат Нәрікбаев қонақтарға университетке қонақ болғаны үшін алғысын білдірді.

Тараптар қарым-қатынастарды дамытуды әрі қарай дамытуға және білім беру саласында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің баспасөз қызметі

1 қараша күні докторантураға түсу үшін екінші емтиханға құжаттарды қабылдау басталып, 2021 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады.

Биыл докторантураға түсу ережелеріне өзгерістер енгізілген болатын. Енді докторантураға қабылдау «1 оқуға түсуші – 1 компьютер – 1 камера» қағидаты бойынша өңірлік тестілеу орталықтарында электрондық форматта өтетін түсу емтиханының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Қабылдау емтиханы эссе жазу, докторантурада оқуға дайындық тестілеуі және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихандардан тұрады.

Екінші түсу емтиханына қатысуға тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

Қабылдау емтиханы 2021 жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін өтеді. Айта кетейік, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін өту балы 75 балды құрайды. Докторантураға оқуға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді.

Биыл 1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау басталады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желілердегі парақшаларында магистратура мен докторантураға түсу бойынша қабылданған шешім туралы хабарлаған болатын. Енді оқуға қабылдау жылына екі рет өткізіледі. Байқауға жазда грантқа түсе алмаған үміткерлер де, бұрын кешенді тестілеуден өтпегендер де қатыса алады.

«Мұндай маңызды шешімдерді қабылдау кезінде министрлік студенттердің мүдделерін әрқашан бірінші орынға қояды. Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік грантқа үміткерлер жылына екі рет, дәстүрлі түрде – жазда және қосымша қыста тестілеуден өте алатынын хабарлаған болатын. Енді талапкерлер 1 қарашадан бастап магистратураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарын тапсыра алады. Тестілеуді сәтті тапсырған жағдайда үміткерлер жаз айында оқуға қабылдау қорытындысы бойынша бөлінген гранттарды ұтып ала алады», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Ендігі кезекте емтиханға тіркелу, мамандықтар бөлінісінде гранттардың саны туралы айтып өтсек. Екінші кешенді тестілеуге қатысу үшін тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді. Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 1-15 қараша аралығында жүргізіледі. Кешенді тестілеу 2021 жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін өтеді.

Магистратураға грантқа үміткерлер дәстүрлі түрде шет тілі, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтау бойынша тест тапсырады. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар адамдар автоматты түрде шет тілі бойынша тестілеуден босатылады. Тест нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Нәтижелерімен келіспеген жағдайда қатысушылар емтихан аяқталған соң 30 минуттан кейін онлайн-апелляцияға өтініш бере алады.

АХҚО Құқық академиясы M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-не білім беру саласындағы стратегиялық әріптес мәртебесін бергенін қуанышпен хабарлаймыз!

КАЗГЮУ және АХҚО Құқық академиясы академиялық әріптестіктің және бірлескен бастамаларды табысты іске асырудың құнды тәжірибесін жинақтады. Сонымен қатар, КАЗГЮУ ағылшын құқығы саласында жеке курстарды, содан кейін толыққанды сертификаттау бағдарламасын (майнор) іске қосқан алғашқы Қазақстандық Университет болып табылады.

✔️ Тараптар КАЗГЮУ білім беру бағдарламаларына жалпы құқық және практикалық заңдық құзыреттерді дамыту саласында бірлескен курстарды әзірлеу және енгізу туралы, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер мен аналитика жүргізу туралы уағдаласты.

Біз Қазақстан мен ТМД елдерінің құқықтық жүйесін дамыту мақсатында ұзақ әрі жемісті ынтымақтастыққа қол жеткізетінімізге сенімдіміз.

Дэвид Галло, АХҚО Үздіксіз кәсіби даму бюросы Директорлар кеңесінің мүшесі: «КАЗГЮУ Университеті – құқық, бизнес және гуманитарлық ғылымдар саласындағы бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының толық спектрін қамтыған Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орны. АХҚО Құқық академиясы студенттерді бірнеше юрисдикция жағдайында кәсіби табысқа дайындау бойынша КАЗГЮУ миссиясын қолдай отырып, осы құнды қатынастарды нығайтуға қуанышты».

КАЗГЮУ Провосты Сергей Пен: «КАЗГЮУ – алдымен жеке курстарды, содан кейін ағылшын құқығы саласында толыққанды сертификаттау бағдарламасын (майнор) іске қосқан алғашқы Қазақстандық Университет. Бізде қазақстандық студенттер мен заңгер-практиктер үшін жалпы құқықты оқытуда үлкен тәжірибе, сондай-ақ АХҚО Құқық академиясымен бірлескен жобаларды іске асыруда жақсы бэкграунд бар. Күш-жігерді институционалдық негізде біріктіретін кез келді. Біз озық тәжірибені енгізу және ұлттық құқықтық жүйе мен заң білімін жақсарту мақсатында ынтымақтастығымыз бен бірлескен стратегиялық бастамаларымызға сенеміз».

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Республикалық студенттік шәкіртақылар байқауына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Жеке шәкіртақы алуға үміткерлер:

кемінде екі оқу курсын сәтті аяқтауы;
– академиялық үлгерімнің жоғары көрсеткіштеріне ие болуы (үздік үлгерім);
– қоғамдық және ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысуы;
– халықаралық, республикалық фестивальдар мен байқауларда жетістікке жетуі (оқу орындарының студенттері үшін «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша) керек.

Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын студенттер қатыса алады.

Байқау екі кезеңде өтеді:

● 1-тур оқу орнының базасында өткізіледі, оның барысында шәкіртақы тағайындау үшін үздік студенттерді іріктеу жүзеге асырылады;
● Қор 2-турды оқу орындары ұсынған және байқауға қатысуға жіберілген студенттер арасында өткізеді.

Шәкіртақы алуға ақысыз да, ақылы да негізде оқитын студенттер үміткер бола алады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысы бір оқу жылына белгіленеді және жазғы кезеңді қоспағанда, тек оқу кезеңі (екі семестр) үшін ай сайынғы негізде төленеді.

1-турға қатысу үшін 2021 жылдың 30 шілдесі мерзіміне дейін 238-кабинетке келесі құжаттарды:

1) Жоғары академиялық үлгерімін растайтын транскрипт;
2) үміткердің конференцияларға, пәндік олимпиадаларға және байқауларға қатысуы мен жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмесіне қоса:
– үміткер жариялаған (жеке-дара немесе бірлескен авторлықта) ғылыми жұмыстардың тізімін;
– ғылыми конференцияларда, симпозиумдарда өтетін орны мен уақыты көрсетілген тақырыптардың тізімін;
– үміткердің халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардағы, ғылыми және шығармашылық байқаулардағы жеңістерін растайтын құжаттарын;
3) жеке куәліктің көшірмесін тапсыруы қажет.

Барлық сұрақтар бойынша: 8 (7172) 70-30-30, ішкі нөмірі 1199, endowment@kazguu.kz Әнел Ерланқызы.

Экономика Жоғары Мектебі М.C.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті CFA Institute университет серіктестік бағдарламасына мүше болған университеттерінің бірі болды.

Серіктестік бағдарламасына мүше болу қаржы магистратура бағдарламасының академиялық пәндерінде CFA (CBOK) емтихан тақырыптарының кемінде 70 пайызын қамтитынын және CFA институтының этика және практика кодексіне баса назар аударатынын білдіреді. Бұл бағдарлама студенттерге әлемдегі құрметті және танылған инвестициялық сертификаты Chartered Financial Analyst® мәртебесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

CFA институтының серіктестік бағдарламасына мүше болу келешек студенттерге, жұмыс берушілерге және еңбек нарығында КАЗГЮУ Университетінің оқу жоспары кәсіби практикамен тығыз байланысты екендігін әрі студенттерді CFA емтиханына дайындауға өте ыңғайлы екендігін дәлелдейді. Осы бағдарламаға мүше болу арқасында КАЗГЮУ Университеті Экономика Жоғары Мектебі студенттері жыл сайын CFA бағдарламасы бойынша біршама стипендияға ие болуға құқылы.

Қаржы магистратура бағдарламасы – бұл сандық әдістерді терең зерттеу мен практикалық іскерлік мәселелерді шешудің үйлесуі. Бағдарлама талдамалық талаптарды және инновациялық қиындықтарды жеңе білуді қажет ететін қаржылық қызметтердің кең спектріне дайындалады.

Оқу бағдарламасы қазіргі практикамен ұштастыра құрылымды академиялық мазмұнды қамтамасыз етеді және осы саладағы қажетті мамандарды дайындайды.

Қаржы магистратура бағдарламасы CFA Institute университетінің серіктестік бағдарламасының мүшесі болған және GARP Қазақстандағы академиялық серіктес ретінде танылған жалғыз академиялық бағдарлама болып табылады.

Экономика жоғары мектебінің деканы, PhD Сауле Кемелбаева:

«Біздің қаржы ғылымдарының магистрі бағдарламасы CFA Institute® University Affiliation бағдарламасының бөлігі ретінде танылғанын мақтан тұтамыз. Осы уақытқа дейін біз CFA Institute University Affiliation Program (UAP) шеңберінде бакалавриат бағдарламасы бойынша үлестес университет ретінде танылған алғашқы әрі жалғыз университет болғанбыз, қазір біз Орталық Азияда магистратура мен бакалавриат дәрежелері үлестес танылған жалғыз университет болып табыламыз. Біздің университет қазірде CFA Institute® веб-сайтында әлемдегі ең үздік университеттер қатарына еніп, бағдарламаның халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етті. Қаржы нарықтары мен делдалдары – бұл Қазақстан мен аймақтағы қарқын дамушы және болашағы зор сала, сондықтан біздің қаржы бағдарламаларымыздың болашақ түлектері жергілікті еңбек нарығында сұранысқа және табысты мансапқа ие болады деп ойлаймыз. Әлемдегі ең беделді кәсіби сертификаттардың бірі оларды халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етеді, сонымен қатар олжалы студенттердің CFA емтиханын өту үшін стипендия алуына мүмкіндіктері бар».

CFA институты туралы

CFA институты – бұл кәсіби шеберлікті белгілейтін және CFA мәртебесін қолдайтын инвестиция саласындағы мамандардың әлемдік қауымдастығы. Ұйым инвестиция нарығында этикалық мінез-құлық қағидаттарын белсенді түрде қолдайды және әлемдік қаржы қоғамдастығынын білім көзі болып табылады. Оның түпкі мақсаты – инвесторлардың мүдделері жоғары болатын, нарықтар жақсы жұмыс істейтін және экономика өсетін орта құру. CFA институтының 166 елде 176 000-нан астам мүшесі бар, оның ішінде 164 000 CFA мәртебесін ұстаушылары. Қосымша ақпарат алу үшін www.cfainstitute.org сайтына кіріңіз.

CFA бағдарламасы туралы

CFA бағдарламасы бүкіл әлем бойынша қаржы талдаушылардың, портфолио менеджерлерінің, инвестиция кенесшілердің және басқа да инвестиция мамандарының дағдылары, қабілеттілігі мен адалдығын дамытуға арналған стандартты белгілейді. Бұл инвестиция кәсібіндегі ең қатаң аттестация бағдарламасы болып табылады. CFA оқу бағдарламасы мен емтихандары бүкіл әлемде ағылшын тілінде өткізіледі. Кем дегенде бес кандидаттың біреуі бағдарламаны сәтті аяқтап, инвестиция саласының мамандары үшін «алтын стандарт» болып табылатын CFA мәртебесіне ие болады.

Барлық жаңалықтар

БАҚ

Фотогалерея

ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ЖАЗЫЛУ

Іс-шаралар, форумдар, қонақтардың дәрістері, вебинарлар және көптеген басқа да қызықты шаралар

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: