GES Language Centre «КАЗГЮУ Университеті» АҚ жанындағы тіл орталығы болып табылады. Негізгі қызмет түріміз – жоғары білікті оқытушыларды тарта отырып, кәсіби тілдік даярлық. Біз өзінің ағылшын тілін білу деңгейін көтергісі келетіндерге ағылшын тілі курстарын ұсынамыз. Орталықта мынадай оқу бағдарламалары қарастырылған:

ddff

General English Course
– тілді жетік меңгеруге қажетті түйінді дағдылардың барлығын дамытуға бағытталған ағылшын тілін кезең-кезеңмен оқыту бағдарламасы. Небәрі 3 айда барлық оқушылар тілді меңгерудің жаңа деңгейіне шыға алады!

Intensive English Course бос уақыты жоқ адамдарға таптырмас шешім. Мамандарымыздың басшылығымен қарқын курста оқып, бар болғаны үш аптаның ішінде үздік нәтижеге қол жеткізе аласыз!

IELTS Essentials Course
ағылшын тілін енді оқып бастаған тыңдаушыларға IELTS емтиханының нысанымен танысуға, аталған халықаралық емтиханды тапсыру үшін қажетті білім мен дағдыларды меңгеру мен бекітуге мүмкіндік береді.

IELTS Advanced Course ағылшын тілін жетік меңгерген, бірақ IELTS нысанымен таныс емес адамдарға арналған. Бұл курс тыңдаушыларды емтиханды тапсыру стратегиясымен таныстырады және емтиханның 4 секциясының әрқайсысына дайындауға бағытталған.

Pre-TOEFL Course TOEFL халықаралық емтиханды тапсыруға дайындықтың бастапқы кезеңі болып табылады. Ол тыңдаушыларды TOEFL құрылымымен, нысанымен және барлық қыр-сырларымен таныстыруға бағытталған.

TOEFL Prep Course емтиханнан өту кезінде қажетті дағдыларды жетілдіріп, емтиханды тапсыруға толық дайындықты ұсынады.

Талапкерлерге:

KAZGUU English Placement Test тапсыру КАЗГЮУ Университетіне оқуға түсу үшін міндетті шарт болып табылады. Тест ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындайды және оқуға қабылдану кезінде студенттерді топтарға бөлу үшін қолданылады. Сынау тест тапсырмаларын мына сілтеме бойынша жүктей аласыздар.

GES Language Centre осы тест тапсырмаларына дайындалу және оны өткізу бойынша қызметтерді ұсынады.

Курс Ұзақтығы Аптасы-на сағат саны Топтағы тыңдаушылардың саны Бағасы
General English Сourse 3 ай (72 сағат) 6 сағат 10 адамнан артық емес 50 000 тг.
Intensive English Сourse 3 апта (75 сағат) 25 сағат 10 адамнан артық емес 50 000 тг.
KAZGUU English Placement Test 4 сағат 10 адамнан артық емес/жеке-дара 5 000 тг.

KAZGUU English Placement Test дайындалу және тапсыру үшін барлық сұрақтар бойынша мынадай телефондар:

GES Language Center байланыс деректері
Каргашев Расул Каргашевич
GES Language Center үйлестірушісі
Тел. +7 7172 70-30-48
Моб. +7 702 530 71 11
427-кабинет
e-mail.: r_kargashev@kazguu.kz