M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti (бұдан әрі – КАЗГЮУ) білім алушыларының, қызметкерлері мен келушілерінің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясаты (бұдан әрі – Саясат) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қоса алғанда, КАЗГЮУ білім алушыларына, қызметкерлері мен келушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды және олардың КАЗГЮУ-да оқуы, жұмысы және болуы кезінде Қазақстан Республикасында медициналық қызмет көрсетуге олардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған саясат M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің медициналық пунктінің (бұдан әрі – Медициналық пункт) қызметін реттейді. Медициналық пункт Студенттік істер департаментінің бөлімшесі болып табылады. КАЗГЮУ-дің «Медикер» жекеше медициналық орталығымен (Қазақстанның ең ірі жекеше медициналық орталықтарының бірі, бұдан әрі – «Медикер») жасасқан меморандумы мен шартына сәйкес «Медикер» 16.08.2017 жылғы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес университеттің ғимаратындағы медициналық пункттің жұмысын қамтамасыз етеді.

Медициналық пункт КАЗГЮУ студенттеріне, қызметкерлері мен келушілеріне амблаториялық медициналық көмекті ұсынады. Медициналық пункт Қорғалжын тас жолы, 8 мекенжайында Университеттің оқу корпусының бірінші қабатында, № 136-кабинетте орналасқан.

Медициналық пункттегі медициналық қызмет көрсету фельдшердің тексеріп-қарауды, медбикенің қызметтерін, инъекциялар мен алғашқы медициналық жәрдемді көздейді, медициналық пункт барлық қызметтерді тегін көрсетеді.

КАЗГЮУ студенттері, қызметкерлері мен келушілері медициналық пунктке кез келген жағдайда шектеусіз мәрте бара алады.

Шұғыл жағдайларда немесе өмірге қауіп төнген жағдайларда, медициналық көмек алу үшін медициналық пунктке (егер көмекке мұқтаж тұлға КАЗГЮУ аумағында болса) немесе 103 телефоны бойынша жолығуға болады.

Байланыс деректері:
Фельдшер Кикимова Салия +7 777 796 4184, s_kikimova@kazguu.kz
Медбике Дүйсенбай Ұрзада +7 747 918 8809, u_duisenbay@kazguu.kz

Диагнозды анықтау үшін тіркелген жері бойынша емдеуші дәрігерге баруыңыз қажет.
«Медикер» орталығында тіркелген студенттер мен қызметкерлер Қорғалжын тас жолы, 4 мекенжайы бойынша орналасқан «Медикер» медициналық орталығының дәрігеріне баруға тиіс (тел.+7 707 978 9923).

1.1. Құпиялылық
Медициналық пунктке барған кезде ұсынылған ақпарат құпиялы болып табылады және нормативтік құжаттарда реттеледі.

1.2 Құқықтарыңыз және міндеттеріңіз
Медициналық орталықтың емделушісі бола отырып, құқықтарыңыз мыналарды қамтиды:
– ізгі күтім
– нақты ақпаратты алу
– медициналық күтіміңізге қатысты шешімдерді қабылдауға қатысу.

Міндеттеріңізге мыналар кіреді:
– медициналық көмекті алу қажеттілігі жөнінде шынайы және айқын ақпаратты ұсыну
– дәрігер айқындаған емдеу жоспарын ұстану
– медициналық пункт қызметкерлерінің нені айтып жатқанын түсінбеген жағдайда, түсіндірмелерді сұрау
– медициналық персоналмен және басқа келушілермен сыпайы сөйлесу

Медициналық пунктке кім жолыға алады?
Егер студент, қызметкер немесе келуші ауырып қалған болса немесе жарақаттанып қалса, ол медициналық пунктке жолыға алады немесе 103 телефон нөміріне хабарласа алады. Медициналық пункттің штатында бір фельдшер және бір медбике бар.

Медициналық пункттің жұмыс сағаттары

Жұмыс істейтін күндері Дүйсенбі — Жұма Сенбі
Медициналық орталықтың жұмыс кестесі 08:30-20:30 09:00- 13:00
Фельдшер 11:00-20:30 09:00-13:00
Медбике 08:30-17:00 09:00-13:00

Шұғыл көмек
Медициналық пункт қарқынды терапияны ұсынбайды. Емделу үшін Нұр-Сұлтан қаласының клиникаларына жолығу қажет.

Жұмыс емес уақытта медициналық қызмет көрсету
Студенттер Медициналық пунктке медбикеге көмек алу үшін сағат 20.30-ға дейін жолығуы мүмкін (сенбі күні 13.00-ге дейін). Кешкі уақытта немесе демалыс күндері медициналық қызмет көрсетуді алу үшін өзіңіздің сақтандыру компанияңызға немесе емдеуші дәрігеріңізге жолығуыңызды сұраймыз.

Университетке оқуға түсу үшін қажетті медициналық құжаттар

Талапкерлер Қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде Медициналық пунктке мынадай құжаттарды тапсыруға тиіс:
– денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (086/у нысаны)
– тексеру нәтижелері және медициналық қорытынды
– егілу картасының көшірмесі – 063/у нысаны (егілу картасынан жасалған вакциналар жазбаларының көшірмелері)
– көкірек қуысының флюорографиялық тексеру нәтижелері, міндетті түрде рентгенолог-дәрігердің аты-жөні, жеке мөрі, мөртабаны жазылған және дәрігердің қорытындысымен рентгенге түсірілген кескіннің түпнұсқасы болу керек.
– басқа қаладан келген студенттердің флюорографиялық кескіндері кез келген медициналық мекеменің рентген-кабинетінде расталуға тиіс.

Шетелдік студенттер де медициналық пунктке құжаттарын ұсынуға тиіс, алайда өз елінде жасалған медициналық құжаттар Нұр-Сұлтан қаласында жарамсыз болуы мүмкін, сондықтан өзімен бірге егілу картасының көшірмесі болуға тиіс, ал 086/у нысанындағы анықтаманы және флюорографиялық тексеруден шетелдік студент немесе қызметкер Нұр-Сұлтан қаласында өтуі мүмкін.

Қазақстанға келгеннен кейін медициналық көмектің барлық түрлерін қамтитын ерікті медициналық сақтандыру пакетін алуды ұсынамыз. Өз елінде жасалған медициналық полис емдеу мен госпитализациялауды өтемеуі мүмкін. Тіпті, компания белгілі бір жағдайдың сақтандыру жағдайы екенімен келіскеннің өзінде, шетелдік студент немесе қызметкер ақшасын өзі төлеу керек, себебі оның өтелуін өз еліне барған соң ғана ала алады.

Шетелдік студент немесе қызметкер медициналық мекемеге жолыққан жағдайда, бұл жөнінде міндетті түрде медициналық пункттің қызметкеріне ескерту керек.

Жыл сайынғы флюорографиялық тексеру
Туберкулездің алдын алу және оны емдеу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы басымдық бағыттарының бірі болып табылады және мемлекеттің заңнамалық актілерінде және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің актілерінде қолдау көрсетіледі. Жыл сайынғы профилактикалық флюорографиялық тексеру барлық ел тұрғындары үшін міндетті болып табылады, оны өтуден жалтару әкімшілік жазаға алып келеді.

Ерте сатысындағы туберкулез жақсы емделеді. Сол себепті флюорографиялық тексеруден уақытында өту керек. Мемлекеттік талаптарға сәйкес барлық студенттер мен қызметкерлер жыл сайын флюорографиялық тексеруден өтуге және рентгенге түсірілген кескіннің түпнұсқасын медициналық пунктке ұсынуға тиіс. Тексеру нәтижелерін уақытында тапсырмаған студенттер мен қызметкерлерге «Platonus» жүйесіне кіру мүмкіндігі бұғатталады.

Студенттер үшін ауырғаны туралы анықтамалар
1. Медициналық орталықтың медперсоналы студенттерге анықтамаларды бере алмайды. Бұл анықтамаларды студент тіркелген учаскенің емдеуші дәрігері ғана беруі мүмкін.
2. Медициналық орталықтың медперсоналы студенттерді емтихандардан немесе жобалардан босата алмайды. Бұл жөнінде түпкі шешімді профессор, факультет немесе тиісті комитет қабылдайды.
3. Медициналық анықтаманы өтіп кеткен күнмен жазып беруге жол берілмейді (яғни, егер студент ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген болса және сабақтарға қатыспаған болса).
4. Қызметкерлердің еңбекке жарамсыздық парақтары кадрлар бөліміне ғана ұсынылады.