«M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti» АҚ ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫ

AAA_3774 — копия

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 наурыздағы № 412 «Қазақ мемлекеттік заң университетінде әскери кафедраны құру туралы» қаулысымен ашылды.

Әскери кафедраның бірінші бастығы болып полковник Зенков Сергей Александрович, оқу бөлімінің бастығы – әскери кафедра бастығының орынбасары болып запастағы полковник Абильгазин Карим Абильгазинович тағайындалған. Кафедраның басшылығымен қысқа уақытта нормативтік құжаттар әзірленген, оқу-материалдық база құрылған, мына құрамдағы тәжірибелі офицерлер-оқытушылар ұжымы қалыптасқан: полковник Сапожников А., подполковник Муздыбаев Р., майорлар: Брыдня С.,               Сергеев А., Фидченко В., Керимбаев С., капитандар: Иванов В., Мустафин Р., аға лейтенант Абдалиев Н. Сонымен қатар КАЗГЮУ ректорының бұйрығымен оқытушылар лауазымдарына келесі запастағы офицерлер тағайындалған: полковниктер: Гавриленко Б., Шушбаев М., Халыков С., подполковниктер: Артеменко А., Каланаков А., Никулин В., Шенфельд А. және т.б.

Оқу процесі 1997 жылы 4 қазанда университеттің студенттерін салтанатты сапқа тұрғызудан басталды, оған университеттің ректоры профессор Н.А. Шайкенов, проректорлар, факультет декандары және әскери кафедраның қызметкерлері қатысты.

Әскери кафедраның бастапқы мақсаты мотоатқыштар бөлімшелеріне запастағы офицерлерді даярлау болды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің реформаларының тереңдеулеріне, тәрбие және заң кеңесшісі жұмыстары офицерлерінің қажеттілігіне байланысты, 1999 жылдан бастап әскери даярлық запастағы офицерлерді «Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар» және «Заң кеңесшісі жұмыстары» есепке алу мамандықтары бойынша оқытуға профилин өзгертті.

Әскери кафедра студенттерінің бірінші түлектерін шығару және оларды Әскери антқа келтіру 1999 жылы тамызда өткізілді. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен алғашқы 347 түлекке «запастағы лейтенант» әскери атағы берілді.

Өткен жылдар аралығында әскери кафедрада Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін барлығы тоғыз мыңнан аса офицер және үш мыңнан аса запастағы сержант даярланды. Әскери кафедра түлектерінің көптеген бөлігі өздерінің өмірін Қазақстанның әртүрлі қуатты құрылымдарында офицерлік лауазымдарда әскери қызметпен байланыстырды.

Әскери кафедраның мақтанышы – Жұмаділов Азамат Тілеуханұлы, КАЗГЮУ әскери кафедрасында әскери даярлықтың толық курсын 2005 жылы аяқтаған. 2007 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 55078 әскери бөлімінің аға лейтенанты Жұмаділов Азамат Тілеуханұлына мемлекет алдындағы еңбегі, әскери парызын үлгілі орындағаны, ерлігі және жанқиярлығы үшін ең жоғары дәрежелі айырым – «Халық қаһарманы» атағы берілді және ерекше айырым белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табысталды.

КАЗГЮУ әскери кафедрасының алғашқы ашылған күнінен бастап әскери-ғылыми жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамымен отыздан аса оқулықтар, оқу құралдары және студенттерді әскери даярлау бойынша анықтамалар әзірленді. Оның ішінде майор А.Кемелхановтың авторлығымен «Әскери құқық», «Әскери қызметке қарсы қылмыстар» және «Әскери құқық» оқу құралы. Полковниктер: М.Жаксыгелдинов, М.Шушбаев, Б.Гавриленко және подполковник А.Сергеев тактикалық және жалпыәскери даярлық бойынша бірқатар оқу құралдарын әзірледі. Полковниктер: В.Колесников, А.Ибраев, А.Белозеров, Г.Алдамжаров Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік құралдар әзірледі.

Әскери кафедраның дамуына медицина ғылымының кандидаты, отставкадағы полковник Окапов Найман Кабыкенович елеулі үлес қосты.

2013 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен «КАЗГЮУ Университеті» АҚ әскери кафедрасының бастығы болып запастағы полковник Ибраев Амангельды Аманзакович тағайындалды, 1979 жылы Новосибирь жоғары әскери-саяси жалпыәскери училищесін, 1992 жылы Әскери-саяси академиясын бітірген.  Әскери қызметтің 35 жылында карьерлік өсудің барлық деңгейлерінен өткен, рота командирінің орынбасарынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар департаментінің бастығына дейін. II дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және тағы басқа мемлекеттік наградалармен наградталған.

Бүгінде әскери кафедрада үлкен практикалық әскери және педагогикалық тәжірибесі бар офицерлер-оқытушылар еңбек етеді, олар көптеген мемлекеттік наградалармен наградталған. Олардың ішінде: жауынгерлік ұрыстарға қатысқан отставкадағы полковник Даңғұлов Қазкей Ысқақұлы, 1986-1987 жж. Чернобыльдағы АЭС-дағы апат салдарын жоюға қатысушы запастағы полковник Тимошенков Виктор Аркадьевич, олардың жауынгерлік наградалары бар. Олармен қатар запастағы 1-дәрежелі капитан Байназаров Қайрат Нарынбаевич, запастағы полковниктер: Нұрмолдин Жомарт Құрманаевич, Жартынов Төлеухан Айтказинович, запастағы майор Тапалов Бейбіт Асанович, полковник Қойкенов Қабиден Қайдарович, запастағы майор Белгібеков Ринат Жұмабекович, запастағы старшина Аубакиров Қайрат Маданьятович өздерінің кәсіби тәжірибесін студенттерге беруде.

Оқу процесін мамандар: Мейрамова Салтанат Қуанышбековна, Қожахметова Индира Абрасуловна, Ақпекова Алтыншаш Маратовна, Егінбаева Айман Мэльсовна, запастағы подполковник Мұханова Сәуле Сайполлақызы, запастағы аға лейтенант Мұғалова Әлия Қуандыққызы қамтамасыз етеді.

Бүгінде оқу процесінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, қарулы күрестің осы заманғы құралдары және осы заманғы қарулы қақтығыстар мен соғыстарда өткізіліп жатқан өзгерістерді ескере отырып, кафедраның оқытушылары әзірлеген оқу құралдары, электрондық тұсаукесерлер және оқулықтар белсенді қолданылады.

Әскери кафедра шын мәнінде университеттің жастарын әскери-патриоттық тәрбиелеудің орталығына айналды.

Әскери кафедраның студенттері жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Айбын», еліміздің жоғары оқу орындарының әскери кафедралары студенттерінің арасындағы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары –   Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының жүлдесі үшін байқау-конкурсына қатысады.

Әскери кафедра студенттерінің белсенді қатысуымен Ұлы Отан соғысының, Қарулы Күштердің ардагерлерімен, жауынгерлік ұрыстарға қатысушылармен және бүгінгі күннің батырларымен көптеген іс-шаралар өткізіледі.

Дәстүрге айналған «Қайсарлы жігіттер» әскери-спорттық  ойындары және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Әнім саған, Қазақстан!» әскери-патриоттық әндер фестивалі кеңінен танымал болды.

2013 жылғы қарашада «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Ректоры Нәрікбаев Талғат және «Жас Ұлан» республикалық мектебінің бастғы полковник Ботин Марат жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

2015 жылғы тамызда «КАЗГЮУ Университеті» АҚ әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы академиясы және «Қазақ технология және бизнес университеті» студенттерін даярлау туралы Меморандумға қол қойылды.

2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап әскери кафедрада алғаш рет «Идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру» және «Заң кеңесшісі жұмыстары» мамандықтары бойынша қыздар оқытылады.

Қалыптасқан әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесі студенттерді Отанды қорғауға даярлауға шын мәнінде оң ықпал етеді.

КАЗГЮУ Университеті құрылған күнінен бастап әскери кафедра Университеттің тарихына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихына лайықты жаңа парақтарды, жаңа аттарды, жаңа жетістіктерді жазады.

«M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti» АҚ сайтына ақпарат

ХАБАРЛАНДЫРУ
БІЗ ТУРАЛЫ:
Әскери кафедраның бастығы
Әскери кафедра бастығының орынбасары – оқу бөлімінің бастығы
Оқу процесін ұйымдастыру:
Әскери кафедраның құрылымы:
Әскери кафедраның алдында тұрған мақсаттар:
M.S.Narikbaev atyndagy KAZGUU universiteti әскери кафедрасына окуға түсетіндерге арналған кұжаттар тізімі
Байланыс телефондары: