image1162131979 жылы 14 шілде, Алматы қ. дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді (КАЗГЮУ Университеті).

1998 бен 1999 жылдары аралығында ҚР ІІМ жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздік қорының кеңесшісі лауазымында жұмыс атқарды.

2000 жылы «Қазтрансгаз» ЖАҚ менеджері лауазымына шақырылды, одан кейін еңбек жолы «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ жалғасты, онда 2000 жылдан бастап 2002 жылға дейін маман, содан кейін Материалдық-техникалық жабдықтау департаменті маркетинг бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2002 жылдан бастап 2003 жылға дейін «КазТрансГаз» ЖАҚ ЖЭС басқармасының бастығы.

Содан соң еңбек жолын «ҚазмұнайГаз» «Сауда үйі» ЖШС-те экспорт жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары лауазымында жалғастырды.

2003 ж. қазаннан 2004 ж. қыркүйекке дейін «КазТрансГаз» АҚ маркетинг жөніндегі бас директордың орынбасары болды.

2005 жылы «Sat & Company» ЖШС-ке директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына ауысты және сол лауазымда 2006 жылға дейін қалды.

2007 жылғы қыркүйекте «Sat & Company» ЖШС басқарма төрағасы лауазымына келді.

Үйленген. Ұл бала тәрбилеп отыр.