КАЗГЮУ-да студенттердің

оқуы және уақытты белсенді өткізу үшін барлық жағдай жасалған

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ салауатты тұрмыс салтын насихаттау мақсатында университетте барлық қатысам деушілерге волейбол, баскетбол, үстел теннисі, минифутбол бойынша арнайы ашылған спорт секциялары жұмыс істейді. Университеттің барлық спортшылары «KAZGUU EAGLES» клубына кіреді.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, СОНДАЙ-АҚ САЛАУАТТЫ ТҰРМЫС САЛТЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА ТЕГІН НЕГІЗДЕ МЫНАДАЙ СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ:

Волейбол

Баскетбол

Үстел теннисі

Минифутбол

КАМПУСТАҒЫ ӨМІР:

ҮЛКЕН ОЙЫН ЗАЛЫ


ГИМНАСТИКАЛЫҚ ЗАЛ


ФИТНЕС ЗАЛ


ТРЕНАЖЕРЛЫҚ ЗАЛ

КАЗГЮУ университетінің студенті джамбулат ибрагимов кекушинкай-карате бойынша чемпионат жеңімпазы атанды

Құқық жоғары мектебінің 2-курс студенті Джамбулат Ибрагимов 2016 жылдың 10-12 қараша аралығында Румынияның Брасов қаласында өткен Кекушинкай-карате бойынша әлем чемпионатында жеңіске қол жеткізді. Джамбулат 70 кг дейінгі салмақта І орынға ие болып, чемпион атанды.

КАЗГЮУ-дың СТУДЕНТ ҚЫЗЫ КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН НАМЫСЫН ҚОРҒАДЫ

КАЗГЮУ спорт клубының тәрбиеленушісі әрі белсенді қатысушысы Лесқали Азия шинкиокушинкай каратэ бойынша Азия чемпионатында III орынға ие болды. Оның жетекшісі – А.У. Алдонгаров және жаттықтырушысы – спорт шебері, С.Ж. Садвокасова. Бұл жарысқа 15-тен астам елдің спортшылары қатысты және Қазақстан өкілдері 1 жалпы командалық орынды алды. Шинкиокушинкай каратэ бойынша Азияның 16-чемпионаты Пусан қаласында (Оңтүстік Корея) өткен.

ДЖИУ-ДЖИТСУ БОЙЫНША КАЗГЮУ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

2016 жылдың 27-28 ақпаны аралығында «ЕУРАЗИЯ» спорт кешенінде Джиу-Джитсу бойынша Астана қаласының ашық турнирі өтті, бұл додаға қатысқан КАЗГЮУ құрама командасы жеңімпаз атанды.Теңізбай Нұрбек – ЮК-202 тобының студенті 1 орын алып, турнир чемпионы; Төлеуберген Темірлан – М-107 тобының студенті 2 орын алып, турнирдің күміс чемпионы; Барманбеков Арман – М-102 тобының студенті 2 орын алып, өз салмағында күміс чемпионы атанды және абсолютті салмақ категориясында 3 орын алды.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: