_MG_3142Спор залында көлемі 748,5 ш.м. үлкен ойын залы, көлемі 89,5 ш.м. гимнастикалық залы, көлемі 71,5 ш.м. шағын тенис залы және тренажер залы жұмыс істейді.

Дене тәрбиесі және спорт дамуының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен және салауатты өмір салтын насихаттау үшін волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шағын футбол бойынша секциялық сабақтар жүргізіледі, барлық спортшылар «KAZGUU EAGLES» клубына кіреді.

Жоғарыда аталып кеткен секциялық сабақтар тегін жүргізіледі және барлық келушілерді қабылдайды.

2015-2016 оқу жылының бірінші жартыжылдығы бойынша КАЗГЮУ спорт өмірі бойынша қысқаша мәлімет

12.09.15 ж. – КАЗГЮУ-дың «KAZGUU EAGLES» құрама командасы «Назарбаев Университетінде» футбол лигасының ашылуына қатысты.

17.10.15 ж. 27.10.15 ж. – «Назарбаев Университетінде» баскетбол бойынша Ұлттық студенттік лигасының ашылуы мен ойыны (ойын бекітілген кесте бойынша жүргізілді).

25.10.15 ж. «Назарбаев Университетінің» спорт залында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетімен ойын өткізілді.

2015 жылы 5 қарашада КАЗГЮУ Университетінің қысқы бағында қалалық шахмат сайысына қатысушыларды іріктеу мақсатымен университет чемпионаты өтті. Бұл турнирге КАЗГЮУ жоғары мектептерінің барлық курстардың студенттері қатысты. Интеллектуалдық жарыс нәтижесінде келесі чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды:

  • 1 орын – Қазбеков Альжан (Ю-305),
  • 2 орын – Молдабаев Аржан (Ю-304),
  • 3 орын – Ержанов Нұралы (М-112).

Жүлдегерлер марапаттау қағаздары мен медальдармен марапатталды. Турнирдің бас сотшысы: Алтай Алиби.

19.11.15 ж. – 21.11.15 ж. КАЗГЮУ-дың спор залында жігіттер арасында волейбол бойынша Астана қ. Универсиадасы өтті.

ИБРАГИМОВ ДЖАМБУЛАТ – М114 тобының студенті 2015 жылы 21 қарашада Ресейдің Барнаул қаласында өткен «Еуразия Кубогы» атты Халықаралық турнирде Киокушин Каратэ бойынша жүлдегер болып, 16-17 жасы бар салмақ категориясы 65 келі Юниорлар арасында 1 орынды иеленді.

2015 ж. 26 қарашада қалалық спартакиада ретінде қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауына қатысты Астана қ. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың спорт залында студенттер арасында «Қазақша Күрес» бойынша Студенттік Универсиада өтті. Кілемде Л.Н. Гумилер атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Медициналық Академия, Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті, Т. Рыскулов атындағы Қазақ Экономикалық университет, С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті, «Туран» Университеті, Қазақ Технология және Бизнес Университеті, Еуразия Гуманитарлық Институты, Қазақ Ұлттық Өнер Университеті жоғары оқу орындарының балуандары қатысты. КАЗГЮУ Құрамасы бір құрам болып қатысты. Нәтижесінде бізде турнирдің 2 алтыны және 1 күмісі бар.

Чемпион атағына 75 астам балуандар күресті. Әр команда тренер және алты палуаннан құрылды, олардың салмақтары 55 келі, 60 келі, 70 келі, 80 келі, 90, +90 келілерге дейін жетті. КАЗГЮУ-дың Құрама командасы толық құрам бойып қатысты.

Турнирде КАЗГЮУ командасы финалда үш салмақтық санатта жеңіп шықты. Жарыс белсенді өтіп, зайыр көсемдер қатарында С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және КАЗГЮУ споршылары болды, олар 2 алтын, 1 күмісті салмақтық санаттарында жеңіп алды.

Турнир чемпионы атағын біздің студенттер иеленді. Олар: СК-201 тобының студенті Каиржанов Жасулан (55келі) жеңіл салмақты санатта, СК-

201 тобының студенті Убанов Алмас (70 келі) алтынға иеленді және Ю-205 тобының студенті Улукбеков Касымхан (+90 келі) күміске иеленді.

Жалпы команда сынағында 2 орынға иеленді. 1 орын – С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, 2 орын – КАЗГЮУ, 3 орын – Т. Рыскулов атындағы ҚазЭУ.

2015 ж. 25 қарашада КАЗГЮУ-дың спорт залында үстел теннисі бойынша жоғары мектептердің барлық студенттер (жігіттер, қыздар) арасында Астана қаласында Студенттер Универсиадасы-2015 сайысына қатысу үшін іріктеу турнирі өтті.

Нәтижесінде турнир жеңімпаздары анықталып, 2015-2016 оқу жылына КАЗГЮУ-дың құрама командасы құрылды.

Жігіттер арасында мына студенттер жеңімпаз болып атанды:

  • I орын-Капаров Руслан-Ю-205
  • II орын-Елемесов Жан-МП-403
  • III орын-Абдикаликов Абзал-ФС-201

Қыздар арасында мына студенттер жеңімпаз болып атанды:

  • I орын-Такеева Айнагуль-СК-403
  • II орын-Адамбекова Айжан-УиА-202

2015 жылы 19 қараша мен 21 қараша аралығында Астана қаласының Универсиадасы шегінде ерлер командалары арасында волейбол бойынша КАЗГЮУ спор залында қалалық турнир өтті.

Турнирдің салтанатты ашылуында командалар алдында Астана қ. Әкімшілігі қасындағы «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша дирекцияның» директоры Хамзин А.М., «КАЗГЮУ Университетінің» Тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Пирзадаев А.Н. сөз сөйледі.

Жарыстарға жоғары оқу орындарының құрама командалары қатысты: АҚ «КАЗГЮУ Университеті», Назарбаев университеті, Қазақ Ұлттық Өнер Университеті, Медициналық Академия, Қазақ Технология және Бизнес Университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, «Тұран» Университеті, Қазақ Экономикалық Университеті, Еуразиялық Гуманитарлық Институты.

Ойын басында қатысушылардың салтанатты шеруі өтті, университеттердің құрама командаларына 2014 жылғы кубоктары мен дипломдары берілді. Біздің Университетіміздің құрама командасына 2014 жылы Универсиадаға белсенді қатысқандары үшін алғыс хат берілді.

Ойынды АҚ «КАЗГЮУ Университеті» мен Қазақ Технология және Бизнес Университеті бастады. 1:2 санағымен ҚазТБУ жеңімпаз болып атанды. Спартакиадада мынадай чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды:

  • 1 орын- Л.Н. Гумилер атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
  • 2 орын- Медициналық Академия
  • 3 орын- С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті
  • 4 орын- Қазақ Экономикалық Университеті
  • 5 орын- АҚ «КАЗГЮУ Университеті»

Чемпиондар мен жүлдегерлер турнирдің кубоктары мен дипломдарымен марапатталды.