Мен Психологиялық қолдау қызметіне қандай проблемалармен жолыға аламын?

  • тұлғааралық қарым-қатынастар;
  • жанжалдар;
  • депрессия;
  • академиялық күйзеліс;
  • өзіне деген сенімсіздік;
  • қорқыныш, фобия, үрей;
  • өздік ұйымдасу мәселелері;
  • ұйқы және тамақтану проблемалары

Деректердің құпиялылығы сақталады ма?
– ия, деректердің жасырын болуы және құпиялылығы қамтамасыз етіледі

Консультацияға қалай жазылуға болады?
https://forms.gle/zT7nMTFPVAEa3bnn7 сілтемесі бойынша өтіп жазыласыз

Егер Психологиялық қолдау қызметі жабық болса немесе шұғыл жағдай туындаса, қайда жолығуға болады?
– кез келген мәселелер бойынша шұғыл дағдарыстық ахуал 150
– Дағдарыстық орталығы, Буланты көшесі 87172497889

Менталдық денсаулық дегеніміз не?
– Психикалық денсаулық “өмірден ләззат алуға және жан азабын кешпеуге, өмірден түңілмеуге және мұңаймауға мүмкіндік беретін эмоциялық және рухани орнықтылық. Бұл аман-саулықтың жағымды сезімі және өзінің әрі басқа біреудің ар-намысына деген сенім” деп айқындалады (HEA, 1998).

Мен өз-өзіме зиян келтіру туралы ойланып жүрмін – не істесем болады?
– Ең алдымен, сізге көмек керек – сенім телефоны бойынша, маманға немесе ересек адамға жолықсаңыз болады. Өзінің жай-күйі туралы айтып, өзіңе көмектесуге мүмкіндік беру керек.

Жақсы психикалық денсаулық үшін практикалық ақыл-кеңестер:

  • Қозғалысқа толы белсенді өмір
  • Дұрыс тамақтану
  • Өзқадіріңді білу және басқаларды бағалау
  • Өз сезімдері туралы айту
  • Достармен және сүйікті жандармен үнемі байланыста болу
  • Басқаларға қамқор болу
  • Жаңа дағдыларды меңгеру
  • Жасампаз болу
  • Yзіліс жасау
  • Көмек сұрау