KAZGUU Universiteti аналитикалық ойлауды, жасампаздықты, проблемалардың іс жүзінде шешілуін және KAZGUU қауымдастығын еліне қызмет етуге ынталандыратын орасан зор, тың идеяларды бағалайды.

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ

Талапкер үшін маңызды ақпарат

Оқуға түсу, қабылдау ережелері, құжаттар тізімі, құн тізілімі және маңызды даталар туралы толық ақпарат. Міндетті түрде қараңыздар!

БАКАЛАВРИАТ

Біз студенттерге сапалы білімді және өзінің ой-өрісі мен зияткерлігін жан-жақты дамытуға, кез келген жұмыста табысты болуға көмектесе алатын жасампаз әрі тартымды ортаны ұсынамыз.

Магистратура

KAZGUU Universiteti-нің магистрі болғандықтан, сіз еліміздің ең озық зерттеу университетінің ғалымдар қауымдастығының бөлігіне айналасыз. Ең танымал оқытушылармен тығыз жұмыс жасайсыз және біз заңтану, халықаралық құқық және қаржы саласындағы білімнің шекарасын үнемі кеңейтеміз.

MBA | DBA

Қазақстандағы және халықаралық деңгейдегі компанияларда өзгерістерді тиімді және ұтымды басқара алатын көшбасшылар мен топ-менеджерлер үшін қолжетімді әрі сапалы білім. Біз заманауи басқару және көшбасшылық технологияларын жетік меңгерген кәсіпқой басқарушыларды дайындауға көмектесеміз. Өз кәсібилігіңізді жетілдіріп қана биік шыңдарды бағындыра аласыз.

PhD

KAZGUU РhD докторантурасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесі және ғылыми-зерттеушілік сектор үшін ғылымның салалары бойынша іргелі білімдік, методологиялық және зерттеушілік даярлық пен пәндердің терең оқуын болжайды. Арнайы сіздер үшін шетелдік тағылымдамалар, әйгілі шетелдік профессор ғалымдардың оқу сабақтары мен консультациялары қарастырылған.

Тіл курстары және халықаралық емтихандар

KAZGUU барлық азаматтар үшін тілдік кедергілерді жояды. Біз студенттерге, корпоративтік клиенттер мен шетелдік азаматтарға арналған тіл курстарын әзірледік. Курстарымыздан өтіп бүкіл Қазақстан мен әлем бойынша талап етілетін халықаралық сертификатқа ие боласыздар.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: